
- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Тәжірибе базасымен танысу
- •2. Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыруын зерттеу
- •Капиталды есепке алу
- •Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті
- •Қорларды есепке алу және аудиті
- •Негізгі құралдарды есепке алу және талдау
- •Материалдық емес активтерді есепке алу
- •Міндеттемелерді есепке алу және талдау
- •Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу және талдау
Материалдық емес активтерді есепке алу
Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бухгалтерлік есебі 38 «Материалдық емес активтер» ХҚЕС сәйкес жүргізіледі.
Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық пайда табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе,сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса,онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің рөлі анықталса; субъектіні осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара – пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал – жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал – жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал – жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл – парсатпен анқталуы керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтердің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін – дискетте, фильм – лентасына, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды. Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңынң есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып сналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді. Мысал: Жоғары радиациалық (сәуле шашатын) зонада орналасқан фармацевтикалық « Феникс » кәсіпорны дәрі – дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық « Бота » фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол рационалдық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.
Компанияның келешектегі экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда айтылған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:
- сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай – ақ өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда әкелетіндігіне толық сенім болса;
- препарат өндіру үшін компания башылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ол оның бизнес – жоспарында көрініс тапса;
- кредиторлардың, жасалған келісім – шартқа сәйкес, қаржылық және басқа да қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.
Субъекті кей жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын ресімдемей – ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол басқа субъектінің айналысуына тиым салады.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықрар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі – конструкторлық жұмыстар және т.б.
Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4 – топқа бөлінеді:
Өндіріспен байланысты МЕА
Коммерциялық қызметпен байланысты МЕА
Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты МЕА
МЕА – рдің басқа да түрлері
Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепке тіркеледі) басқа активтер сияқты.Бухгалтерлік есепте көбінесе негізгі құралдардың есебіне ұқсас жұргізіледі. Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, құны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.
Материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылған және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз күшімен де жасалуы мүмкін, ол кезде оның құны нақты тікелей шығынымен де және үстеме шығысымен де танылады. Ол шығындарды есепке алу үшін, 2700 «Материалдық емес активтер» шоттарының бөлімшесіне, жеке «Материалдық емес активтерді жасау шығындары» деп аталатын ішкі (субшоты) алынуы мүмкін, 2730 – активті, негізгі, инвентарлық шот.
Басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.
Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады.
Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі. Қайтарымсыз басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан алынған МЕА-р нарықтық (келісім) құнмен бағаланады.
Материалдық емес активтердің қолда бар қозғалысының есебі 2700 – бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:
- лицензиялық келісімдер мен франшиздер;
бағдарламалық қамтамасыз ету;
патенттер;
авторлық құқық;
гудвилл;
саудалық марка және тауарлық аты;
технология, рецепт және формулалар;
пайдалануға құқық;
бәсекеге түспеу міндеттемелер
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда,өтеусіз берілгенде) акт екі дана жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 2700 – бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырылады.
Есеп беруде материалдық емес активтердің мәні ашу
Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп беруінде материалдық емес активтердің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда:
амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсіл;
пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амортызациалық нормасы;
жалпы баланстық құн және есептік кезеңнің басы мен аяғына жинақталған амортизация сомасы;
кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық құны және т.б. көрсетіледі
Сондықтан қаржылық есп беруде:
материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны, материалдық емес активтердің амортизациаланбай қалған кезеңі;
иелік ету құқығы шектелген материалдық емес активтердің баланстық құны;
міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстық құны;
материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.
Қаржылық есеп беруде есептік кезеңдегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалық шығындары; компаниялық жарнама шығындары; субъектіні құру кезінде жұмсалған шығындары; субъектіні құру кезіндегі жұмсалған шығындар; материалдықи емес активтерді алумен, күшйтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.