Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математика жaне информатика 5-9 каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.59 Кб
Скачать

2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

14. 7-сыныпқа арналған алгебра пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  1. «5-6-сыныптардағы математика курсын қайталау (6 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. Санның модулі. Тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер. Координаталық түзу. Координаталық жазықтық. Формула. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. Функция. Сызықтық функция. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мәтінді есептерді шығару;

  2. «Натурал көрсеткішті және бүтін көрсеткішті дәреже (15 сағ)». Натурал көрсеткішті және көрсеткіші нөлге тең дәреже. Бүтін көрсеткішті дәреже. Санның стандарт түрі. Дәреженің қасиеттері: негіздері бірдей дәрежелерді көбейту және бөлу; дәрежені, көбейтінді және бөлшекті дәрежеге шығару. Құрамында дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру. у = ах2 функциясы, оның қасиеттері және графигі. у = ах3 функциясы, оның қасиеттері және графигі. у = ( функциясы, оның қасиеттері және графигі;

  3. «Бірмүше және көпмүше (16 сағ)». Бірмүше және көпмүше. Бірмүше және көпмүшенің дәрежесі. Бірмүше және көпмүшенің стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту. Бірмүше және көпмүшені бірмүшеге бөлу. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару және топтау тәсілі арқылы көпмүшелерді жіктеу. Көпмүшелерді тепе-тең түрлендіру;

  4. «Қысқаша көбейту формулалары (25 сағ)». Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы. Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадратының формулалары. Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулалары. Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен кубтарының айырымының формулалары. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

  5. «Рационал бөлшектер және оларға амалдар қолдану (25 сағ)». Бүтін өрнек. Бөлшек өрнек. Рационал өрнек. Рационал бөлшек. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті. Рационал бөлшектерді қосу және азайту. Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару. Бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

  6. «Жуықтап есептеу элементтері (5 сағ)». Жуық сан. Жуық шама. Жуық мәннің абсолют қателігі. Жуық мәннің салыстрымалы қателігі қателік. Жуық сандарға амалдар қолдану;

  7. «7-сынып алгебра курсын қайталау (10 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйелері. Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Көпмүше. Қысқаша көбейту формулалары. Рационал бөлшектермен арифметикалық амалдар орындау. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. , , , (k≠0) түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мәтінді есептерді шығару.