
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Өзін-өзі тексеру
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Шелек қорғаны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •XiXғ. Екінші жартысы – xXғ. Басындағы Қазақстан
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •XX ғасырдың басындағы Қазақстан
- •Өзін-өзі тексеру
Дәрістің қысқаша мазмұны
ХУІІ ғ. басында Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Мұнда бірнеше хандықтардан тұратын үш жүз болды. Жүздер арасындағы біркелкі саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының билеушілері арасындағы өзара қырқыс көршілерді шапқыншылыққа итермелеп, қазақ халқын орасан зор зардаптарға душар қылды. Қазақ хандығы Орта Азия хандықтары, башқұрлар, қалмақтар тарапынан үнемі қысым көрді, алайда негізгі қауіп Жоңғар мемлекеті тарапынан болды. Жоңғарлар – тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілгені белгілі.
Қазақтар арсындағы алауыздықтарды жақсы пайдаланып отырған жоңғарлар 1713 жылы Қазақ хандығына тағы да басып кірді. Ондай жорық 1716 жылы да қайталанды. Ал 1717 жылы Аягөз өзені бойында үш күндік шайқас болды. ол қазақ жасағының жеңілуімен аяқталды.
1718 жылы жоңғарлар Жетісуға баса көктеп кіріп, одан әрі оңтүстіктегі Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойында жойқын соғыстар жүргізді. Олардың негізгі мақсаты Қазақ хандығының ордасы – Түркістанды басып алу еді.
Қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезеңі – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728) нәубетіне алып келген еді. Бірақ 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады. Ел билеушілері мен батырлар азаттық күреске жұмыла бастады.
Бақылау сұрақтары
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Ұлт-азаттық күрестің батырлары.
ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың әлеуметтік құрылымы мен өзгешелігі.
ХVІ-ХVІІІ ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.
ХVІ-ХVІІІ ғғ. қазақтардың ауыз әдебиеті, қазақ халқының рухани әлемінің көрінісі.
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай.
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Қазақ билерінің ролі туралы эссе дайындаңыз
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Қазақ хандығының құрылуы, оның саяси және әлеуметтің экономикалық жағдайы (XV – XVIII ғ.ғ.)
1.Ірі қазақ-жоңғар шайқастарын графикалық сызба жасап ашыңыз
2. Жеке бір батыр туралы эссе дайындаңыз
3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз
[1,2нег.6,4,11қосымш.]
Глоссарий
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
Жұт - жаппай малдың қырылуы |
Джут |
Jute |
Лама - будда дінінің қызметкері |
Лама |
Lama |
Аманат - кепілдікке беру |
Аманат |
Amanat |
Редут - алдынғы шеп қатары |
Редут |
Redoubt |
Жасақ - жауынгер тобы |
Ясак . |
Jasak |
Форпост - әскери бекініс |
Форпост |
Outpost |
Шежіре - кезеңдегі оқиғаларды баяндау |
Летопись |
Shezhire |
Өзін-өзі тексеру
1. Жоңғар хандығы құрылды
А) 1635 ж
В) 1637 ж
С) 1639 ж
Д) 1641 ж
Е)1643 ж
2. XVIII ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет
А) Бұқар мемлекеті
В) Қытай мемлекеті
С) Ресей империясы
Д) Моңғол мемлекеті
Е) Жоңғар мемлекеті
3. Орбұлақ шайқасы болды
А) 1628 ж
В) 1718ж
С) 1641 ж
Д) 1643 ж
Е) 1627 ж
4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты зардап шеккен аймақ
А) Түркістан аймағы
В) Жетісу аймағы
С) Сарайшық
Д) Сауран
Е) Отырар
5. Жиырма мың қолымен Жоңғарларға ту сыртынан шабуыл жасаған Қазақтың батыры
А) Тәуке
В) Жәңгір
С) Жалаңтөс
Д) Тәуекел
Е) Шығай
6. Жоңғарлар 1680 ж Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған кезде аман қалған қала
А) Сарайшық
В) Сауран
С) Тараз
Д) Отырар
Е) Түркістан
7. Қазақ жеріне Жоңғарлар басып кірді
А) 1711-1718 жж
В) 1639-1640 жж
С) 1715-1718 жж
Д) 1711-1720 жж
Е) 1712-1718 жж
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
3.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
4.Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320 бет
Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.
8 – АҮМ Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер |
|
Қазақстан тарихы 8-дәрістің тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт- азаттық жолындағы көтерілістер. 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы
Сулейменова Қымбат Касымовна |