Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦ2 курс каз нов14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2008. 663 б.

2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С.. - Астана, 2006

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Нейрон, құрылысы, оның түрлері

2. Нейроглия, қызметі

3. Синапс, құрылысы, қозуды өткізу механизмі

4. ОЖЖ-нің медиаторлары

5. Рефлекс туралы тісінік және рефлекстік доға.

6. Рефлекстік шеңбер туралы түсінік

7. Рефлекстердің жіктелуі

8. ОЖЖ-нің рефлекстерді үйлестіру механизмдері

9. ОЖЖ-дегі тежелудің түрлері, механизмі

Тақырып № 3 : Физиологиялық қызметтердің гормоналдық реттелуі. Ішкі секреция бездерінің жалпы физиологиясы, гормондардың жалпы қасиеті мен жіктелуі.

Мақсаты: Студенттерде мына түсініктерді қалыптастыру қажет:

1. Қызметтерді реттеуде жүйкелік – гуморальдық реттелудің біртұтастығындағы ішкі сөлініс бездерінің ролін көрсету.

2. Гормондардың жалпы қасиеттері , олардың организмге әсер ету типтері және

әсер ету жолдарының маңызын көрсету

3. Гормондардың жіктелу танысу ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру

Дәріс мазмұны

Адам ағзасының барлық қызметтері жүйке-гуморальдық механизмімен реттеледі.

Гуморальдық реттелу қан арқылы іске асады. Гуморальдық реттелудің факторлары болып гормондар, электролиттер, биологиялық белсенді заттар(ББЗ, медиаторлар табылады. Гормондар ішкі сөлініс бездерімен қанға түседі, электролиттермен ББЗ қанда, лимфада, тінаралық сұйықтықта болады, ал медиаторлар қозу кезінде жүйке талшықтарының ұшынан бөлінеді.Гуморальдық реттелудің 3 түрге бөледі: эндокриндік, паракриндік, нейрокриндік.АПУД – жүйесі – диффузды нейроэндокринді жасушалық құрылым. Оның құрамына жеке нейро-секреторлық жасушалар( апудоциттер) және олардың жиынтығы кіреді. Олар ОЖЖ-да, шеткі жүйке жүйесінде, ІСБ, ішек-қарында, жүректе, бүйректе, бауырда және көкбауырда орналасады. АПУД жүйенің бір бөлігі - ішек-қарынның энтериндік жүйесі. Гистогормондарды – маманданбаған жасушалар түзеді немесе қан плазмасында белгілі жағдайда п.б. (ауыру сезімі туғанда немесе қабыну кезінде )

Гормондардың жалпы қасиеттері:

1.Үлкен биологиялық активтілігі

2.Жүйелерге ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар мүшелердің құрылымына да әсер етеді

3. Алыстан әсер етеді (парагормондар)

4.Ағзада көп жиналмайды, тез ыдырайды

5.Гормондардың белоктық табиғаты

6.Ферменттер емес

Гормондардың әсер ету типтері:

1.генетикалық

2.коррегиялық

3.кинетикалық

Гормондардың әсер ету жолдары:

1.тікелей

2.орталық

3.рефлекстік

4.шартты рефлекстік

Гормондардың жіктелуі:

  1. химиялық табиғатта( өндірістік аминқышқылдар,белоктық табиғаты, стероидтар);

  2. зат алмасу процестерінне әсері( анаболикалық, катаболикалық);

  3. физиологиялық ролі(эффекторлығы,тропты, гипоталамустың гормондары)

Эндокринді бездердің, іс-әрекетінің жоғарғы реттеушісі және маңызды звеносы жүйкелік-гуморальдық жүйе болып гипоталамо-гипофиздік болып табылады.

Гипофиз үш бөлімнен тұрады: алдыңғы(аденгипофиз, артқы(нейрогипофиз), аралық, олардың әрқайсысы өз гормондарын бөледі.

Аденогипофиздің гипоталамуспен байланысының ерекшелігі гипофизден гипоталамуске гипофизарлық артерия барады. Онда капиллярлар торында ыдырайды,ал онда гипоталамустың ерекше нейросекреторлық жасущалары аяқталады. Соңғысы нейрогормон бөледі-релизинг фактор, аденогипофиздегі қақпа жүйесіне түседі де , гормондардың бөлінуін күшейтіп, тежейді.Нейрогипофиз гипоталамуспен жүйке арқылы байланысады: гипоталамустың нейросекреторлық жасушалары гормондар бөледі де ұзын аксондар арқылы бұл гормондар гипофиздің артқы бөліміне барып, сонда бөлінеді.

Көрнекті құралдар: студенттерге мультимедиялық дәрістің электрондық түрі кафедрада беріледі.

Терминологиялық сөздіктер:

1. Задняя доля гипофиза – Гипофиздің артқы бөлігі (каз.) - Posterior pituitary (англ.).

2. Высвобождающие и тормозящие нейрогормоны или факторы гипоталамуса - Гипоталамустың босатушы және тежеуші нейрогормондар немесе факторлар - Hypothalamic releasing and inhibitory neurohormones or factors.

3. Мозговое вещество надпочечников - Бүйрек үсті безінің милы қабаты - Adrenal medulla.

3. Корковое вещество надпочечников - Бүйрек үсті безнің қыртыс қабаты - Adrenal cortex.

4. Мужские половые гормоны – Аталық жыныс гормондары - Male sexual hormones.

5. Женские половые гормоны – Аналық жыныс гормондары - Female sexual hormones.