- •Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары
- •«Математика» пәнінен оқу бағдарламасы
- •2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
- •«Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасы
- •4. Оқыту міндеттері:
- •2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •4. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
- •2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •4. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •5. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
- •«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы
- •Оқыту міндеттері:
- •2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- •8.Ауыспалы оқу бағдарламасының базалық мазмұны.
- •9. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •10.Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •11.Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •12. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
15. 8-сыныпқа арналған алгебра пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
«5-6-сыныптардағы математика курсын және 7-сынып алгебра курсын қайталау (6 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйелері. Көпмүше. Қысқаша көбейту формулалары. Рационал бөлшектермен арифметикалық амалдар орындау. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. , , , (k≠0) түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мәтінді есептерді шығару;
«Квадрат түбір (23 сағ)». Иррационал сандар. Нақты сандар. Квадрат түбір. Квадрат түбірдің жуық мәні. Арифметикалық квадрат түбір. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару. Көбейткішті түбір таңбасының ішіне енгізу. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату. Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. у =
функциясы, оның қасиеттері және графигі;«Квадрат теңдеулер (31 сағ)». Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер. Екімүшенің толық квадратын айыру. Келтірілген квадрат теңдеу. Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант. Виет теоремасы. Виет теоремасына кері теорема. Бүтін рационал теңдеу. Бөлшек-рационал теңдеу. Рационал теңдеу. Бөгде түбір. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Биквадрат теңдеу. Жаңа айнымалы енгізу әдісі. Рационал теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару;
«Квадраттық функция (15 сағ)». Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшенің түбірі. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Квадраттық функция. у = ах2 + п, у = а(х – т)2 және у = а(х – т)2+ п түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. у = ах2 + bx + c (мұндағы а ≠ 0) квадраттық функциясы, оның қасиеттері және графигі;
«Теңсіздіктер (12 сағ)». Квадрат теңсіздік. Квадрат теңсіздіктерді квадрат-тық функцияның графигі арқылы шығару. Рационал теңсіздік. Интервалдар әдісі;
«Ықтималдық теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика (5 сағ)». Кездейсоқ оқиға. Ықтималдық. Ықтималдықтар теориясы. Оқиғаның ықтималдығы. Кездейсоқ оқиғаның жиілігі. Математикалық статистика. Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау;
«8-сыныптағы алгебра курсын қайталау (10 сағ)». Нақты сандарға амалдар қолдану. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңдеулер. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйелері. Интервалдар әдісі.Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер. , (а≠0), , (k≠0), түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Мәтінді есептерді шығару.
