
2011-2012 ҚазБсқа Философия Жамалов к..
Казақ Басқару сәулет-құрылыс академиясы Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті Активті үлестірмелі материал «Философия » ЖГПФ барлық мамандықтарға 3 кредит 4 семестр 2011-12 оқу жылы Лекция № 4 «ФИЛОСОФИЯ КАТЕГОРИЯЛАРЫ» Ассоц. профессор Жамалов К.Ж. |
Философия категориялары
Даму екі түрлі бағытта жүзеге асады. Олар: 1. прогресс (латын сөзі, алға ерлеу, күрделену, шыңдалу) даму барысындағы қарапайымнан күрделіге өтуіді айтамыз. 2.Регресс ( латын сөзі, кері қарай) зат немесе құбылыстың ұйымдасу деңгейінің төмендеуін, тоқырауын, ыдырауын айтамыз.
Сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниедегі өзгерістердің нағыттығы бар екенін байқаған. Мысалы, Гесиодтың «Еңбек пен күндер» атты туындысында ол адамзат темір заманында өмір сүріп жатыр деген пікірге келеді. Ал «алтын ғасыр» болса, ол артта қалып қойды, - деп өкінеді. Яғни тарих кері жылжу үстінде. Платон мен Аристотель дүниенің өзгеруін бірінің артынан бірі келіп, қайталап отыратын шеңбер сияқты түсінді.
Жаңа Дәуірде өндіргіш күштердің күрт дамуы мен байлықтың өсуі, ғылымның жетістіктерінің кең көлемде өмірге енуіне байланысты «жарқынды болашақ» идеясы пайда болады. «Алтын ғасыр» артта емес, ол - алда. Егер Ф.Бэкон мен Р. Декарт ғылымның құдіретті күшіне сенсе, Т.Мор, Т. Кампанелла сияқты ойшылдар болашақтағы бақытты қоғамды көз алдарына елестетуге тырысты.
XIX ғ. маркстік көзқарасқа келер болсақ, олар адамзат прогрессивті жолмен даму барысында болашақ коммунистік қоғам орнатады деген пікірге келіп, оны ғылыми жолмен дәлелдегісі келді.
Қайшылыққа толы XX ғасыр, бір жағынан, адамның ақыл-ойының кереметтігін көрсететін ғылыми-техникалық прогрестің ғажап туындыларымен суреттелсе (радио, ТВ, ұялы телефон, компьютер т.с.с), екінші жағынан, екі дүниежүзілік соғыста миллиондаған жас адамдардың қырылуына әкелді, қоғамда материалдық мәдениет (цивилизация) сырттай күрделенгенмен, миллиондаған адамдар рухани азғындады. Бұл арада орыстың ұлы ойшылы Н.К.Рерихтің «шың биіктеген сайын шыңырау да да тереңдей түседі» деген ғажап ойын келтірсек те болғаны.
Бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдары өлі табиғаттың дамуы жөнінде біршама деректер жинады. Деректер болмыс шеңберіндегі өлі табиғаттың миллиардтаған жылдарда дамып, күрделенгенін көрсетеді. Осыдан күрделену - прогрестің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Олай болса, өлі табиғат та өсу, жетілу үрдісінде!
Барлық тіршілік өсіп-өніп, жаңа буындарды дүниеге әкеледі, бірақ олар өткен ұрпақтармен ұқсастығы, сонымен қатар айырмашылығымен сипатталады. Жаңа қасиеттердің организмде жиылуының арқасында мыңдаған жылдар өте, тіршіліктің жаңа түрі дүниеге келеді т.с.с. Яғни тіршілікте прогрессивтік даму үрдісі бар және ол өлі табиғатқа қарағанда анағұрлым тез қарқынмен жүруде. Бұл арада оның тарихи күрделену деңгейін қысқаша былай көрсетсе де болады: молекулярлық, клеткалық, организмдік, полуляциялық, биоценоздық, биосфералық деңгейлер.
Бүгінгі таңдағы біз білетін Әлемде қоғамнан күрделі жүйе жоқ саяқты. Әрине, қоғамның прогрессивті дамуы ешкімнің қарсылығын туғызбайтын жайт. Алғашқы тобырдағы жабайы адам мен қазіргі өркениет иесі болатын адамның екі арасы шексіз деп айтуға болады. Бірақ осы жерде оның анықтамалары қандай деген сұрақ біздің ойымызға келеді. Егер өндіргіш күштердің дамуын анықтама ретінде алсақ, онда АҚШ-тан артық ел жоқ саяқты. Ал кейбір араб елдерінде оны неге «шайтан қоғамы» дейді? Материалдық байлығымен масаттанатын бұл елдің рухани озықтығы қандай? Американдықтар өз адами қасиеттерімен бізді озып кетті ме т.с.с. сұрақтарды қойсақ, онда прогрессивтік дамудың қайшылықты екенін, оны анықтау үшін бірнеше факторларды ескеруіміз керек екенін байқаймыз
Н.А.Бердяев қоғамдық прогрестің негізгі анықтамасы ретінде ізгілік, жақсылықтың өсуі мен зұлымдықтың азаюын келтірген болатын. Американ ойшылы П.Сорокин: «Прогрестің анықтамасы -адамның өзін бақытты сезінуінде», - деген ой тастайды. Бұл айтылған терең ойларды қорытсақ, онда қоғамның прогрессивті дамуының негізгі анықтамасы - адамгершіліктің өсуіне (гуманитарлық критерий) келіп тіреледі.
Расында да, капитализмнің бетке ұстар бағыты - капиталдың, байлықтың өсуін басты мақсат етіп қоюуы, бүкіл ақпарат құралдарын соны насихаттауға бағыттауы - соңғы ғасырларда адамдардың негізгі өмір мақсаты ретінде материалдық-сезімдік құндылықтарға бағытталуына әкелді. Осыған орай, ағылшын ойшылы Б.Рассел: «Қазіргі адамдар рухани жағынан көне замандағы «үңгір түрғынының» деңгейінде», - десе, американ философы Ә.Фромм: «Техникалық жағынан қазіргі адамдар атом Дәуірінде болса, эмоционалдық жағынан көпшілік тас дәуірінде, соның ішіне биліктегілерді де қосуға болады», - дейді.
Қазіргі таңда Батыс қоғамдарында да Бұл мәселе қызу талданып, «өмір сапасына» көп көңіл бөлінуде. Өмір сапасы жалғыз материалдық байлыққа келіп тірелмейді: оған таза ауа, ішетін су, ақысыз білім мен денсаулық қажеттіктерін өтеу, жастарға арналған арнаулы әлеуметтік бағдарламалар болуы т.с.с. көп нәрселер кіреді. Яғни қоғам өміріне жаңа «өмір сапасын» енгізу дегеніміз - жеке мүддеден гөрі қауымдық мүддені жоғары ұстау. Ол үшін, негізінен алғанда, саясатга әлеуметтік демократиялық жолға түсу керек.
Жүйе, элемент, құрылым
Жоғарыдағы талданған категориялар саяқты, жүйелік те заттар мен құбылыстарға тән қасиет. Ол дүниедегі ретке келгендікті, белгілі бір заңдылықты, хаосқа қарсы тұрған үрдістерді сипаттайды.
Жүйе дегеніміз белгілі бір тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы. Элементтер деп нақты тұрғыда әрі қарай бөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан бөлшектерді айтамыз. Басқа жағдайда, байланыста сол элементтердің өзі жүйеге айналуы мүмкін. Осы тұрғыда, бүкіл Дүниені жүйенің жүйесі ретінде қарауға болады.
Әрбір элемент белгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады. Егер ол болмаса, онда жүйе де қалыптаса алмайды. Элементтердің өзара байланысы мен іс-әрекеті жүйенің жаңа - өз элементтерінің қосындыларына тең емес - қасиеттерін тудырады. Мысалы, суды құрайтын сутегі мен оттегі бөлек-бөлек алсақ - жанғыш. Ал судың элементтері ретінде біріккен кезде, керісінше, отты сөндіретін қасиетке ие болады.
Қайсыбір жүйе өзіне тән құрылымнан тұрады. Құрылым деп жүйенің элементтерінің арасындағы тұрақты байланыстар мен қарым-қатынаст жиынтығы айтылады. Ал тұрақты байланыстар заңдылықтың негізінде жатқан жоқ па? Олай болса, құрылымды элементтердің заңды байланысы десек те болады.
Дүниедегі сан қилы жүйелерді ең жалпы түрде екіге бөлуге болады. Оның бірі - бейорганикалық, яғни өлі табиғатта кездесетін жүйелер. Оған мысал ретінде күн жүйесін, неше түрлі химиялық қосындыларды, техникалық жүйелерді келтірсек жетеді. Олардың ерекшелігі - жүйе оны құрайтын бөлшектеріне тәуелді. Мысалы, күн жүйесін құрайтын планеталардың біреуі болмағанда, жердің орбитасы басқа болып, оның бетінде, мүмкін, өмір пайда болмаған да болар еді!
Екінші: органикалық жүйелерді алсақ, олар өзінің өте күрделілігімен, сонымен қатар біртұтастықтың өзінің кұрамдас бөлшектеріне қарағанда басымдылығының арқасында өмір сүреді Олар өз-өзін толықтырып, өзіндік даму дәрежесіне дейін көтеріледі. Оған мысал ретінде қайсыбір тіршілікті алуға болады. Бейорганикалық жүйелердің бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде қарағанда, дербес болып, өз-өздігімен өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің элементтері жүйеге толығынан тәуелді, одан сырт қалса, өмір сүре алмайды. Мысалы, адамның бауыры меп бүйрегі біртұтас организм жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін тоқтатады. Тек қана организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнің құрамдас бөліктерімен қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.
Бүгінгі таңда ашылған ең күрделі жүйе, әрине, қоғам. Қоғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді. Олардың бәрі де саналы пенделер, өз өмірін жоспарлап, өз алдына неше түрлі мақсаттар қойьш, оны іске асыру жолында басқа адамдармен толтасып, көзге көрінетін сан алуан қарым-қатынастарға түседі. Ал көзге көрінбейтін саны жоқ қатынастарды тіпті есептеу мүмкін емес! Мысалы, дүкенге барып бір нан сатып алсаңыз, ол тек қана сіз бен сатушының қарым-қатынасын көрсетіп қана қоймайды. Сол элементарлы байланыс сізді саны жоқ астыртын миллиондаған адамдармен қосады. Ол нанды ұннан жасайды, ал оны өндіру үшін бидай қажет, ол үшін егін егу керек, оған тракторлар мен сепкіштер керек, ал оларды жасау үшін темір рудасын өндіріп, оны металлургия комбинатында балқыту керек .. .т.с.с!!!
Қоғамды Дүниедегі ең күрделі жүйе ретінде қарағанда, оның озі де ішкі оған бағынышты қосалқы жүйелерден тұратынын айқын-даймыз. Бүгінгі кең тараған пікір - оны 4 қосалқы жүйеге бөлу: экономикалық жүйе; әлеуметтік жүйе;саяси-құқтық жүйе; рухани адамгершілік жүйе;
Олардың әрбіреуінің өзіндік элементтері, күрылым заңдықтары бар. Бірақ оларды талдауды «әлеуметтік философияға» арналған тарауымызда қарастырамыз.
Бүтін және бөлшек
«Бүтін» және «бөлшек» ұғымдары өзінің мазмұны жағынан «жүйе» және «элементке» өте жақын. Дегенмен де олардың айырмашылығы да жоқ емес. Бүтін деп өзінің іштей байланысты құрамдас бөлшектерін бірлікке әкеліп, оларды анықтайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз.
Бөлшек деп бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Бүтін мен бөлшектің жүйе мен әлементтен айырмашылығы - бүтін заттың бірлігін, ерекшелігін көрсетсе, жүйе - бірліктің көптілігі арқылы көрінеді. Бөлшек бүтіннен тыс байланысқа түсіп өмір сүре алмайды, ал элемент бір жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, сонымен қатар, басқа байланыстарға да түсуі мүмкін.
Бөлшек әрқашанда бүтіннің ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар өзіне тән ерекшелігін де бойында сақтайды. Ал бүтінге келер болсақ, ол өзінің бөлшектерін біріктіріп, солар арқылы оз ерекшеліктерін болмысқа әкеледі.
Бүтін мен бөлшектің өзара байланысын зерттеуде келесі пікірлер орын алған. Біріншісі бүтінді асыра бағалайды, оны холизм (һоіе - ағылшын сөзі, бүтін) десе, екіншісі бөлшекті негізгі деп есептейді, оны меризм (меге ағылшын сөзі, қарапайым) деп атайды.
Мысалы, тірі организмді алсақ, меризм оны механикалық, физикалық, химиялықтың қосындыларына тең деген пікір айтады. Холизм же жоғарыдағы үшеуімен қатар, организмнің төртінші, яғни бәрін біріктіріп, оны өмір сүру мен дамуға итермелейтін «х-факторды» мойындайды. Соңғы - рухани (Аристотельдің сөзімеч айтсақ, заттың энтелехиясы), ол танылмайды.
Холизмді асыра бағалау негізінде саясатта неше түрлі тоталитарлық тұжырымдамалыр дүниеге келеді. Ол идеялар өмірде іске асқан жағдайда жеке адамдардың мақсат-мүдделері толығынан қоғамдық жалпы мүдделерге бағынышты болуы керек. Жеке адам өмірінің құндылығы, қажеттігі, оның өз алдына қойған мақсат-мұраты, оларды іске асыруға бағытталған әрекеттері т.с.с. бәрі қоғамдық жалпы мүдденің шеңберінен тыс шықпау керек. Оны уақытында большевиктер мынандай мақал-мәтелмен берген: «Ағашты шапқанда жоңқалар ұшады» (сондағы «жоңқалар» - жекс адам өмірі!). XX ғ. пайда болған неше түрлі тоталитарлық режимдер миллиоңдаған жеке адамдарды өзінің қияли «қоғамдык мүдделеріне» қарсы келді деп құртып жіберген жоқ па?!
Енді бүгінгі таңда «либералдық демократия» саясатынап туындаған «әлеуметтік атомизм» тұжырымдамасына келер болсақ, ол, керісінше, жеке адамның мүдделері мен мақсат-мү-ратыи қоғамдық мүддеден биік қояды. «Жеке адамның іс-әрекетіне толығынан жол ашылсын!», «Адам құқтары мен еріктігі басымқы болсын!» деген ұрандардан «керісінше тоталитаризмді» байқауға болатын саяқты .
Мазмүн және форма
Келесі талдайтын категориялар - мазмұн және форма, өйткені біз болмысты талдауда әрі қарай тереңдей түсеміз. Мазмұнға зат, я болмаса кұбылыстың барлық құрамдас бөліктершщ жиынтығы, олардың қасиетгері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма деп мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұиымдасу тәртібін айтамыз.
Форма категориясын философияға енпзген Аристотель болды. Оның ойынша, материя пассивті, енжар, өзшдік дамуға мүмкіндігі жоқ, езілген саз саяқты . Оны Дүниеге келтіретін дамытатын - форма ғана. Материя формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды.
Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы бір-бірінен айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн формаланған, форма - мазмұнды; олар қайшылықты бірлікте, даму үрдісінде бір-біріне өтуі мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең тиімді даму үрдісі жүреді.
Мазмүн мен форманың арақатынасын талдауда екі бір-біріне қарсы пікір бар. Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас - форманың белсенділігі.
Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас - мазмұнның бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың мазмұны басқалармен өне бойы байланыста болғаннан кейін өзгеріске үшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға сыймай, оны өзгертеді, жаңа пайда болған форма мазмұнның әрі қарай дамуына жағдай туғызады.
Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен қатар қоғам өмірінде саналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа формаларды тудырып, мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп отыр. Экономика саласындағы жаңа меншік формаларын өмірге енгізу шаруашылық үрдістердің күрт дамуына жағдай жасады. Муни-ципалдық, зейнеткерлік реформалар жаңа формаларды енгізу арқы-лы жүруде, соның арқасында Бұл салаларда да үлкен өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа формаларды енгізу, негізінен алғанда, жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске асып жатыр.
Сонымен қатар форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау формализм деген теріс құбылысты тудырады. Ол әсіресе басқару жүйесіндегі шен иелерінің қызметіне байланысты. Ондай адам-дарды халық «қағаздық жан» (бумажная душа) деп атайды. Олар мәселені мазмұнына қарап шешудің орнына неше түрлі ұсақ-түйекке арқа сүйеп, тежейді.