Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦ2 курс каз нов14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДӘРІСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырып № 1: Физиология пәні, жалпы сипаттамасы. Қозғыштық. Қозу үрдісі. Биэлектрліқ құбылыстар.

Мақсаты.

1. Студенттерде адам ағзасында болатын физиологиялық үрдістер жайында, қозу үрдісінің табиғаты және қозғыш ұлпалардың қасиеттерінің жалпы сипаттамасы жайында түсінікті қалыптастыру.

Дәрістің мазмұны.

Физиология-дені сау ағзаның қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым. Құрлысы мен қызметі арасындағы байланыс. Әдістемелік үйлесімдер және адам ағзасының тіршілік әрекетінің морфофизиологиялық заңдылықтарын зерттеу әдістері.

Адамның тіршілік әрекетінің биологиялық негіздері.Тіршілік туралы түсінік. Тіршілікті сипаттайтын жетекші заңдылықтар (өзінен-өзі жаңару, өзінен-өзі туындау, өзін-өзі реттеуі, метаболизм). Тірі ағзаның негізгі қасиеттері (зат, энергия алмасу, бейімделу, көбею, тұқым қуалау, өзгергіштік, тітіркендіргіштік, онтогенез филогенез). Ағза мен сыртқы ортаның өзара әсерлері мен бірлігі. Гомеостаз және гомеокинез. Тіршілікті ұйымдастыру деңгейінің иерархиясы: жүйкелік, мүшелік, тіндік, жасушалық, субклеткалық , молекулярлық .

Физиологиялық қызметтерді жүйелік ұйымдастырудың негіздері. Қызметтердің реттелуі мен олардың деңгейлері туралы түсінік. Қызметтердің реттелу механизмі: жүйкелік-рефлекторлық, гуморальдық, жергілікті. Системогенез.

Физиологияның дамуында шетелдік және отандық ғалымдар зор еңбек сіңірді: И.П.Павлов, П.К. Анохин, Э.А.Асретян, А.П. Полосухин, Н.У.Базанова және т.б.

Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың табиғаты туралы қазіргі кездегі түсініктер. Мемраналық потенциал. Жергілікті жауап. Әрекет потенциалы. Мембраналық-иондық теория олардың пайда болуы. Қозғыштықтың жеке айналымының түрлі кезіндегі мембрана қозғыштығының өзгеруі. Қозғыштықтың көрсеткіштері: қозу табалдырығы, реобаза, хронаксия, аккомодация жылдамдығы, пайдалы уақыт және лабильдік. Гоорвег-Вейсс күш және уақыт қисық сызығы.

Қозғыштық кезеңдері – абсолюттік және салыстырмалы рефрактерлік, экзальтация, субнормальды және супернормальды кезең.

Көрнекті құралдар: Студентке мультимедиялық дәрістердің электрондық түрі кафедрада беріледі.

Терминологиялық сөздіктер:

1. Возбудимые ткани – Қозғыш тіндер (каз.) - Excitable tissues (англ.).

2. Возбудимость - Қозғыштық - Excitability

3. Проводимость - Откізгіштік - Conductivity

4. Потенциал покоя (ПП, МП) – тыныштық потенциал (ТП, МП) - Resting potential (RP).

5. Потенциал действия (ПД) – әрекет потенциал (ӘП) - Action potential (AP).

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2008. 663 б.

2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С.. - Астана, 2006

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Жасушаның негізгі қызметтерін анықтаңыз.

  2. Жасуша мембранаcsның негізгі құрылымдарын атаңыз.

  3. Мембраналық белоктар қайда орналасқан?

  4. Қандай ұлпалар қозғыш деп аталады.

  5. Қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар (МП, ӘП)

Тақырып № 2: Жүйке орталықтары және оның қасиеттері. ОЖЖ-нің үйлестіру және интегративті қызметтерінің механизмдері. ОЖЖ-гі тежелу.

Мақсаты: Студенттерде қалыптастыру қажет:

  • Нейронның құрылысы мен қызметі

  • Синапстың құрылысы мен қасиеттері

  • Организмнің интегративті қызметіндегі ОЖЖ-нің рөлі.

  • ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің механизмі, тежелу