Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦ2 курс каз нов14-15.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

Дәріс мазмұны

ОЖЖ-нің зертеу әдістері: кесіп және алып тастау, тітіркендіру, ми биотоктарын зерттеу, биохимиялық, шартты рефлекстерді қалыптастыру және клиникалық әдістер (ЭКГ, ЭЭГ, Эхокардиография). Жоғарыда аталған әдістердің көмегімен ОЖЖ-нің әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін анықтауға болады.

Нейрондардың арасындағы байланыс түйіспелерге байланысты іске асады. Түйіспе түсінігін Шерингтон (1897ж) енгізгее. Түбіспенің құрылымы күрделі. Ол пресинапстық, постсинапстық мембраналардан, түйіспе аралық саңылаудан тұрады. Электрлік және химиялық түйіспелер болып бөлінеді. Химиялық түйіспелелерде қозу медиаторларға байланысты жүреді. Химиялық түйіспелердің физиологиялық қасиеттері: қозудың бір бағытта өтуі, тез шаршауы, із салу, төмен лабильдік, қозудың жинақталуы, фармакологиялық заттарға сезімталдығы.

Синапс пресинапстық мембранаға келген әрекет потенциалы арқылы белсендіріледі. Бұған жауап ретінде синапстық саңылауға медиаторлар бөлінеді. Оргайизмде кең тараған медиаторларға: ацетилхолин, норадреналин, дофамин, серотонин ГАМҚ және глицин жатады.

Физиологиялық қызметтердың, реттелуінің жалпы қағидалары болып: жүйкелік, гуморальдық, рефлекторлық жатады. Бұл кезде ағза өзін-өзі реттеу жүйесі сияқты болады. Рефлекс - бұл ағзаның ішкі және сыртғы тітіркендіргіштерге берген жауабы. Рефлекстің негізі - рефлекстік доға. Қазіргі кездегі түсінік бойынша бұл рефлекстік шеңбер, рефлекстік доға кері афферентациямен. Рефлекстің әртүрлі түрлері бар, ола былай жіктеледі:

-орталықтар, рецепторлардың орналасуы бойынша

-биологиялық мәні бойынша

-түйіспелердің саны бойынша

-жауап реакциясының сипаттамасы бойынша

-нейрондардың саны бойынша

Қызметтердің ретттелуінде ОЖЖ-нің үлкен мәні бар. ОЖЖ барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтердің іс-әрекетін ОЖЖ-і үйлестіріп отырады және организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімдеп мақсатталған әрекетін қалыптыстырып отырады. Жүйке орталықтарының мынадай қасиеттері бар: жоғары шаршағыштық, қозудың бір бағытта өтуі, із салу, тітіркендіргіштен кейінгі, әрекет, конвергенция, окклюзия, жинақталу, қозу, түйіспелердегі кідіру, төмен лабильдік, күштің трансформациясы және қозудың ырғағы, гипоксияға сезімталдық, дәрілік затарға сезімталдық,

Тежелудің түрлері:

  1. Пресинапстық

  2. Постсинапстық

  3. Пессимальды

  4. Қозудан кейінгі тежелу

ОЖЖ координациялық іс-әрекетінің негізгі қағидалары:

  1. конвергенция

  2. соңғы жалпы жол

  3. кері байланыс

  4. доминанттық қозу

  5. реципроктық тежелу

Көрнекі құралдар: Студентке мультимедиялық дәрістің электрондық түрі кафедрада беріледі.

Терминологиялық сөздіктер:

1. Рефлекторная дуга – Рефлекстік доға. (каз.) - Reflex arc (англ.).

2. Рефлекторное кольцо - Рефлекстік шеңбер - Reflex ring

3. Синаптическая задержка проведения – Түйіспелік кідіріс - Synaptic delay of conduction

4. Синаптическая задержка проведения – Түйіспелік кідіріс - Synaptic delay of conduction

5. Суммация возбуждения (временная и пространственная) - Қозудың жинақталуы (бір ізді мен кеңістік) - Summation of the excitation (temporal and spatial).

6. Обратная связь (обратная афферентация) - Кері байланыс (кері афферентация) – Feedback.

7. Реципрокное торможение - Реципроктық тежелу - Reciprocal inhibition.

8. Общий конечный путь - Сонғы жалпы жол - Final common path.