
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Өзін-өзі тексеру
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Шелек қорғаны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •XiXғ. Екінші жартысы – xXғ. Басындағы Қазақстан
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •XX ғасырдың басындағы Қазақстан
- •Өзін-өзі тексеру
Өзін-өзі тексеру
1. Қазақстанда азамат соғысының негізгі ошақтарының бірі:
А) Семей
В) Петропавл
С) Өскемен
D) Қостанай
Е) Орынбор
2. Азамат соғысы жылдарындағы партизан қозғалысының ірі ошағы:
А) Маңғыстау уезі
В) Қостанай уезі
С) Ақтөбе уезі
D) Ырғыз уезі
Е) Бөкей ордасы
3. Жер-су реформасының мәні:
А) көшпелі шаруашылықтардың отырықшылануы
В) егіншіліктің дамуы
С) отаршылық жылдарында тартып 5. Қазақстандағы Кеңес өкіметінің негізгі саяси қарсыластары:
А) Үш-жүз
В) Шура-и-Ислами
С) Алаш
D) Шура-и-Улема
Е) Социалист-революционерлер
6. Азамат соғысы жылдарында Ақтөбе майданына Ә.Жангельдиннің экспедициясы ...жеткізді:
А) азық-түлік
В) киім-кешек
С) құпия құжат
D) қару-жарақ
Е) транспорт
7. Орта Азия республикаларының межеленуі нәтижесінде Қаз АССР-ның құрамына қосылған облыстар:
А) Жетісу, Түркістан
В) Сырдария, Ферғана
С) Жетісу, Самарқанд
D) Жетісу, Сырдария
Е) Қызылорда, Жетісу
алынған жерлерді қайтарып алу
D) жайылымдық жерлерді бөлу
Е) суландыру жүйесін дамыту
4. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау кезеңі:
А) 1916 ж. қарашасы- 1917ж. наурызы
В) 1916 ж. желтоқсаны-1918ж. мамыры
С) 1917 ж. қазаны- 1918ж.наурызы
D) 1917 ж. қараша- 1919ж. маусымы
Е) 1917 ж. желтоқсаны- 1920ж. қыркүйегі
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; . 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
3.Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
4.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
5.Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
6. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
7.Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
9.Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
10.Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
11.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.
12 – АҮМ Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жұйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 ж.ж.) - 2с.
|
|
Қазақстан тарихы 12-дәрістің тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жұйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939ж.ж.) 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна |
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Кеңес мемлекетінің күштеу саясаты ауыл мен деревняда үдей түскен наразылық тудырды. Көптеген губернияларда көтерілісші отрядтар пайда болды. Партияның Х съезі (1921 ж. наурыз) азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру туралы, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылдады.
ЖЭС-ты енгізуге байланысты жалға жер алып, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді, ауыл шаруашылық, несиелік тұтынушылар коперациясын дамытуға қолдау көрсетілді, еңбек міндеттілігі мен еңбек мобилизациясы жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.
Республикада ЖЭС-ты жүзеге асыру өзінің оң нәтижелерін берді. 1926 ж. Республикада мал саны жөнінен 1913 ж. деңгейден асып түсті. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дами түсті. Алайда 20 жылдардың соңына қарай бұл бағыт түпкілікті өзгерістерге ұшырады.
1928 ж. 27 тамызда ҚазАКСР ОАК және ХКК « Байлар шаруашылықтарын тәркілеу туралың декрет қабылдады. Байларды тәркілеу барлық жерде іс жүзіндегі заңдарды бұзу арқылы жүзеге асырылды. 1929 ж. екінші жартысынан бастап республикада колхоз қозғалысы жедел дамытыла бастады. Ұжымдастыру жергілікті жағдайдарды есепке алмай, еш дайындықсыз, әкімшілік әдістерді қолдану арқылы жылдам жұргізілді. Барлық жерде дерлік заңсыз соттау мен мал-мүлікті кәмпескелеу, жеке меншікке құқықтан айыру, тұрақты мекен жайынан күштеп көшіру жайттары орын алды.Қазақстандағы индустрияландыру процесі уақыт шегі бойынша алғашқы басжылдыққа (1928-1932 жж.) сәйкес келді. Индустрияландыру болашақ өнеркәсіпке қажетті табиғи ресурстарды зерттеуден басталды. 20 жылдардың соңы мен 30 ж. кезінде КСРО Ғылым Академиясы үйымдастырған кешенді экспедициялар республиканың барлық аумағын қамтыды. 1927 ж. Түрксіб құрылысын салу басталды. Құрылыс басшысы В.С.Шатов болды. Түрксібке көмек комиссиясын ҚазАКСР ХКК төрағасы Н.Нұрмақов басқарды. Түрксіб жоспарланған бес жылдық орнына үш жылдың ішінде салынып бітті. 1930 ж. 28 сәуірде жол уақытша, 1931 ж. қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.
Қазақстандағы индустрияландыру жоғарғы жақтан жүзеге асырылды.
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жұйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939ж.ж.)
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір туралы видеохабар дайындау
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жұйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 ж.ж.)
1.«Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктері»тақырыбына презентация дайындаңыз
2.Қазақстанда ұжымдастырудың салдарын кесте-диаграмма арқылы көрсетіңіз
3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз
[1,2,3нег.6,9,11қосымш.]
Глоссарий
№ |
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
|
Экзистенция – өмір сүрудің өзі ,бостандық |
Экзистенция |
Existence |
|
Барбаросса – фашистердің КСРО-ға құрған жоспары |
Барбаросса |
Barbarossa |
|
Қоғалы ауданының малшылары – мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын асыра орындау жолындағы,бүкілодақтың жарыстың бастаушысы |
Скотоводы района Когалы |
Area ranchers Kogalym |
|
“Таудың қызыл қырандары ” – соғыс вахтасына тұруды ұйымдастыыру |
Красные горные орлы |
Mountains good turn deserves another keen |
|
Отандық қорғау – республиканың әрбір азаматының абыройлы міндеті |
Отечество защищать |
Protect domestic |
|
Әкімшілік – конституцияға сәйкес жергілікті аткару билік ортасы |
Администрация |
Administration |
|
Приуралы – Голощекин темір жол станциясы |
Приуралье |
Urals |
|
Қазақстан халқы – мемлекеттік өкімет билетінің бірден бір қайнар көзі |
Народ Казахстана |
Kazakhstan people |
|
Жетіген – 10мың бас малды сақтауға арналған кешен |
Жетиген |
Zhetigen |
10. |
Волынский – Қарағанды облысы,шошқа өсіріп бордақылайтын кешен |
Волынский |
Volynskiy |
Өзін-өзі тексеру
1. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:
A) 40,5млн мал басы болды.
B) 45 млн мал басы болды
C) 28 млн мал басы болды
D) 4,5 млн мал басы болды
E) 35,5 млн мал басы болды
2. Ұжымдстыру жылдары лаңкестік әрекеттерді,өрт салуларды есептемегенде , республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:
A) 372
B) 377
C) 375
D) 272
E) 300
3. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:
A) 1928ж ХVІ съезде
B) 1921ж Х съезде.
C) 1926ж ХІV съезде.
D)1927ж ХV съезде.
E) 1930ж ХVІІ съезде.
4. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
A) Қ.И.Сәтбаев.
B) И.М.Губкин.
C) Н.С.Курнаков.
D) А.Панкратова.
E) А.И.Миронов.
5. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
A) «ЖЭС».
B) «Әскери коммунизм».
C) «Азық-түлік салғырты».
D) «Индустрияландыру».
E) «Кіші Қазан».
6. Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
A) Қ.Сәтбаев.
B) Н.С.Курнаков.
C) И.М.Губкин.
D) О.Жандосов.
E) Т.Жүргенов.
7. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:
A) Ауыр өнеркәсіп.
B) Жеңіл өнеркәсіп.
C) Шикізат көздерін игеру.
D) Машина жасау.
E) Энергетика кәсіпорны.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
4.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
5.Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
6.Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
7.Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
8.Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
9.Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.
13 – АҮМ Қазақстан Ұлы Отан соғысы дәуірінде
|
|
Қазақстан тарихы 13-дәрістің тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан Соғысы дәуіріеде 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы
Сулейменова Қымбат Касымовна |
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күнінен бастап жоғары ұйымшылдық пен патриотизмнің үлісін танытты. Республикада 2 млн. астам адам әскери дайындықтан өтті. Армия қатарына 1 млн. 196164 қазақстандық алынды. Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақстанда 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада жасақталып майданға аттандырылды. Тылда әскери басшы кадрлар дайындау жоғарғы қарқында жүріп жатты. Майдан маңындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының елдің шығыс аудандарына, соның ішінде Қазақстанға-220 завод пен фабриканы, цех пен артельдің көшірілуі экономиканы қайта құрудың құрамдас бөлігі болды. Ауыл шаруашылығын құру міндеті күрделі болды. Бүкіл ел бойынша Ш.Берсиев, Ы.Жақаев, Ким Ман Сам, П.Ангелина және т.б. еңбек даңқына бөленді. 1941-1945 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылық еңбеккерлері майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет берді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық майданда мыңдаған қазақстандықтар ұрыс жүргізді. Көппен бірге Брест қамалын К.Әбдірахманов, И.Иманқұлов және басқалар қорғады.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақстандықтар отансүйгіштіктің биік үлгісін көрсетті. Мәскеуді қорғауда да қазақстандықтар жан аямай күресті. Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсіп, кейіннен 8-гвардиялық И.Панфилов дивизиясы болып аталды. Мәскеу түбінде Кеңес Одағының Батырлары Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин және басқалары жауынгерлік ерлік көрсетті.
Ленинградты қорғау мен қоршауды бұзуға қазақстандық 310, 314-дивизиялар қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар партизан қозғалысы мен Еуропадағы қарсыласу қозғалысына белсене қатысты.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атақпен марапатталды. Ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды. Ең жоғарғы жауынгерлік атаққа «шығыстың қос жұлдызы» атанып кеткен қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловалар да ие болды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденінің толық иегері атанды. Ұлы Отан соғысының ең басты қасіреті – шамамен 500 мыңға жуық қазақстандық жауынгер соғыстан оралмады. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісінің нәтижесінде адамзат фашизм құлдығынан аман қалды. Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әлсіреп шықты.
Бақылау сұрақтары
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
2. Соғыс жылдарындағы Қазақстан.
3. ҰОС негізгі шайқастары
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1941-1964 жж.)
Қазақстандықтар-дың майдандағы және тылдағы ерліктері. Ұлы бетбұрыс болған шайқастың барысы туралы ауызша журналға дайындық
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Қазақстан Ұлы Отан соғысы дәуірінде - 2с..
Осы тақырып бойынша жаңа терминдерге жазбаша түсініктеме беріңіз (15-20 термин)
«Қазақстандық ұшқыш қыздардың ерліктері» тақырыбына конспект дайындаңыз
Қазақстанда тың игеру процесінің оң және сол салдарын диаграмма арқылы көрсетіңіз
[1,2 нег.6,11 қосымш.]
Глоссарий
№ |
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
|
Сокольский – католизаторды электрохимиялық әдістермен зерттеудің тұңғыш бастаушысы |
Сокольский |
Sokolskiy |
|
Петиция - жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жазылған өтініш |
Петиция |
Petition |
|
Пауперизм-біраз халықтың қайыршылануы,жаппай жарлы-жақыбайлық |
Пауперизм |
Pauperism |
|
Дискриминация-нәсіліне,ұлтына қарай кемсіту, |
Дискриминация |
Discrimination |
|
Экспорт – шет елдерге тауарды сату |
Экспорт |
Exports |
|
Импорт – шет елдерден тауарды алу |
Импорт |
Imports |
|
Коммуна – өндірісті қоғамдастыру |
Коммуна |
Commune |
|
Артель – жердің малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналардың,құрал-саймандарды біріктіру |
Артель |
Gang |
|
ТОЗ– жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік |
ТОЗ |
Aging |
|
Комитет – басшылар қауымы |
Комитет |
Committee |
Өзін-өзі тексеру
1. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры:
A) С.Баймағамбетов
B) Б.Момышұлы.
C) Қ.Қайсенов.
D) Р.Қошқарбаев.
E) Б.Бейсекбаевқа
2. Генерал-майор И.В Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты:
A) Мәскеу үшін шайқаста.
B) Сталинград үшін шайқаста.
C) Ленинград үшін шайқаста.
D) Курск үшін шайқаста.
E) Брест қамалы үшін шайқаста.
3. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті:
A) 1945ж.
B) 1946ж.
C) 1947ж.
D) 1948ж.
E) 1949ж.
4. 1951-1960 жж дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны:
A) 1 млн –нан астам.
B) 760 мың.
C) 500 мың.
D) 1,5 млн –нан астам.
E) 300 мыңға жуық.
5. 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі:
A)М.Әуезов
B) Ә.Марғұлан
C) Қ.Сәтбаев
D) А.Жұбанов
E) Е.Бекмаханов.
6. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды:
A) 1953ж.
B) 1946ж.
C) 1954ж.
D) 1943ж.
E) 1947ж.
7. Карточка жүйесі жойылды:
A) 1953ж.
B) 1946ж.
C) 1947ж.
D) 1943ж.
E) 1954ж.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
3.Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
4.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
5.Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
6.Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
8.Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
9.Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
10.Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.
14 – АҮМ Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946 – 1991 жж.)
|
|
Қазақстан тарихы 14-дәрістің тақырыбы:Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна |
Дәрістің қысқаша мазмұны
1965 ж. елде шаруашылық реформалар жүргізілді. Кәсіпорындарда шаруашылық реформалар жүргізілді. Кәсіпорындарда шаруашылық есеп енгізіліп, олардың қызметін қалай болса солай регламенттеу жойылды. Қызметкерлердің материалдық қызығушылығы артты. Шаруашылық реформа республиканың экономикалық дамуына айтарлықтай қарқын берді. Алайда реформаны жүзеге асырудың алғашқы кезінен бастап жоспарлаудың жаңа принциптері мен экономикалық ынталандыру мәселелері толық пайдаланылмады. Саяси алғышарттарының болмауы салдарынан басқару жүйесін түпкілікті түрде қайта құру жүзеге аспады.
1966 ж. басталған экономикалық реформа алғашқы кезде айтарлықтай нәтижелер берді. 8-ші бесжылдық жоспары орындалды. 1970-1985 жж. республиканың индустриалдық қуатының артуы байқалды. Мыңға жуық жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар қатарға қосылды. Сонымен бірге ортақ халық шаруашылығы кешеніне байланған республика экономикасы үрдісті дами алмады 80 ж. бас кезіне қарай КСРО-да, барлық республикаларда дерлік күрделі әлеуметтік-эконмоиканың жағдай қалыптасты. 1985 ж. наурызда СОКП ОК Бас хатшысы болып М.С.Горбачев тағайындалды. 1986 ж. сәуір Пленумында әлеуметтік-экономиканың дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Елде жаңа саяси ахуал қалыптаса бастады. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан оқиғалары ескіше және жаңаша ойлау күресінің жарқын мысалы болды. Алаңға шыққан жастар республика халқының пікірін мүлдем ескермеген әкімшіл-әміршіл жүйенің әдістеріне қарсы үндерін білдірді. 1989 ж. көктемде болған КСРО халық депутаттарының сайлауы халықтың билікке көшуде маңызды рөл атқарды. 1989 ж. 25 мамырда Москвада КСРО халық депутаттарының Бүкілодақтың съезі өз жұмысын бастады. 1990 ж. көктемде одақтас республикалардың басым бөлігінде олардың Жоғарғы және жергілікті Кеңестеріне сайлау болып өтті. Демократиялық процестер еңбекшілердің бұқаралық бірлестіктерін құруға әкелді. 1989 ж. 22 қырқүйекте « Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы заңң қабылданды. 1990 ж. сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ КСР Президенті етіп сайлады 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы. Декларация қабылдады.
Бақылау сұрақтары
Коммунистік идеологияның ықпалының күшеюі.
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан.
Ұлттық тарихи сананы жою саясаты
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985 – 1991 жж.).
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
Қазақстан 1965-1990 жылдарда
Қазақстанда тоқырау құбылысының өрістеуі және кеңестік жүйенің дағдарысы мен күйреуі Әмірлік-әкімшілік жүйенің кемшіліктерінің көбеюі туралы
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946 – 1991 жж.)
1.«Тоқырау 1971-1985» кезеңіне жазбаша графикалық сипаттама беріңіз
2.1986 жылғы оқиға туралы эссе жазыңыз
3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз
[1,2 нег.6,9,11 қосымш.]
Өзін-өзі тексеру
1. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:
А) «Тоқырау жылдары»
В) «Ұлы нәубет жылдары»
С) «Қуғын-сүргін жылдары»
D) «Индустияландыру жылдары»
Е) «Ұжымдастыру жылдары»
2. Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі:
А) Германия
В) Югославия
С) Франция
D) Англия
Е) Болгария
3. 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған:
А) Н.С.Хрущев
В) Д.А.Қонаев
С) В.Г.Колбин
D) Н.Ә.Назарбаев
Е) П.К.Понаморенко
4. ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған:
А) И.Головацкий
В) А.Кадыров
С) Н.Ким
D) И.Худенко
Е) С.Мұқанов
5. 1967 ж. Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді:
А) Кемелденген социализм
В) Социализм негізі
С) Коммунизм негізі
D) Коммунистік қоғам
Е) «Адам келбетті» социализм
6. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі:
А) Тәуелсіздік үшін күрес
В) Партия басшылығына қарсылық
С) Қымбатшылыққа қарсылық
D) Неміс автономиясын құруға қарсылық
Е) Жалақының халыққа уақытында берілмеуі
7. Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл:
А) 1960 жылдардан бастап
В) 1950 жылдардан бастап
С) 1970 жылдардан бастап
D) 1940 жылдардан бастап
Е) 1990 жылдардан бастап
Глоссарий
№ |
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
1 |
Социалистік партия-қазақстан компартиясы таратылғаннан кейін,оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы. |
Социалистическая партия |
Social Party |
2 |
Сенат пен Мәжіліс-1995 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақтары жұмыс істейтін екі палата. |
Сенат и Мажилис |
Cenate and meeting |
3 |
Аджип,Эльф,Акитен-теңіз мұнай алабын шеруге тартылған шетелдік екі компания. |
Аджип,Эльф,Акитен |
Adgip,Elif,Akiten |
4 |
Қазақ тілі-мемлекеттік тіл |
Казахский язык |
Kazakh language |
5 |
Орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі |
Русский язык |
Russian language |
6 |
Азат – 1990жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс |
Азат |
Azat |
7 |
Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылар,мүшелері,белсенділері көп партиялар |
Массовые партии |
Mass parties |
8 |
Гурьев – Атырау қаласының бұрынғы аты |
Гурьев |
Gurev |
9 |
Шевченко қаласы-қазіргі Ақтау қаласы |
Шевченко |
Shevchenko |
10 |
Целиноград қаласы-қазіргі Астана қаласы |
Целиноград |
Cilinograd |
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
3.Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
4.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.
15 – АҮМ Тәуелсіз Қазақстан
|
|
Қазақстан тарихы 15-дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан. 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна |
Дәрістің қысқаша мазмұны
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралың Заңы өз күшіне енді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда тәуелсіз мемлекеттер басшыларының кездесуі болды. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойылды. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшесі болып қабылданды. 1992 ж. күзде Алматыда қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы, 1992 ж. желтоқсанның ортасында Қазақстан халықтарының Форумы өткізілді. 1993 ж. 28 қаңтарда республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдады.
1995 ж. 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум болып өтті. 1995 ж. желтоқсанда республиканың қос палаталы парламентіне (сенат,мәжіліс) сайлау болып өтті. 1992 ж. бастап білім жүйесін реформалау басталды.
1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Желтоқсан айында екі палаталы Қазақстан Парламентіне сайлау өткізілді.
1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген Жолдауын арнады. Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1999 жылы Қазақстанда егемендік жағдайында алғашқы халық санағы жүргізілді. 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық қоғамдық қозғалыс жұмыс жүргізген. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті. Әлеуметтік саладағы басты мәселелердің бірі – зейнетақы, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін көтеру аясында да шаралар белгіленді және олар қазіргі кезеңде жүзеге асырылып келе жатыр. Қазақстан бүгін әлемнің серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі.
Қазақстанның сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге қол жеткізді: әлемнің көптеген елдерімен байланыстарын кеңейтті. 2000 ж. маусымда «Шанхай бестігі» құрылды. 2001 ж. ол «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» (ШЫҰ) болып қайта құрылды. 2001 ж. қаңтарда Орталық Азия қауымдастығының Саммиті өтті. 2002 ж. ол «Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы» болып қайта құрылды.
Бақылау сұрақтары
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан 2030»
Қазақстан халқына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жолдауы
Қазақстанның қазіргі кездегі жағда
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
Қазақстан тәуелсіз мемлекет
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы
Тәуелсіздік жағдайындағы сәулет және құрылыс өнері туралы видеопрезентация дайындау.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Тәуелсіз Қазақстан
ҚР тұңғыш Президенті - тарихи миссиясы Н.Ә. Назарбаевқа саяси қайраткер ретінде эссе жазыңыз
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тірек конспект
Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен келешегі туралы эссе дайындаңыз
[1,2нег.6,4,11қосымш.]
Глоссарий
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
БҰҰ-біріккен ұлттар ұйымы |
ООН |
UN |
Союз-ТМ-19-ғарыш кемесі |
Союз-ТМ-19 |
Union-TM-19 |
ТМД-тәуелсіз мемлекеттер достастығы |
НСГ |
CIS |
Доктрина – саяси,экономикалық,әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория,ілім |
Доктрина |
Doctrine |
Референдум-жиналыс |
Реферерндум |
Referendum |
ҚРП-Қазақстан Республикалық партиясы |
ПРК |
RKP |
ҚКП-Қазақстанның коммунистік партиясы |
ККП |
KKP |
ҚСП-Қазақстанның социалистік партиясы |
КСП |
KSP |
ҚХК-Қазақстанның халық конгресі |
КНК |
KPP |
ҚРҰӨП-Қазақстан Республикасының ұлтын өркендету партиясы |
ПНРРК |
PRKN |
Өзін-өзі тексеру
1. Қазақстан Республикасы атауы қабылданды
А) 1991 жылы 8 желтоқсанда
В) 1991 жылы 10 желтоқсанда
С) 1991 жылы 13 желтоқсанда
D) 1991 жылы 16 желтоқсанда
Е) 1991 жылы 21 желтоқсанда
2. 1991 жыл 16 желтоқсан-
А) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
В) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды
С) Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды
D) Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып атала бастады
Е) Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды
3. 1991 жыл 21 желтоқсан-
А) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
В) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды
С) Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды
D) Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып атала бастады
Е) Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды
4. Қазақ халқының Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинистік аппаратқа қарсы болған көтерілістерінің саны:
А) 100-ге жуық
В) 200-ге жуық
С) 400-ге жуық
D) 600-ге жуық
Е) 800-ге жуық
5. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер:
А) Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия
В) Украина, Беларусь, Татарстан, Азербайжан
С) Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия
D) Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь
Е) Украина, Беларусь, Қазақстан, Азербайжан
6. 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы:
А) «Ресей-халықтар түрмесі»
В) «Не істеу керек?»
С) «Өлі жандар»
D) «Біз Ресейді қалай көркейтеміз»
Е) «КСРО: Ақиқат пен аңыз»
7. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала:
А) Алматы
В) Ақмола
С) Қарағанды
D) Теміртау
Е) Павлодар
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; 2.Р.А.Алшанов; С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
3.Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
4.Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
5.Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
6.Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
7.Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
8.Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
9.Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.
10.Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.
11.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.