Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб.раб.ЭЛ МАШ№1 (каз.яз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
625.66 Кб
Скачать

Жалғанулардың электрлік сұлбасы

Аппаратура тізімі

Белгіленуі

Аталуы

Типі

Параметрлері

А1

Реттелуші автотрансформатор

318.1

~ 0…240 В / 2 А

А2

Үшфазалы трансформаторлық топ

347.1

3´80 В×А;

230 В/242,235, 230, 226, 220, 133, 127 В

Р1

Мультиметрлер блогы

508.2

3 мультиметр

0...1000 В /

0...10 А /

0…20 МОм

Р2

Қуаттар өлшегіші

507.2

15; 60; 150; 300; 600 В / 0,05; 0,1; 0,2; 0,5 А.

Жалғанудың электрлік сұлбасының сипаттамасы

А1 автотрансформаторы синусоидалық кернеудің өндірістік жиілігінің көзін басқару үшін қолданылады.

А2 үшфазалық трансформаторлық топтың бір фазалық трансформаторлардың біреуі тәжірибелік болып табылады.

Р1 блогының мультиметрлері арқылы тәжірибелік трансформатордың кірмелік және шықпалық орамдарының кернеулері басқарылады.

Р2 өлшегішінің көмегімен тәжірибеде қолданылатын трансформатормен тұтынылатын активті және реактивті қуаттары бақыланады.

Тәжірибе жүргізу бойынша нұсқаулар

  • Тәжірибеде қолданылатын қондырғылардың ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіздер.

  • Тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың қорғаныстық жерге қосу " " ұяшықтарын А1 автотрансформаторының «РЕ» ұяшығына жалғаңыздар.

  • А1 автотрансформаторының 220В электрлік қоректенуінің аспаптық вилкасын электрлік сыммен 220В кернеулі қоректенудің бірфазалы үш өткізгішті электрлік желісіне қосыңыз.

  • Аппаратураны жалғанулардың электрлік сұлбасына сәйкес қосыңыз.

  • А1 автотрансформаторының реттеуші тұтқасын сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұраңыздар.

  • Тәжірибеде қолданылатын блоктардың «Желі» ажыратқыштарын қосыңыз.

  • Тәжірибеде қолданылатын Р1 мультиметрлер блогын іске қосыңыз.

  • А1 автотрансформаторының реттеуші тұтқасын бұрай отырып, тәжірибеде қолданылып отырған бір фазалы трансформатордың кірмелік ормамының U1 кернеуін өзгертіңіз. (Диапазон 0...240 В) және вольтметрдің берілгендерін (U кернеуі) немесе Р1.2 амперметрінің (трансформаторынының кірмелік орамының), сонымен қатар Р2 өлшеуішінің ваттметр және варметр берілгендерін (трансформатор тұтынатын активті Р0 және реактивті Q0 қуаттарын) 1.21 кестесіне енгізіңіз.

Таблица 1.2.1

U, В

I0, мА

P0, Вт

Q0, Вт

  • Тәжірибеде қолданылатын «Желі» ажыратқыштарын токтан ажыратыңыздар. 1.2.1 кестесінің берілгендерін пайдалана отырып, U1 кернеуіне сәйкес келетін қуат коэффициентін формула бойынша есептеңіз

Алынған нәтижелерді 1.2.2 кестеге енізіңіз.

Таблица 1.2.2

U, В

cos j0

  • 1.2.1 және 1.2.2 кестелерінің берілгендерін пайдалана отырып бір фазалы трансформатордың ізделініп жатқан бос жүріс тогының сипаттамаларын I0=f(U), Р0=f(U), cosφ0=f(U) салыңыз.

1.2.3. Бір фазалы трансформатордың қысқа тұйықталу режимі кезіндегі IК=f(U), РК=f(U), cosφК= f(U) сипаттамаларын анықтау және алу