
- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Тәжірибе базасымен танысу
- •2. Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыруын зерттеу
- •Капиталды есепке алу
- •Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті
- •Қорларды есепке алу және аудиті
- •Негізгі құралдарды есепке алу және талдау
- •Материалдық емес активтерді есепке алу
- •Міндеттемелерді есепке алу және талдау
- •Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу және талдау
Міндеттемелерді есепке алу және талдау
Шаруашылық қызметті нәтижелі жүргізу үшін кәсіпкерлік ұйымдар басқа ұйымдардан қорларды, негізгі құралдарды сатып алады- бұл өзі сатыпалушы ролінде болады және өз өнімдерін, тауарларын сатады – бұл жерде өзі жеткізуші ролінде болады, осыдан кредиторлар мен дебиторлар деген ұғым туындайды. Кредиторлық берешек – бұл міндеттеме, бір кәсіпорыннан алынған қорлар үшін ұйымның алдында міндеттеме туындайды. Бұл өткен оқиғалар негізінде пайда болған берешек. Осы әрекеттердің бәрі келісім –шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім шарт жасалғаннан кейін сатыпалушы ұйымның қызметкері жеткізушіге сенімхат тапсырып аталған қорларын шот фактура бойынша алады. Өз ұйымына әкелгеннен кейін құжаттар негізінде қоймасына тапсырады. Қоймаға тапсырар алдында шот- фактура өз бухгалтериясының тіркелімінен өту тиіс. Қоймашы құжаттар негізінде түгендеп алғаннан кейін кіріс ордер толтырып кіріске есепке алады. Қоймашымен кіріске алынған қорларға номенклатуралық нөмір белгіленіп карточкаларға (ведомосттерге) жазылады. Осыдан әрі қозғалыстар жасалады.
Мiндеттеме ағымдық (қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетiн күннен 12 айдын. iшiнде өтеледi) және ұзақ мерзiмдi (төлеу мерзiмi бiр жылдан көп) болып жiктеледi.
Міндеттемелер болады: жеткізушілерге кредиторлық берешек, салықтар бойынша бюджетке берешек, банкке несие бойынша берешек, қызметкерлерге еңбекақы бойынша берешек, басқа кредиторларға берешек, жинақтаушы зейнетақы қорына берешек.
Жеткізушілер мен мердiгерлерге шикiзат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткiзіп берушiлер жатады, сондай-ак, әp түрлi қызмет түрлерiн көрсетушiлер(электр – қуатын, буды, суды, газды және т.б.босатушы) және әp қилы жұмыс орындаушылар (курделi жөндеу, жай жондеу және т.б.) жеткізушілер мен мердiгерлер болып саналады.
Жеткізушілер және мердiгерлермен есеп айырысу - не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейiн немесе қызмет көрсеткеннен кейiн, не олардың кәсiпорынмен келiсуi арқылы бiр мезгiлде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуi бойынша жүзеге асырылады. Кәсiпорынньщ келiсiмiнсiз жасалған қызметтер үшін газды, суды, жылуды, электр энергиясын ссептеу шотының көрсеткiштерi негiзiнде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы ушiн есеп айырысу құжатымен төленедi. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жеткізушілермен есеп айырысу есебi әрбiр шот- фактура бойынша және әрбiр жеке жеткізушілер бойынша жүргiзiледi. Есеп айырысу қужатын алу барысында олар жеткізушілермен есеп айырысу кiтапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бiрге қаражаттың, қайта есептелуi үшiн банкке бередi.
Төлем тапсырмасымен банк мекемелерi арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргiзiледi. Сондай-ак. салықтық шот- фактураның нөмipi мен күніне, тауар-көлiк жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетудi растайтын басқа құжаттарға, сонымен бiрге тауарлық емес операция бойыншa тапсырмаларына сiлтемесiмен қызметтердiң есеп айырысуы жүргiзiледi. Төлем тапсырмасы - бұл қызмет етушi кәсіпорынның банкке арнайы бланкте ресiмдеу арқылы өз шотынан белгiлi бiр соманы басқа кәсiпорын шотына аудару туралы нұсқay. Қаражатты 5 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бiр банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.
«ШетКоммунСервис» КМК бойынша келесідей құжаттар арқылы міндеттемелер көрінді:
Шот-фактура; [24]
Шот-фактура;[25]
Айналым – сальдолық ведомость ; [26]
Қалған құжаттар бас бухгалтердің шешіммен берілмеді.