- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Тәжірибе базасымен танысу
- •2. Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыруын зерттеу
- •Капиталды есепке алу
- •Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті
- •Қорларды есепке алу және аудиті
- •Негізгі құралдарды есепке алу және талдау
- •Материалдық емес активтерді есепке алу
- •Міндеттемелерді есепке алу және талдау
- •Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу және талдау
Қорларды есепке алу және аудиті
Қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті тұсім таңылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп көрсету.
№ 2 ХҚЕС –тың 12 бөлімі (213 баб) бойынша – қорлар – бұл:
1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Осы бөлім мыналарда бар қорларды өлшеуге қолданылмайды:
1) ауыл және орман шаруашылығы өнімін өндірушілерде оны жинағаннан кейін ауыл шаруашылығы өнімі, пайда немесе залал арқылы өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құнмен өлшенетін шамада пайдалы қазбалар мен пайдалы қазбаларды қайта өңдеу өнімі; немесе
2) пайда немесе залал арқылы өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құнмен өзінің қорларын өлшейтін тауар нарықтарындағы делдалдар мен дилерлерде.
Қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қорлар жіктеледі:
Шикізат пен материалдар - 1310-«Шикізат және материалдар»
1340 «Аяқталмаған өндіріс» - дайын болу дәрежесіне жетпеген өнім, кейіннен соңына дейін дайындалатын жартылай фабрикаттар.
1320-«Дайын өнім» Кәсіпорын шығарған және сатуға арналған дайын өнім мен тауарлар аяқталған, бірақ сатылмаған тауар бірліктеріне жататын шығындар есептік кезеңнің аяғында қорлар бабындағы.
1330-«Тауарлар» Қайта сату үшін сатып алынған және сақталған тауарлар.
Қорлар есебіне бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1300 ден 1400 дейінге шоттар қарастырылған.
Қорлар компания балансында актив ретінде танылады. Кәсіпорынға болашақта экономикалық пайда түсіруін көздейді. Кәсіпорын айналымында болуы үш сатыдан өтеді: - кіріске алынуы;
өңдеуден өтуі және өткізуге дайындалуы;
өткізілуге дайын өнім қалыптасуы және сатылуы.
Қорларды өткізумен тікелей сауда ұйымдар шұғылданады. Сауда ұйымдар көтерме және бөлшек ұйымдар болады. Сауда ұйымдарда есеп объектісі болып тауар саналады, материалды жауапты тұлға болып сатушы саналады.
Бухгалтерлік есепте қорлар өзіндік құнмен есептеледі. №2 ҰҚЕС 215 бабына сәйкес қорларды кемінде екі шамадан өлшеуге тиіс: өзіндік құн мен аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегерткендегі сату құны.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және олардың ағымдағы жай-күйіне және ағымдағы орналасқан жеріне жеткізу мақсатында шыққан басқа да шығындар кіреді.
1. № 2-ХҚЕС бойынша сатып алуға жумсалған шығындар:
сатып алу бағасы - сатып алушылық бағасы;
сырт жерден әкелуге баж - импорт бажы және басқа өтелмейтін салықтар;
делдалдық уйымдарға төлеген комиссиялық сыйақы;
көліктік-дайындау шығыстары - тасымалдауға, өңдеуге жұмсалған шығыстар;
қорларды сатып алуға тіке байланысты өзге де шығыстар.
2. Қайта өңдеуге жүмсалатын шығындар - шығарылатын өнімдердің нақты түрлеріне тікелей байланысты тіке шығындар:
шикізат шығындары;
еңбек шығындары; және т.б. шығындары.
3.Өзге шығындар - қорларды белгіленген жерге дейін және тиісті жағдайға жеткізуге тікелей байланысты шығындар.
Қорларды кіріске алуда осы шығыдар 1310-1350 шоттардың Д-де жазылады солай кіріске алынған қорлардың өзіндік құнын қалыптастырады.
Кіріске алынып болған қорлар кәсіпорын қоймасында әртүрлі қозғалыстарға шалдығады: өңделеді, оралады, бөлінеді (шақтанады), бұлінеді, шашылады, төгіледі, құнсызданады, қайта бағаланады. Сондықтан кейін қорлар ықтимал құнның ең төмен құнымен (өткізудің таза құнымен) есептеледі. Қорларды өткізуге жасалған шығындар (қорларды өткізуге жасалған шығындар» шотына есепке алынады, яғни 7110 шоттың Д-де жинақталады.
Кәсіпорын 1300 шоттар бөліміне кіріске алынған құндылықтар актив ретінде танылады, консигнацияға алынған қорлар сатылғанға дейін баланстан тыс шоттарға есепке алынады, бұлар кәсіпорынның меншігінде есептелмейді. Баланстан тыс шоттар қолданғанда бухгалтерлік проводкалар шоттың бірақ жағында жазылады, мысалы Д 002 К - немесе Д - К 003.
Босатылатын қорлардың нақты өзіндік құнын №2 ҰҚЕС бойынша анықтау мынандай әдістердің біреуін қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін:
Орташа өлшемді құн, ФИФО әдісі және арнайы бірегейлендіру.
Орташа құн ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендерінің қүнын материалдық қүндылыңтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.
ФИФО — бүл материалдық құндылыңтарды олардың бастапқы қүны бойынша бағалау әдісі. Мүндай әдісте мынадай принцип қолданылады: «Бірінші топтама — кірісі, бірінші болып — шығыска», яғни материалдық қүндылықтардың шығынын оларды сатып алу қүны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдардың шығындарын есептен шығарады, одан кейін — екіншісін, содан кейін — үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады. Бағалау тәртібі материалдарды жұмсаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес.
Арнайы, жалпылама бірегейлендіру әдісі — бүл әдіс материалдың қүндылықтардың топтамалың есебін ұйымдастыру мүмкін болған жағдайларда ғана қолданылады. Егер ай соңындағы қалдықта үшінші, бірінші немесе басқа топтың материалдық қүндылықтарының белгілі бір саны болса, онда материалдық құндылыңтардың шығысын да, қалдығын да аныңтауға болады.
Және тікелей есептен шығару әдісі - өзіндік құн мен таза өткізу құны өзара тең болған кезде қолданылады.
Мысалы, электротехника сататын дүкен теледидардың, радиоқабылдағыштардың, магнитоллалардың әрбір түрі үшін (баптар бойынша әдіс); бүкіл теледидарлар, барлық радиоқабылдағыштар, барлық магнитолалар үшін (негізгі тауар категориялары); барлық теледидарлар, магнитоллалар, радиоқабылдағыштар үшін (қорлардың жалпы деңгейі әдісі) құнынан және таза өткізу құнынан төмен құнды анықтай алады (аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату құны).
Баланстық құн мен таза өткізу құны арасындағы айырма шығыс ретінде қаралады және кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
Аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату құны (ықтимал таза өткізу құнын) есептеу кезінде қорлардың қалдықтарын, олардың айналымдылығын, қорларды сақтау талаптарын және т.б. білу қажет. Таза өткізу құны есептері сарапшының есебі немесе арнайы құрылған комиссияның актісі түрінде расталуы тиіс. Есептер мен актілер өзіндік құн мен таза өткізу құны арасындағы айырмашылықтарды есептен шығару үшін негіз болып қызмет ететін болады. Осы құжаттарда құнның төмен түсу себептері мен шамалары көрсетіліп, құндардың өзгеру үрдістеріне болжам жасалатын болады. Кәсіпорындарда, қорлардың есептік құнының мөлшеріне әсерін тигізетін, өтімді емес, құнсызданған және нормативтен тыс қорларды анықтау жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылуы тиіс.
Қорлардың қозғалысы бойынша операцияларды құжаттық ресімдеу.
Қорлардың қозғалысының күрделігіне қарай бухгалтерлік есепте әр қозғалысы тиісті журналдарға тіркеліп отырады, ол үшін алдымен кіріске алынған қорға номенклатуралық номер белгіленеді.
Өндірісте материалдардың ассортиментінің көптігінен ұймдарда олардың есебін рационалды ұйымдастыру мақсатымен біркелкі қасиеттері бойынша номенклатура құрастырылады. Әрбір қордың атауына, сортына шартты сандық белгі беріледі – номенклатурлы нөмір, және ол кейіннен қорлардың бар болуы мен қозғалысы жайлы құжаттардың барлығында қойылады.
Қоймадағы қорлардың әр сорты, түрі мен көлемі қозғалысының есебін жүргізу үшін, қорлардың есеп карточкасы қолданады, және ол материалды жауапты тұлғамен (қоймашы, қойма басқарушысы ) әр қорлардың номенклатурлы номеріне (бар болған жағдайда) толтырылады. Карточкадағы жазулар операция жасалған күні бірінші ретті кіріс-шығыс құжаттары арқылы жүргізіледі.
Сенімхат қорларды кіріске алған жағдайда, жеке кәсіпкер немесе ұйымның сенімді адамы ретінде рәсімделген құқығымен өзін қорғау үшін қолданылады. Сенімхатты материалды жауапкершілік келісім шарты құрастырылған адамға ғана беріледі, сенімхаттың жұмыс істеіу мерзімі он күнді қамтиды. Сенімхатқа жеке кәсіпкер немесе ұйым басқарушысы және бас бухгалтер қол қояды.
Берілген сенімхаттардың есеп журналы берілген сенімхаттар мен оларды алғаны жайлы қолхаттарды тіркеу үшін қолданылады, ол сенімхаттардың берілуі мен тіркелуіне жауапты адамда сақталады. Журналдың барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және жеке кәсіпкер немесе ұйымның мөрімен бекітіледі.
Жеткізушілерден түсетін немесе қайта өңдеуден келетін материалдардың есебі үшін кіріс ордері қолданылады. Қоймаға қорлардың түскен күнінде материалды жауапты тұлға бір данада кіріс ордерін жасайды.
Жеткізушінің берілген құжаттары бойынша сандық және сапалық сәйкессіздікте, сонымен қатар, қорларды қабылдау кезінде, құжатсыз қабылданғанда, қорлады қабылдауды рәсімдеу үшін, қорларды қабылдау туралы акт қолданылады. Жеке кәсіпкермен немесе ұйым басқарушысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, екі данада акт жасайды, міндетті түрде материалды жауапты тұлғаның және жіберушінің (жеткізуші) немесе басқа қатысты емес ұйымның адамының қатысуы қажет.
Қорларды ұйым ішінде қозғалысына және оларды сыртқа шығару қозғалыс есебі үшін ішкі орын ауыстыру накладнойы қолданылады.
Қорларды сыртқа шығару есебі үшін қорларды сыртқа шығару накладнаясы қолданылады.
Қорларды шығынға жазу актісі қорлардың бүлінген, сынған, құртылған, сонымен қатар дайындау немесе сақтау және өндіру процесінде жүрген, қорлардың жетіспеген және жоғалтқан жағдайында, қорлардың есебін жүргізу үшін қолданылады. Рәсімделген акт жауапты тұлғаның есебінен шығарылғанда да негізгі құжат болып танылады. Комиссия мүшелерімен екі данада жасалады. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберілсе, екінші данасы бөлімшеде қалады.
Ғимараттар мен құрыслытарды демонтаждау мен бөлшектеу кезінде, қолдануға жарамдыларын өндірістік жұмыстарда қолдану үшін қабылданған қорларды, қозғалмайтын мүлік, ғимараттар мен құрылыстарды демонтаждау мен бөлшектеу кезінде, қорларды кіріске алу жайлы акт жасалады. Тапсырыс берушілер мен мердігерлер қатысуымен комиссия құрылып, акт үш данада жасалады. Актінің бірінші және екінші данасы тапсырысберушіге беріледі, ал үшінші данасы мердігерде болады. Тапсырыс беруші өз алдына актінің бірінші данасын мердігерге төлем кезде шотқа қосады.
Қоймадағы қорлар қалдығының есеп ведомості есептің оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдісі бойынша жүргізіледі. Қалдықтардың есеп ведомостін бухгалтериямен тексерілген, қойма есебінің карточкасындағы деректер арқылы толтырады. Ведомостке қалдықтарды көшіру дұрыстығы тексерушінің қолымен расталады.
Кәсіпкерлік ұйым ішіндегі қорлардың қозғалысы – материалдарды (тауарларды) ішке ауыстыру накладной арқылы жасалады.
Заңды тұлғалардан қорларды сатып алған кезде алу-сату келісім шарт, шот-фактура және чектермен рәсімделеді. Жеткізушіден кіріске алған мерзімде қорларды қабылдау туралы актімен растайды.
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дүрыс үйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Койманың үй-жайы тұйықталған, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдың затбелгі бекітіледі. Басшының бүйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдың жауапкершілік шарты жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы жауапты тұлғалар жүргізеді. Материалдың қүндылыңтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс — сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда қоймада және бухгалтерияда материалдық күндылықтардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады. Материалдық қорлардың қозгалысы жөніндегі қүжаттың әрбір дерегі карточкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдың, сорттың, айналымдық ведомоске көшіріледі. Мүндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалың есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық қүндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің карточкаларын ашады. Мұндай әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдық сандық өлшеммен еңгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдың қүндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы қүжаттар мен карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дүрыстығын тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдық тардың шыгарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері тиісті бағанына қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы құжаттарды табыс етуімен үштасады. Өткізілетін қүжаттардың деректері қүжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бүл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім қүжаттарды қоса отырып, бір данада жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дүрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге асырылады. Мүндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдардың қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізеді. Ведомость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысқа түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол қояды және қүжаттарды ресімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттың есеп кітабын жүргізуге рүқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітабы қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдыңтарды көшіреді. Бүдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдық қүндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады. Бүл әдіс кезінде:
Бухгалтерлік есеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз байланысты;
қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа қүнын аныңтау жөніндегі қиын жүмыстарды жояды. Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, қүжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың талдамалы есебінің синтетикалың есептен қалуына жол берілмейді. Сальдолық әдіске тән қасиет — қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі, ал бухгалтерияда қорлар сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескеріледі.
Үшінші әдіс — материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (қүрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта түрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша материалдың есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 1300 (материалдар)-бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесінен есепті айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы қүжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың пайдалану бағыты бойынша толтырады. Материалдардың ай соңындағы қалдығы есептеу жолымен анықталады. Алғашңы қүжаттары қоса берілген материалдық есептемеге оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні) бухгалтерияға тапсырылады. Онда оны жасаудың дүрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жүмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.
Материалды жауапты тұлға болып есебінде құндылықтар бар қызметкер табылады – ақша болса кассир, дүкен болса дүкенші, қоймадағы құндылықтарға қоймашы жауапты болып танылады, автокөлікке жүргізуші жауапты т.б. Материалды жауапты тұлғамен кәсіпорын басшысы жеке материалды жауапты деген келісім шарт жасайды. Әдетте материалды жауапты тұлға кәсіпорын бухгалтериясына мерзімді есебін тапсырып отырады, бухгалтермен өңделгеннен кейін есептің қалдықтары салыстырылады, түзетіледі. Алық-берік опистің тізімдеме жиыны жауапты тұдғаның бастапқы қалдығы болып танылады. Есеп тапсыру мерзімге дейін кіріске алынған қорлардың құжаттары реттеліп есепке тіркеліп тізілімі жазылады, осылай шығысқа шығарылған қорлардың бастапқы құжыттары реттеліп тізімделіп есепке тіркеледі, дүкен болса сатылған қорлардың түсіміне тапсырылған ақшаның түбірткісі (квитанциясы) тіркелу тиіс және есеппен бірге тапсырылады. Есептік мерзімнің соңғы қалдығын дүкенші өзі анықтайды Б.қ. + кіріс құжаттардың сомалары – шығыс құжаттардың сомалары = С. қ. (егер түгендеу жасап жіберсе осы қалдыққа тең болу керек).
Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен қүжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін бухгалтерияда қайта есептеуге беріледі таксалауға (токсировка). Таксалаудан кейін қүжат деректері кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша (орман материалдары, темір және т.б.) топтастырылады 1310 және 1330 (тауарлар), 1320,1340 бөлімшелердің шоттары бойынша тауарлы-материалдық қүндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:
а) өткен айдағы соңғы қалдық есептік айға бастапқы қалдық; ә) қүжаттардың тізілімі бойынша ай ішіндегі кірісі;
б) қүжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі шығысы;
в) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.
Бастапқы қалдық + Кіріске алынған қорлар = босатылған қорлар + ай соңындағы қалдық теңестіру бойынша соңғы қалдық анықталады, ол болады:
Соңғы қалдық = Бастапқы қалдық + Кіріске алынған қорлар - босатылған қорлар. Жинақтау ведомосі бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі карточкаларында және қалдыктар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабы мен жинақтау ведомосі) бір ғана қүжаттардың негізінде жүргізілген. Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс кезінде) немесе материалдың жауапты тұлғалардың материалдық қүндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы есептік деректерін материалдық қүндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен үйқастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақтамалы шоттардың (6 журнал –ордер) немесе есептік топтардың кесімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық қүндылықтардың нақты қүнының олардың есептік бағасы бойынша қүнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. №10 ведомость материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді. № 10 ведомость бірнеше бөлімнен түрады: 1-бөлім нақты өзіндік қүн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әр түрлі журнал-ордерлерден (№ 6, № 10, № 3, № 7, № 1 және т.б.) көшіріледі. Мұнда жүктерді жеткізу жөніндегі шығындарды, тиеп-түсіру жүмыстарының шығынын, теміржол алымдарына төлемді және материалдарды сатып алу құнынан тыс жүмсалған басқа шығындарды қоса алғанда, материалдық құндылықтарды сатып алуға және әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі. Дәл осы бөлімге ведомостің басқа бөлімдерінен алынған, материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны және ай басындағы есептік бағасы бойынша қалдығын жазады. Оған ай ішінде келіп түскен материалдардың құны қосылады. Қорлар қозғалысы есептік бағамен жүргізіледі.
№10 ведомостің екінші және одан кейін бөлімдері материалдық құндылықтарды сақталу жері (қоймалар, учаскелер) бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда — материалдық қүндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Тап осы жерде олардың нақты өзіндік құны, сондай-ақ материалдың есептен шығарылған тиісті баланстық шоттарға есептен шығарылуға тиіс ауытқу
сомаларының бөлінуі келтіріледі. Материалдардың толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша материалдар құнының сомасы ретінде анықталады, жұмсалған бағыттар бойынша:
а) 7420,7470-шотқа — есептелген процентпен;
ә) 8110-шотқа — әдетте, қалған сома.
Егер 8310-шотқа көптеген материалдар есептен шығарылатын болса, онда ауытқудың сомасы есептік бағасы бойынша ағымдағы айда осы шотқа есептен шығарылған материалдар құнын № 10-ведомосте өткен айда көрсетілген, сол айда қолданылған ауытқу процентін көбейту жолымен анықталады. Көптеген материалдар жұмсап (асфальт-битум өндірісі, карьерлер, конструкциялар мен бүйымдар әзірлейтін цехтар), үлкен көлемді өнім әзірлейтін көмекші қосалқы өндірістері бар субъектілер ауытқуды 8310-шотқа көшіреді. Барлық қалған шоттарға (8410, 7210) ауытқулар есептен шығарылмайды.
Жүкті қабылдаған кезде жетіспеушілік анықталатын болса, онда шығын сомасы акт негізінде Д-т 1280 К-т 3310 болып жазылады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі шотты төлеуге келіскенге дейін анықталса, онда шығын сомасын шотты төлеуге келіскен сомадан кемітеді. Мысалы жеткізушінің шотында тауарлар 350000тг., кіріске алуда 5060тг. тауарлар жетіспеушілігі анықталды, бірақ жеткізуші мойындады, бұл жерде кіріске 344940тг. тауарлар кіріске алынады, және есептесуде 344940тг есепке алынады. Мүндай жағдайда жеткізушіге шағым жасау жөніндегі операциялар №6-журнал-ордерде көрсетілмейді. Есептік айда келіп түскен, фактураланбаған материалдық қүндылықтар фактураланғандарға ұқсас түрде № 6-журнал-ордерде әрбір жеткізілім бойынша жекелей көрсетіледі. Жүкті қабылдауға арналған акті фактураланбаған жеткізілімдерді № 6-журнал-ордерге жазуға негіздеме болып табылады.
1300-бөлімшенің дебеттелетін шоттарының бағандарында нақты құнның орнына есептік бағасы бойынша келіп түскен материалдық құндылықтардың құнын жазады. Бұрын фактураланбаған ретінде қабылданған материалдық қүндылықтарға шоттар келіп түскенде есептік құны бойынша материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі дебеттік шоттардың бағандарына жазылған сомалар сторноланады, ал алынған шоттардың негізінде қарапайым жеткізілімді есепке алуға қабылданған тәртіппен жазуларды жүргізеді. Сторнолық жазуларды фактураланбаған жеткізілімдерге келіп түскен шоттар бойынша жазулармен бір мезгілде жүргізеді. № 6-журнал-ордерде төлем мен есептен шығарудың сомасы әрбір шот бойынша жекелей жазылады. Төлем мен есептен шығаруды материалдық қүндылықтардың келіп түсуі, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы туралы деректер жазылатын жолдар бойынша, ягни жеткізушілерге немесе мердігерлерге төлеуге тиісті сомалар көрсетілетін жерлерде көрініс табады. Шоттар материалдық қүндылықтар келіп түскенге дейін төленетін жағдайда шоттар бойынша сома тиісті тіркелімдердің Д-т 1610,2910 бойынша көрсетеді. Егер бұрын жолдағы құндылықтар деп ескерілген материалдық құндылықтар шоттар төленген айда келіп түссе, олардың құны жай тәртіппен көрсетіледі.
«
