
- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Тәжірибе базасымен танысу
- •2. Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыруын зерттеу
- •Капиталды есепке алу
- •Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті
- •Қорларды есепке алу және аудиті
- •Негізгі құралдарды есепке алу және талдау
- •Материалдық емес активтерді есепке алу
- •Міндеттемелерді есепке алу және талдау
- •Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу және талдау
Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу және талдау
Еңбек және еңбекақы деректері (факты,данные) өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. Еңбек және еңбекақы төлем жүйесі ҚР –сында Еңбек кодексімен (№ 251 2007ж.15.05.), ҚР-сының Конститутциясымен және басқада заңнамалы актілер немесе құжаттармен реттеледі. ҚР-сының Еңбек кодексі азаматтардың ҚР-сындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді, екі бөлімнен (жалпы және ерекше), 341 баптан құрылған.
Еңбек кодексінің қалыптасуы принциптерге негізделген:
- Бостандық еңбек.
- Жасы жетпеген балалар еңбегіне, зорлық немесе мәжбүрлі еңбекке және еңбекке қатысты кесітушілікке - тыйым салу.
- Еңбек қауыпсіздігіне талаптарға сай жағдайды туғызуды қамтамасыз ету.
- Істеген жұмысқа төленетін ақыны ең төмен мөлшерден кемітпеу.
Аталған кодекстің 24-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатысы сәйкес бекітілген келісімшартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес (самостоятельный) болғанмен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Еңбекақыны жұмысберуші өзі белгілегенбен Еңбек кодексіне сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек ( кодекстің 122 бабы). Қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары Еңбек кодекстің 23 бабында қарастырылған.
Әр бір жұмысқа қабылданған жұмысшы мен қызметкерге ұйым еңбек кітапшасы ашылады.
Жұмыскерлердің өндірімі мен жұмыс уақытын пайдалану есебі.
Еңбек және еңбекақы есебі – бұл жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірісте еңбек және еңбекақы бойынша шығындар, жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы қарымқатынас т.б. күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жатады:
- еңбек ақы қорын және жұмыс уақытының пайдалануында жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақының сомасын белгілеу;
-кәсіпорын басшысының әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу (ең төмен мөлшерден кемітпеу);
- белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу.
Еңбеақы төлеу мерзімі жеке, ұжымды және кешенді шарттарда қарастырылады.
Кәсіпорында еңбек және еңбекақы төлем жүйесі тізімдік құрам бойынша ұйымдастырылады. Тізімдік құрам кәсіпорындағы қызметкермен жұмысшылардың тізімі.
Тізімдік құрамға кәсіпорындағы барлық тұрақты жұмысшылар тізімі есептеледі : штат кестесі бойынша тұрақты, маусымды және уақытша бес күннен артық жұмыс істеушілер құрамы.
Кәсіпорындардың кәсіби шаруашылығына қарай жұмысшылар да екі категорияға бөлінеді: өндірістік шаруашылыққа қатысты және өндірістік емес жұмысшылар болып. Бірінші катергорияға негізгі өндірістегі жұмысшылар жатады, екіншіге басқа салалардың жұмысшылары (комуналды шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, оқу, автокөлік, денсаулық т.б.)
Жұмыс істеу түріне қарай кәсіпорында қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді. Жұмысшылар – материалды берекені (благо)құрумен шұғылданатын тұлғалар. Ал, қызметкерлер :
Басшылар – бастық және басқарушылар (управляющие);
Бас мамандар – бас бухгалтер, бастықтың орынбасарлары, бөлім бастықтары;
Мамандар – салалар бойынша жұмыс орындаушылар.
Жұмысшының еңбегі кәсіпорында еңбекақымен бағаланады және ол оның материалдық берекесін қамтамасыз етеді. Еңбекақы ол- жұмыс істеген үшін алынатын ақы, әр жұмысшыға жұмыс беруші міндетті істеген жұмысына еңбекақы төлеуге. Еңбекқыны жұмысберуші өзі белгілейді, мамандылықтық тарифтік ставка немесе лауазымдық ақы бойынша. Еңбек кодексінің 120-бабына сәйкес жұмыс беруші жеке еңбек келсім шарт, ұжымдық келісім шарт бойынша еңбекақы төлейді. Еңбекақы төлем жүйесі бастапқы құжат – жұмыс істеген мерзімі, істелген жұмыстың көлемі көрсетілетін табель немесе наряд, бағдарлық парақ сияқты құжаттармен рәсімделеді
Табельге бес күндік апта жұмыс істелінгенде бес жұмыс күні сегіз сағаттан, екі демалыс күні болып белгіленеді, ал алты күндік апта жұмыс істелінгенде алты жұмыс күні жеті сағаттан, бір демалыс күні болып белгіленеді. Ал, өндірістік, құрылыс, тамақтандыру кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі, жұмысшының істеген сағаты көрсетілген наряд жүргізіледі. Автокөлік кәсіпорындарда және жүргізушілері бар кәсіпорындарда табельмен қоса бағдарлық (путевой лист) парақ жүргізіледі.
Кәсіпорында бастапқы құжат болып әрбір жұмысқа қабылданған жұмысшыға категориясына қарай карточка ашылады(Ф. № Т 2), (Ф. №Т-н). Ал, жұмыс уақытының есебін бақылау үшін табель, атқарылған жұмыстың жүктелімі (наряд), бағдарлық парақ жүргізіледі, еңбек ақы есептеу үшін (Ф. № Т-12), (Ф. № Т-13) есеп айырысу – төлем ведомосы, өнімдік туралы рапорты немесе актісі және басқада есептік әдістері мен формалар қолданылады.
Табель 1 дана болып бөлім меңгерушісімен немесе мастер мен жасалады, бастықпен бекітіліп бухгалтерияға тапсырылады. Жұмыста болған болмаған жағдайлары табельмен тексеріліп отырылады. Кәсіпорынның тізімді жұмысшылары кадрлі бөлімшесінде жүргізіледі. Еңбек есептемелерде осы бөліммен де бақылау жасалады.
Еңбекақы есептемелері есептік-төлем ведомостінде жасалады, жұмысқа шығу табельмен тарифтік ставкалар бойынша. Осы ведомостьте еңбекақыдан жасалатын ұсталымдар көрсетіледі, содан кейін қолға берілетін ақша төлем ведомостқа көшіріліп төленеді.
Кезекті демалысқа шыққан қызметкерге кадр бөлімі қызметкердің өтініші бойынша бұйырық шығарып, онда демалысқа шығатын мерзімдерін, демалыста болатын уақытын және жұмысқа шығатын мерзімдерін көрсетеді. Уақытша жұмысқа жарәмсіз болған жұмыскер жұмыс орнына емханадан ауырған мерзімдері көрсетілген қағазын тапсыруға міндетті, осы мерзімнің төлемдері тапсырған қағазы бойынша есептеледі. Жұмыскер іс сапарда болған мерзімдеріне кадр бөлімі бұйырық шығарып іс сапарлық күәлігін береді. Осы мерзімге жұмыскерге іс сапарлық шығындарға төлем жасалады және еңбекақысы есептеледі. Жұмыс уақыты мерзімде апатты жағдайлар немесе жұмыскердің денсаулығына зиян келген болса кәсіпорын ұйымымен қоса комиссия құрылып жардемақылар төлену үшін актілер жасалады.
Түнгі мерзімде немесе мереке күндері жұмысқа шақырылса кәсіпорын басшысы бұйырық шығарып шақырады.
Аталған құжаттар реттеліп болғаннан кейін еңбеақы есептейтін бөлімнің есепшісі есептік- төлем ведомостте еңбекақы есептейді. Еңбек кодекстің, салық кодекстің талаптарына сай есептемелер жасалады және еңбеақыдан ұсталынатын ұсталымдар осы ведомостте көрсетіледі. Еңбеақыдан ұсталынатын жеке табыс салығын ұстау үшін, жеке арнай карточкада ЖТС есептемесе жасалынып алынады да, есептеме сомасы осы ведомостке ауыстырылады. Жұмысшының қолға алынатын ақшасы төлем ведомостке көшіріледі.
Жұмыс беруші атқарылған жұмыс үшін жұмысшыға еңбекақы төлеуге міндетті.
Еңбекақы төлеу тәртібі және мерзімі ҚР еңбек кодексінің 134 бабында қарастырылған, ұжымда – ұжымдық және жеке еңбек келісім- шартында белгіленеді.
Әр түрлі кәсіпорындар еңбекақы бойынша есеп айырысуды мына құжаттармен жүргізеді: еңбекақы беру үшін бір мезгілде пайдаланатын есеп айырысу – төлем тізімдемесі (есептік –төлем ведомосі); есеп айырысу тізімдемесі және жекелеген төлем тізімдемелері; әр жұмысшыға жасалатын еңбекақының арнайы есеп айырысу (жеке парақтар); жыл бойына пайдаланатын кітапшаға айналдырылған есеп айырысу тізімдемесі (ведомосы).
Кесімді еңбекақы бойынша қозғалыстар кесімді жұмыс нарядында көрсетіледі.
Тізімдеменің (ведомостың) «Есептелген» бөліміне құжаттардан мерзімді, кесімді, мезгілден тыс және т.б. есептелген сома енгізіледі. «Ұсталғаны және есепке алынғаны» бөліміне салық сомасы, сондай – ақ орындау парақшалары бойынша ұсталған сома жазылады; кредитке берілген тауар үшін есепке алынған сома, еңбекақы шотынан аванс және басқа да ұстаулар, есепке алулар және төлемдер жазылады.
Жеке табыс салығы еңбек ақыдан ұстау үшін карточкаға жеке толтырылып сомасы анықталып содан кейін есептік-төлем ведомостқа түсіріледі. Айдың аяғында тізімдемеде әр қызметкердің төлеуіне тиесілі соманы есептейді және тізімдемені баланстайды.
Бастық пен бас бугалтердің бекітілген қол таңбасынан (скрепка) кейін, яғни тізімдемені ресімдеуден кейін төлемді жүзеге асыру үшін кассаға береді.
Үш күнде берілмеген еңбекақы қайтадан қайтарылады (депонерленеді) кәсіпорын оны сақтауға қабылдап алады. Бұл рәсім (процедура) былай іс жүзіне асырылады. Еңбекақының берілу мерзімі аяқталғанда кассир алынған ақша бойынша қол қойылған есеп айрысу - төлем тізімдемесін тексереді және берілген еңбекақыны жиынтықтайды. Еңбекақысын алмаған адамның аты – жөні жазылған бағанға «Алғандығы жөніндегі қолхат» мөртаңбасы (штамп) басылады немесе «алмаған» деп қолмен жазылады. Бұл жағдайда есеп айырысу – төлем тізімдемесі мынадай сомалармен жабылады – қол бар сомалармен беріледі және қайта қайтарылады. Қайтарылған еңбекақының талдамалық есебі берілмеген еңбекақы тізілімдегі талап етілмеген әр сома бойынша, берілмеген еңбекақының арнайы кітабымен немесе депоненттік карточкамен ұйымдастырылады.
Берілген еңбекақының сомасын кассир тізілімге жазады. Оны кассир есеп берумен (отчет) бірге бухгалтерияға өткізіледі.
Еңбекақы әр айдың бірінші жартысында келесі есеп беру үшін, банкомат арқылы беріліді. Демалыс төлемақысы демалысқа бір күн қалғанда беріледі. Барлық аурухана құжаттары өткен айдың аяғына дейін бухгалтерияға өткізілетін болса, осы ай үшін есептелген еңбекақы төлеміне жатқызылады.
Қызметкер еңбекақысын пластикалық карточкамен алуына болады.
«ШетКоммунСервис» КМК бойынша келесідей бастапқы құжаттар бар:
жұмыс уақытын пайдалану есебі табелі; [27]
Қалған құжаттар бас бухгалтердің шешіммен берілмеді.