
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Өзін-өзі тексеру
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Шелек қорғаны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістің қысқаша мазмұны
- •XiXғ. Екінші жартысы – xXғ. Басындағы Қазақстан
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •XX ғасырдың басындағы Қазақстан
- •Өзін-өзі тексеру
2014-2015 Қазақстан тарихы Сулейменова Қ.Қ.
1 – АҮМ Ерте замандағы Қазақстан
|
|
Қазақстан тарихы 1-дәрістің тақырыбы:Қазақстан аумағындағы тас ғасыры 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған асоц. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна |
Дәрістің қысқаша мазмұны
Адамзат тарихының ең ежелгі сатысы – тас ғасыры. Ол ерте-палеолит, орта-мезолит, жаңа-неолит болып бөлінеді. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамның іздері: тастан жасалған еңбек құралдары, жануарлар сүйектері, от қалдықтары барлық аймақта табылған. Археологиялық зерттеулер бойынша алғашқы адамдардың қоғамдық қатынасы мен шаруашылық өмірінің дамуын байқауға болады. Тас ғасырындағы адамдар шаруашылығының негізгі түрлері: терімшілік, аң аулау, балық аулау, садақ пен жебені ойлап табу, өндіретін шаруашылық (мал шаруашылығы, диқаншылық, қол өнері). Тасты өңдеу техникасының дамуы.
Адамдардың қоғамдық қатынасының алғашқы түрі – адам тобыры пайда болды. Рулық қатынастар пайда болады. Аналық ру, аталық ру. Тайпа қалыптасады, өнер және діни наным-сенімдер пайда болады.
Б.з.дейінгі ІІ мыңжылдықтың бірінші және екінші ширегі аралығында Евразия даласында жезге қалайыны қосу арқылы қола ойлап табылады. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекен еткен тайпалар шаруашылығының басты саласы - мал шаруашылығы болды. Бақташылық шаруашылықтың жаңа түрлері – малды жазғы жайылымға шығару, малдың бір бөлігін отарда ұстау, жем-шөп дайындау пайда болды.
Бақылау сұрақтары
Қазақстан аумағындағы тас ғасыры дәуріндегі алғашқы адамдардың дүние танымы, археологиялық ескерткіштері.
Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы, негізгі ерекшеліктері.
Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Глоссарий
Қазақша |
Орысша |
Ағылшынша |
Тарих-адамзат дамуы кезеңдерін зерттейтін ғылым |
История |
History |
Археология- адамзат дамуы кезеңдерін заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым |
Археология |
Archeologу |
Этнография – ұлыс пен ұлттардың дамуын зерттейтін ғылым |
Этнография |
Ethnography |
|
||
Терімшілік.-алғашқы адамдардің кәсібі |
Собирательство |
Gathering |
Аңшылық - алғашқы адамдардің кәсібі |
Охота |
Hunting |
Егіншілік –жер өндеу кәсіпшілігі |
Земледелие |
Farming |
Малшаруашылығы - жануарларды үйретуге бағытталған кәсіп |
Скотоводство |
Cattle breeding |
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
Ерте замандағы Қазақстан
Кесте жасап археологиялық кезеңдер мен тарихи дәуірлерге сипаттама беріңіз.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ).
Ерте замандағы Қазақстан
1.Осы тақырып бойынша жаңа терминдерге жазбаша түсініктеме беріңіз (15-20 термин)
2.Қола және тас дәуірінде адамдардың даму эволюциясын кесте арқылы көрсетіңіз.
3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз
[1,2 нег.6,4,11 қосымш.]
Өзін-өзі тексеру
1.Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар
Сақтар
Ғұндар
Қаңлылар
Үйсіндер
2. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі
Садақ пен жебені ойлап табу
Тас өңдеудің жаңа әдісінің пайда болуы
Өнімді еңбектің пайда болуы
Бумерангті ойлап табу
3. Жаңа әлеуметтік құрылым – алғашқы қауым пісіп жетіле бастаған кезең
Мустье
Шель
Ашель
Мадлен
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері жататын дәуір
соңғы палеолит
мезолит
ерте палеолит
энеолит
Жер бетіндегі ең ежелгі адамның тарихта аталуы
Саналы адам
Епті адам
Тік жүретін адам
Аңшы адам
Ежелгі адамдардың ұйымы – рулық қауым қалыптасқан дәуір
Кейінгі палеолит
Ерте палеолит
Орта палеолит
Неолит
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.
2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.
Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.
Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011
Қосымша:
Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов;
С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.
Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.
Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет
Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.
Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.
Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.
Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005.-320 бет.
Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005.- 640 бет.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005.- 444 бет.
2 – АҮМ Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктер
|
|
Қазақстан тарихы 2-дәрістің тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік бірлестіктер 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған асоц. проф. |
1,2 семестр 2014-2015 оқу жылы
Сулейменова Қымбат Касымовна |