
- •Модульдік кітап
- •Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы
- •Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы
- •Білім берудің жеке нәтижелері
- •Бағалау саясаты
- •Тематика семинаров, практических занятий и экскурсий студентов дисциплины «Экология языка как один из факторов устойчивого развития Казахстана»
- •Консультационные часы
- •Экология және тұрақты даму
- •«Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері» Модуль пәнінің семинар тақырыптары «Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері»
- •Лабораториялық және экскурсия тақырыптары «Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері»
- •Кеңес беру сағаттары
- •Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
- •Семинар және экскурсия тақырыптары «Өмірлік қауіпті жағдайлардың алдын алу және жою»
- •Кеңес беру сағаттары
- •Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Бекітемін»
«ЖББПжТДЖМ» директоры
_______________ Жолаев Р.К.
«____» _________ 2014 ж.
Модульдік кітап
Модульдің атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір
Шығарылған мерзімі:
Нұсқасы:1
Еуропалық кредиттер саны – 11
Студенттердің сағаттық жүктемесі – 315 сағат
Орыс тілі – 135 сағат
Қазақстандағы тұрақты даму және экология – 90 сағат
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – 90 сағат
Дене тәрбиесі – 30 сағат
Астана – 2014
Модульдің жауапты үйлестірушісі__Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы__
Модульді үйлестірушісінің электрондық поштасы ___karlygash-23@mail.ru_____
Модульді үйлестірушісінің телефон нөмірі__8775 391 82 05________________
Модуль координаторының қолы _________________________
Жоғары мектебінің директора _____________ Жолаев Р.К.
Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы
Модуль пәндері экологиялық даму, қауіпсіз даму, мәдени даму аясында бір бірімен тығыз байланысты.
Модульді оқып үйрену студенттерге қазақ тіліндегі білімдер негізінде теориялық, қолданбалық, коммуникативтік дағдылар саласында жалпы құзіреттерге ие болуға мүмкіндік береді, қазақ халқы мен Қазақстан аумағында тұратын басқа да этностардың экологиялық мәдениетіне сыйластықпен қарауға баулиды.
Студенттер проблемаларды шешудің тиімді жолдары туралы хабарлама жасауға және осы ақпараттарды өмірлік жағдайлардың аспектілеріне қатысты қолдануға, өзінің қауіпсіздігін дұрыс сақтауға үйренеді.
Модуль мақсаттары:
«Қазақстандағы тұрақты өмір» атты модульді оқыған кезде студент алған білімдерін жүйелей алуы, базалық тарихи категорияларды анықтай алуы, «Тіл экологиясы - Қазақстанның тұрақты дамуы факторларының бірі» пәні бойынша модульді оқыту үдерісінде академиялық жазу мәдениеті дағдыларын дамыту; орыс әдеби тілінің нормаларына сәйкес эссе жазу қағидаттарын үйрету.
«Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері» модуль пәнінің мақсаты Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелерді қарастыру, олардың себептерімен шығу жолдарын анықтау.
«Өмірлік қауіпті жағдайлардың алдын алу және жою» модуль пәнінің мақсаты табиғи және техногенді сипаттағы қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда адамдардың қауіпсіз іс-әрекеті туралы, қауіпті және төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы, мемлекетті қорғау бойынша азаматтардың міндеттері туралы білімді зерделеу және меңгеру болып табылады. Сонымен қатар студенттер жеке қорғаныс құралдарын қолдануды, зардап шегушілерге дәрігерге дейін көмек көрсету дағдыларын меңгеру болып табылады.
Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы
Соңында жазбаша баяндама ұсынылатын пәндерді біріктіретін және модуль тақырыбына қатысты пәнаралық топтық тапсырмалар. Модуль тапсырмаларының ұсынылатын тақырыптары ( эссе жазу):
1. «Шекарааралық өзендердің экологиялық проблемалары»
2. «Әлеуметтік сипаттағы қауіпті жағдайлар».
3. «Экология және қауіпсіздік».
Бір модуль тапсырмасы 4 адамнан тұратын топпен жүзеге асырылады. Студенттердің жұмыстарын кеңестік тексерулер кестеге сәйкес іске асырылады. Кеңес студенттерге міндетті. Эссені тексеру (баға қою) 8-аптада іске асырылады.
Модуль тапсырмасын орындауға қойылатын талаптар: 4 баспа бет, 14 шрифт, интервалы 1 Тапсырма орыс тілінде.