
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Өзін-өзі тексеру
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Шелек қорғаны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •XiXғ. Екінші жартысы – xXғ. Басындағы Қазақстан
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •XX ғасырдың басындағы Қазақстан
- •Өзін-өзі тексеру
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі.Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей протекторатын қабылдау туралы шешім қабылдады. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығын қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781 жж.) көрегенді әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. Абылай ханды қазақ жоңғар соғысындағы қазақ халқының жеңісін қамтамасыз еткен қолбасшы ретінде де халық ерекше құрмет тұтты. 1733-1734 жылдары Ұлы жүздің билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім қабылдайды.Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей қазақ жерінің барлық аумағын біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады. Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді.
Қазақ жерін отарлауда Ресей үкіметі қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігін жоюды басты мақсат етіп қойды. Оны Қазақ хандығының басқару жүйесін реформалау арқылы жүзеге асырды. Бұл саясат ХІХ ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Реформа Орта жүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М.Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады.
Бақылау сұрақтары
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай.
Патшалықтың Қазақ даласын отарлау мақсатындағы іс-әрекеттері
Сібір және Орынбор қазақтары туралы ережелер
Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
Қазақстан Ресей империясының құрамында. XVIII және XIXғғ. ұлт-азаттық қозғалыстар (1с.)
Абылай хан мемлекеттік қайраткер, саясаткер, дипломат-саяси портретін дайындаңыз
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер -2с.
1.Абілхаир хан туралы эссе дайындаңыз
2.Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері бойынша сызба–диаграмма дайындаңыз
3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз
[1,2,3нег3,8,11қосым.]
№ |
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
1 |
Экспедиция - белгілі бір аймактағы зерттеу нысандары |
экспедиция |
expedition |
2 |
Акт – келіссөз жүргізген кездегі қол қоятын құжаты |
акт |
act |
3 |
Бодандық – саяси және экономикалық тұрғыдағы мықты мемлекетке тәуелді болу |
покоренность |
The conquest |
4 |
Жарғы – басшылықтың қарапайым халыққа беретін үндеуі |
устав |
charter |
5 |
Жоба – құжат түрінде берілетін бұйрық |
проект |
project |
6 |
Алым–салық – белгілі бір мөлшерде төленетін қаржы-қаражат |
дань - налог |
|
7 |
Елшілік – басқа елден келетін,келіссөз жүргізетін адам |
посольство |
embassy |
8 |
Езгі – халықты күшпен басу |
ничтожный |
insignificant |
9 |
Бекініс – қорғануға арналған құрылыс |
крепость |
fortress |
10 |
Жайылым – малға жайылуға ыңғайлы жер |
пастбища |
Pacture,grazing |
Өзін-өзі тексеру
1742 жылы Жайық өзенінің бойына патша үкіметі қазақтарға
А)мал жаюға тыйым салды
В)сауда байланысын жасауға тыйым салды
С)егіншілікпен айналысуға мүмкіндік берді
Д)салық төлеуді мәжбүр етті
Е)шет елдермен байланыс жасауға тыйым салды
2.Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы
А) I кезеңнен тұрды
В) II кезеңнен тұрды
C) III кезеңнен тұрды
Д)IV кезеңнен тұрды
E) V кезеңнен тұрды
3.Жер мәселесі бойынша қазақтардың соғысқа қатысуы
А)1773-1774жж
В)1774-1775жж
С)1772-1775жж
Д)1773-1775жж
Е)1772-1774жж
4.Е. Пугачевті қолдап, қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны
А)Досалы
В)Сырым
С)Айшуақ
Д)Ералы
Е)Дәуітбай
5.Е. Пугачевті көтерелісіне қатысқан Кіші жүздегі көтеріліс басшысы батыр
А)Бөгенбай
В)Қабанбай
С)Сырым Датұлы
Д)Ералы
Е)Айшуақ
6.Е.Пугачев музейі
А)Орынборда
В) Оралда
С)Таразда
Д)Петропавл
Е)Орск
7.Сырым Датұлы старшын болған ру
А)Алшын
В)Адай
С) Табын
Д)Беріш
Е)Байбақты
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.
9 – АҮМ XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар
|
|
Қазақстан тарихы 9-дәрістің тақырыбы: ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна |
Дәрістің қысқаша мазмұны
ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей өзінің Қазақстанның оңтүстігіндегі ықпалын күшейтіп, осы мақсатта Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі әскери қамалдарын салды. 1847 ж. қарай Орта және Ұлы жүз қазақтарының басым бөлігі Ресей бодандығына өтті 1854 ж. көктемде майор М. Перемышленский өзінің отрядымен бірге Верное бекінісін салды. 1858 ж. наурызда Әулие-Ата маңында қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығы езгісіне қарсы ірі азаттық көтерілістерінің бірі басталды. Бұл көтеріліс Шымкенттен Мерке мен Бішкекке дейінгі аумақты қамтып, 1860 ж. 19-21 қазанда Ұзынағаш маңында генерал Колпаковский басқарған орыс әскері мен Қоқан отряды арасында шайқас болды. Қоқандықтар жеңіліске ұшырады.
Қазақтар екі жақта да шайқасты. Осыдан кейін патша үкіметінің әскері Бішкек (1860 ж.), Созақ (1863 ж.), Әулие-Ата, Түркістан, Шымкент (1864 ж.), Ташкент (1865 ж.) қалаларын, 1866 ж. көктемде орыс әскерлері Бұхар әмірлігінің біршама бөлігін басып алды. 1868 ж. осыған дейін Қоқанға тәуелді болған қазақ жерлері Ресей имеприясына өтті. Осылайша Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды.
1867 ж. 11 шілдеде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже”, 1868 ж. 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы Уақытша ереже” қабылданып, осы реформаларға сәйкес
Бақылау сұрақтары
1867-1868 жж. Ережелердің сипаты
Орыс капиталының Қазақстанға енуі.
Қоныс аудару саясаты
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):