- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
Біріншілік тілменің жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 4-5 күнге созылуы мүмкін. Көбінесе ауру интоксикациялық белгілердің көрінуімен және дене қызуының 39,5-40°С дейін жоғарылауымен жедел басталады. Интоксикациялық белгілер қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, адинамия, артралгиямен көрінеді. Кейде жүрек айну, құсу болады. Аурудың басталуында селқостық, аймақтық лимфа түйіндерінің аздап ауырсынуы, парестезия, сәйкес аймақта ауырсыну сезімі болады.
Тілмеге белгілі бір қызбалық қисық тән емес. Қызбалық кезеңнің ұзақтығы емнің басталу уақытына және ауырлық дәрежесіне байланысы болады. Қызбалық кезең жеңіл ағымында 1-2 күн, ауыр ағымында 7-10 күн, орта есеппен 3-4 күн болады. Негізгі қызбалық толқыннан кейін көптеген науқастарда тұрақты, қалыпты дене қызуы байқалады, дегенмен, кейбір науқастарда қызбадан кейінгі субфебрилитет сақталады, бірақ ол іріңді асқынудың көрсеткіші болып табылмайды.
Қызбамен бірге немесе бірнеше сағаттан соң жергілікті тілмелік қабыну белгілері пайда болады. Жергілікті қабыну үрдісі әртүрлі болуы мүмкін. Әрбір жергілікті көрінісінің өзіне тән клиникалық ерекшеліктері бар.
Эритематозды түрінде – теріде айқын шектелген ісік және гиперемия, аздаған ауру сезімі, аймақтық лимфаденит, лимфангит байқалады. Эритематозды тілмеде эпидермистің базальды және тікенекті қабаттарының ісінуінен, оның қалыңдауы болады. Лимфоцит, гистиоцит, нейтрофилдердің периваскулярлы жасушалық инфильтрциясына байланысты қантамырдың гиперемиясы байқалады. Қабыну ошағы аурудың алғашқы күні максимальды айқындалумен дамып, аурудың екінші аптасында сондай жылдамдықпен басылады. Ішкі ағзалар жағынан жүрек тондарының бәсендеуі, тахикардия, артериальды гипотензия байқалады.
Қызба және интоксикацияның басқа симптомдары әдетте 5-7 күн сақталады. Дене температурасы төмендеген кезде реконвалеценция кезені басталады. Жергілікті қабыну реакциялардың кері дамуы дене температурасының қалпына келуінен кеш пайда болады: эритема бозарады, оның шекаралары айқындығын жоғалтады, шеткі инфильтрациялық белдігі жойылады. Ісік азаяды, жергілікті лимфадениттің қубылыстары (көріністері) бәсеңдеп кейіннен толығымен жойылады. Гиперемия жоғалғаннан кейін терінің ұсақ қабыршақты түлеуін байқауға болады, пигментация болуы мүмкін. Ісіктің турақты сақталуы - лимфостаз түзілуінің белгісі.
Эритематозды – буллезді түрі терінің барлық қабаттарының ісінуімен және некроздың болуымен сипатталады. Эритема фонында әртүрлі мөлшерлі буллезды элементтер түзіледі. Бұл элементтер түссіз және мөлдір сұйықтықтан тұрады.
Көбінесе орташа мөлшерлі 1-2 немесе бірнеше көпіршік пайда болады.
Көпіршіктің пайда болуы қабыну ошағында экссудацияның жоғарылауына және жиналған сұйықтық арқылы эпидермистің дермадан ажырауына байланысты. Жарылған көпіршік орнында эрозиялар пайда болады. Мацерацияланған аумақ баяу эпителизацияланады. Қабыршақтар түзіледі, олардан соң тыртық қалмайды. Инфекциялық-токсикалық синдромның белгілері тілменің эритематозды түріндегіден аса айырмашылықтары жоқ.
Эритематозды – геморрагиялық түрі теріде эритема фонында әртүрлі мөлшерлі қан құйылу болуымен сипатталады.
Буллезды – геморрагиялық түрі дерманың емізік және торлы қабат қантамырларының және капиллярдың терең зақымдануы нәтижесінде болады. Жарылған көпіршік аумағында фибрин жиналады және геморрагиялық сұйықтықтың пайда болуы, эрозия немесе жара дамып, грануляцияға ауысады.
Буллезды және геморрагиялық түрімен ауыратын науқастарда ауру эпидермис жасушаларының айқын дистрофиялық өзгерісіне, экссудативті компоненттің басымдылығына эритематозды түріне қарағанда қабыну интенсивтілігінің жоғарылығына байланысты ұзақ және ауыр ағымда өтеді. Жергілікті үрдіс баяу дамып, бір және екі апта аралығында терінің ауыр зақымдалуы болады, ал реконвелесценция үш аптадан ерте басталмайды, көбінесе 3-4 аптаға дейін қабыну үрдісі сақталып, аурудың ұзаққа созылуы болады.
Соңғы жылдары тілме жиі геморрагиялық компонентпен өтетін болды, оның саны өсті. 1960 жылы қолданылатын клиникалық жіктелуінде геморрагиялық түрі ерекшеленбейтін. Тілменің геморрагиялық түрі аурудың ауыр түрі болып саналады.
