
- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Тәжірибе базасымен танысу
- •2. Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыруын зерттеу
- •Капиталды есепке алу
- •Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті
- •Қорларды есепке алу және аудиті
- •Негізгі құралдарды есепке алу және талдау
- •Материалдық емес активтерді есепке алу
- •Міндеттемелерді есепке алу және талдау
- •Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу және талдау
1. Жалпы бөлім
1.1 Тәжірибе базасымен танысу
«ШетКоммунСервис» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорын
Мекен−жайы: Шет ауданы Ақсу-Аюлы мекені Жанғұтты би көшесі11
«ШетКоммунСервис» КМК [1]
Мемлекеттік атауы: Шет ауданы әкімдігінің «ШетКоммунСервис» коммуналдык мемлететтік кәсіпорыны.
Кәсіпорыншаруашылық жүргізу құқында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Шет ауданының әкімдігі, Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі атқарады
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты
Аудан елді мекендерін ауыз сумен қамтамассыз ету
Абаттандыру
Көгалдандыру және санитарлық тазалау
Құрылыс салу және күрделі жөндеу
2. Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыруын зерттеу
«ШетКоммунСервис» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорыны барлық бухгалтерия есебін бас кітап арқылы жүргізеді. Барлық бөлімдердің және қызметкерлердің бухгалтерлік құжаттары және мәліметтерді есепке алуды рәсімдеу және тапсыру тәртібі бас бухгалтердің үздіксіз орындаудымен жүргізіледі.
Капиталды есепке алу
Капитал - бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық – құқықтық формаларына қатысты ажыратылады. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің меншікті капитал құрылымдарында айырмашылықтар болады. Кәсіпкерлік ұйымдардың меншікті капиталы қалыптасады:
жарғылық капиталдан;
эмиссиялық кірістерден (ондай болса);
резервтерден;
бөлінбеген табыс (залалдан).
Жарғылық капитал – ұйымның жарғысында жарияланған капитал.
Төленбеген капитал – жарғылық капитал жарияланып салынбай түрғанда төленбеген болып саналады, ал құрылтайшылармен салынған жағдайда (неменемен салынғаны) осы шотты азайтады.
Эмиссиялық кіріс – шығарылған ақциялардың номиналдық құнымен сатылған акциялардың сатылу құндары арасында артықшылық эмиссиялық кіріс болып танылады.
Резервтер – кәсіпкерлік ұйымдар өздерінің есеп саясатында белгіленген пайыздар бойынша таза табыстарынан резерв қалыптастырып отырады.
Бөлінбеген табыс – кәсіпкерлік ұйым есептік жыл соңында қаржылық есептілік үшін қаржылық нәтижені анықтайды.
«ШетКоммунСервис» КМК бойынша келесідей құрылтай құжаттар бар:
кәсіпорынның жарғысы [3]
Жарғы арқылы кәсіпорынның жарғылық капиталы 129 600 тг екені анықталды.
Қалған мәліметтерді кәсіпорын басшылығы құпия деп санады.
Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі мен аудиті
Ақша қаражат деген – ол кәсіпорын кассасындағы қолма қол, ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты. Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық ағымдардың қызметтер нәтижесіндегі түсімі мен жұмсалуы.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу,сату, өтенілетін несиелерді беру және алу.
Теңгемен ақша есебі № 7 « Ақша қаражат қозғалысының есебі» ХҚЕС сәйкес, ал валютамен ақша қаражаты № 21 «Валюталық өзгерісінің әсері» ХҚЕС стандарттарда қарастырылған. Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп беруде тікелей және жанама әдістер қолданылады.
Ақша қаражатының баламалары – ол, қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар, жылдам арада ақша қаражатына айналуға мүмкіндігі бар, бірақ осының салдарынан құндылығы шамалап өзгерістерге тәуекелденеді, ол- қазыналық вексельдер, коммерциялық құнды қағаздар және депозиттік сертификаттар.
Кәсіпкерлік ұйымда ақша қаражат иелері болып ұйым басшысы мен бас бухгалтер саналады.
Кәсіпорын жылдам арада ақша қаржатымен есептесу барысында кәсіпорында касса үстауға мүмкіндігі бар. Кәсіпорын кассасына ақша қаражаты кірістеледі: құрылтайшылардан салым ретінде, сатыпалушылардан, банктік шоттан кәсіпорын қажетіне, қызметкерлерден пайдаланбаған ақша қайтарылғанда, тугендеу барысында артық шыққан ақшаның орны толтырылғанда.... Кассадан қолақша босатылады : банктік шотқа салынғанда, басқа кәсіпорынға құрылтайшылық ретінде салынғанда, қызметкерлердің жауапкершілігіне (дебиторлық берешек) берілгенде, еңбекақы төленгенді, жеткізушілерге және бюджетке салықтармен төлемдер төлеу қажетіне, басқа кәсіпорындарға кредиторлық берешек төленгенде... Кассалық есепті жүргізуге кассир жауапты тұлға болып танылады, есепті жүргізуге бақылауды бас бухгалтер жасайды.
Қолма-қол ақша арқылы есептесулер жасау үшін, беттері міндетті түрде нөмірленген , жібпен тігілген және жеке кәсіпкердің не ұйымның мөрімен бекітілген, жеке кәсіпкер немесе ұйым бір ғана кассалық кітап жүргізу қажет. Кассалық кітаптың беттері жеке кәсіпкер не ұйым басқарушысының, бас бухгалтердің қолымен бекітіледі. Бірінші және екінші даналарының беттері бірдей нөмірлермен нөмірленеді. Кассалық кітапта жазулар копировальный қағазбен, қаламмен екі дана жазылады. Екінші данасы беттері жұлынатын болуы тиіс және ол кассирдің есебі үшін қажет – бастапқы құжаттар тіркеліп бухгалтерияға тапсырылады. Бірінші данасы кассалық кітапта қалады.
Түзетулер мен келісілмеген жайлар кассалық кітапта жіберілмейді. Кітаптағы қатенің түзетілуі «Түзетілді» деген жазумен келісілген болуы тиіс және түзетілген мерзімі көрсетілген кассир мен бас бухгалтердің қолдарымен расталуы керек.
Касса кіріске алынған ақша қаражаты кіріс-кассалық ордермен рәсімделеді (кассирмен бас есепшінің қолы қойылады), ал банктік шоттан чек бойынша алынады, сондықтан чекке кіріс кассалық ордер жазылады, кассадан ақша шығыс-кассалық ордер бойынша босатылады (ұйым басшысымен бас есепші қол қояды, олармен қоса қассир және ақша алушы тұлға), банктік шотқа хабарлама бойынша салынады, сондықтан хабарламаға шығыс кассалық ордер жазылады, цех немесе бөлімше жұмысшыларына қол ақшамен еңбекақы берілсе (аванс берілсе) төлем-ведомос (төлем тізімдемесі) бойынша беріледі, сондықтан төлем-ведомоске шығыс кассалық ордер жазылады. Кассаға жазылған төлем-ведомосттің ақша қандай да бір себептермен төленбей қалса (кассадан алынбай қалған ақша) – ол ақша депонерленген болып аталады.Кассалық қозғалыстарға кассир күнде кассалық кітабінде кассалық есебін жасайды да кассаның соңғы қалдығын анықтайды. Кіріс-шығыс кассалық ордерлер міндетті түрде тіркеу журналға тіркеліп отырады (№, мерзімін анықтау барысында). Касса қозғалысы кассалық есеп негізінде №1 журнал ордерде жүргізіледі.
Кассир кассалық есебін жасау үшін алдымен құжаттарын реттеп (кіріс кассалық ордерлерді ретімен бір бөлек топтастырып, шығыс кассалық ордерлерді ретімен бір бөлектоптастырып) кассалық есебіне тіркейді. Кассалық есебін жасайтын мерзімі кәсіпорынның есеп саясатында белгіленеді.
Кассалық операциялардың автоматталған түрінің жүргізілу барысында, белгіленген кассалық кітапты жүргізу ережелері орындалуы тиіс. Қағаздық тасушыларда басылған кассалық кітап, хронологиялық тәртіпте біріктіріледі. Кассалық кітаптағы жазулар қолма-қол ақшаның әр ордер немесе оны алмастыратын құжат арқылы берілген не қабылданғаннан кейін толтырылады. Кассир күнделікті, күннің аяғында операциялардың есебін жасайды, кассадағы қолма-қол ақшаның күн ішіндегі қозғалыстарды, соңғы қалдығын есептеп, кассирдің есебін жасайды.
Түгендеу кассадағы ақша қаражатына ай сайын жасалады.Түгендеу жасау үшін кәсіпорын басшының бұйырығымен тұрақты комиссия құрылады. Аяқасты түгендеуге басшы жеке бұйырық береді.
Түгендеу жасауы қолма-қол ақшаға акті құрудан басталады. Ақша актіге купюра және сома бойынша кіреді.
Кассаны түгендеу толық ақшалай купюраларды, бағалы қағаздарды, ақшалай құжаттарды, түрі, акт аты көрсетілген, нөмірі, сериясы және номиналды бағасы бойынша қатаң бланктік есепті және кассада бар басқа бағалы заттарда тексеріс кезінде жүргізіледі.
Нақты ақшалай белгілердің және басқа бағалы заттардың кассада болуын санағанда, есепке қолма-қол ақша, бағалы қағаздар алынады. Заң бойынша бағалы қағаз ретінде шығаратын акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа документтер.
Ақша қаражатың түгендеудегі актідегі жиыны, кассадағы түгендеу күнге (мерзімге) жасалған кассирдің есебінің қалдығымен салыстырылады, содан кейін қорытынды шығарылады. Егер комиссиямен кемшілік немесе артықшылық анықталса, актіде сомасы көрсетіледі.
Жолдағы ақша қаражатын түгендеуде осы шотта бар сомасын салыстыру жолымен жүзеге асады:
қолма-қол ақша тапсырылғанда – банк түбіртегімен, пошта бөлімшесімен, инкасатордың банкке тапсырған ақшасымен қоса жіктелім құжаттар жүретін ведомсттар және т.б.
Меншіктенушімен немесе басқа ұйыммен аударылған – аударымды алғаны құжатта (авизода) көрсетіледі күні, рет нөмірі, сомасы және қызмет көрсеткен банк немесе пошта бөлімшесінің аты.
Ағымдағы банк шотындағы теңгемен ақша, ағымдағы шоттағы валютамен және арнаулы шоттардағы ақша қаражатын түгендеу, жеке кәсіпкерлердің немесе ұйымның бухгалтерлік қызметінің шоттарындағы көшірмесін қалдықтары салыстыруымен жүзеге асырылады.
Түгендеу описьтері қағаз және электронды түрде рәсімделеді. Түгендеу описьтеріндегі жазбалар қатесіз орындалады. Түгендеу описіндегі соңғы беттерде бос жолдар сызылады. Түгендеуден кейін описьте материалды жауапты адаммен қате табылса, ол жедел түрде (қойманың ашылуынан бұрын) түгендеу комиссиясының мүшесіне айтады. Комиссия қатені тексереді, егер шын болса, берілген ретпен түзетулер енгізіледі. Қатені түзету барлық даналарда қатені сызып, оның үстіне дұрысын жазу арқылы жасалады. Түзетулер келісіліп, комиссияның барлық мүшесінің және материалды жауапты адамның қолы қойылумен жасалады.Түгендеу аяқталғанда оның дұрыстығына соңғы тексерістер жүргізіледі.Оған комиссияның барлық мүшесінің және материалды жауапты адам қатысады және актпен рәсімделеді. Нақты қалдықтардың жетіспеушілік пен артықшылықты жабу мақсатымен қате белгілерді описке енгізуге болмайды.
Салыстырмалы ведомстарда түгендеудің қорытындысы көрсетіледі – бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен түгендеу описінің айырмашылығы.
Түгендеу кезде айырмышылық анықталғанда салыстырмалы ведомсть құрылады, артықшылық - кіріск болып танылады; кемшілік – шығыс болып танылады. Жасалған іріктеліге (ауыстырылуы) кассир коммосияға толық түсініктеме береді. Түгендеудің қорытындысы түгендеу біткен айдың бухгалтерлік есебінде және қаржылық есепте, ал жылдың түгендеуі – жылдың қаржылық есебінде көрсетілуі керек.
Кәсіпкерлік ұйымдардың шаруашылық қызметтері бойынша заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынасқтары ақша қаражатпен есептесуге негізделеді. Көптеген шаруалар банктегі шоттар арқылы жасалады, үйткені ол өте жылдам, тиянақты және қатаң бақылаумен жүргізіледі – бұл түрдің есептесуі қолма қол ақшасыз есептесу деп танылады. Бұл түрдің бірнеше формалары болады: акцепті,аккредитивті, төлем- тапсырмамен,чектермен, вексельді және пошта байланыс аудармалар арқылы. Кәсіпорындар артық ақша қаражаттарын банктік шоттарда сақтауға құқылары бар. Кез келген заңды тұлға кезкелген ІІ деңгейлі банктерден ағымдағы банктік шот ашаалады. Ол үшін кәсіпорын мемлекеттік органдарда , салық оаргандарда тіркелгеннен кейін белгіленген форма боыйнша өтініш беріп аталған құжаттардың көшірмесін дайындап, одан басқа жарғысының көшірмесімен басшының, бас бухгалтердің қолымен кәсіпорын мөрін нотариальды рассталған карточкасын толтырып, бас бухгалтер жұмысқа тағайындалған бұйырығының көшірмелерін және өтініш тапсырады. Кәсіпорын бірнеше банктерден шоттар ашу құқысы бар, бірақ салық органдарға хабарландырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына сәйкес шыққан ережелермен нұсқаулар, номативтік құжаттар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формалары ұсынылады: төлем-тапсырма, чек, вексель, төлемдік талап-тапсырма, аккредитив, инкассалық өнім.
Ағымдағы банктік шоттардағы болып жатқан қозғалыстар кәсіпорын басшысының бұйырығымен тиісті құжаттарға сәйкес болады. Ағымдағы банктік шоттардағы ақша чек арқылы алынады, хабарлама арқалы салынады, басқа заңды және жеке тұлғаларға төлем- тапсырма арқылы аударылады. Егер кәсіпорын өз еркімен берешекті төлемесе кредитор тұлға төлем-талап тапсырма арқылы ақшаны алуға құқысы бар, ал бюджет мекемелері (салық , кедендік органдар) инкассалық өніммен ала алады.Чек кітапшаларын банк (өтініш бойынша) өзі береді. Ағымдағы банктік шоттардағы өз шаруашылық қозғалыстарын кәсіпорын банк көшірмесі арқылы бақылап отырады. Банк көшірмесіндегі қозғалыстарды растау үшін банк орғаны тіркелім құжаттарды қоса береді.Кәсіпорын бухгалтері теқсеру барысында қателер кездескен жағдайда жедел 10күн ішінде банкті хабарландыруға тиіс. Бухгалтер банк көшірмесін өңдеу барысында әр соманың түсына шот корреспонденциясын жазады.
Ағымдағы банктік шоттардағы есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шот қарастырылған, ақша қаражат есебі № 7 «Ақша қаражат есебі» ХҚЕС сәйкес көзделіп отыр.
Ағымдағы банктік шоттардағы қаражатының есебі бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарының І бөлімінің 1030 есептеледі. Бұл шот активті, негізгі, ақшалай, сондықтан ағымдағы банктік шоттарға ақша қаражаты кірістелгенде 1030 шот Д-леді, ақша банктік шоттан алынғанда 1030 шот К-леді
«ШетКоммунСервис» КМК бойынша келесідей бастапқы құжаттар бар:
кіріс кассалық ордер; [8]
шығыс кассалық ордер;[9]
төлем тапсырмасы; [10]
түгендеу актісі ; [12]
шот-фактуралардың журналы; [13]
Қалған құжаттар бас бухгалтердің шешіммен берілмеді.