- •Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары
- •«Математика» пәнінен оқу бағдарламасы
- •2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
- •«Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасы
- •4. Оқыту міндеттері:
- •2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •4. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
- •2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •4. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •5. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
- •«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы
- •Оқыту міндеттері:
- •2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- •8.Ауыспалы оқу бағдарламасының базалық мазмұны.
- •9. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •10.Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •11.Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
- •12. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
Тұлғалық және жүйелі-әрекеттік нәтижелері
21. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылар:
қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;
әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну; жанұялық құндылыққа сыйластықпен қарауды;
өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын;
салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын; шығармашылық жұмысқа, жұмыстың нәтижесіне деген ынтасын;
қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;
өзіндік жұмыстарды орындау біліктігін;
өздігінен білім алу қабілетін;
білім мен қызмет түрлерін игеру мен кеңейтуге қызығушылығын;
тапсырманы орындауда шығармашылықпен қарауын;
үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен кішіпейілділікті көрсете білуі тиіс.
22. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:
математикалық материал бойынша берілген алгоритмді;
анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу біліктігін;
әртүрлі жағдайларда математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;
ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;
санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану біліктігін;
математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;
дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;
тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін;
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін;
оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.
«Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген пәндерді, ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика, информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.
3. Оқыту мақсаты - оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.
