Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқу Құралы Жұқпалы аурулар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:

Құстар тұмауы - аса қауіпті зооантропонозды жұқпалы ауру. АIV(Н5N1) типті вируспен шақырылады. Адамдар науқастар мен ауру құстардан әртүрлі жолдармен жұқтыруы мүмкін: ауа-шаң, ауа-тамшы, алиментарлы, контактті жолдар арқылы. Инкубациялық кезеңі – 3-7 күн (қысқаша – 1-2 күн). Клиникалық белгілердің әртүрлі болуы: әдеттегі тұмауға тән белгілерден бастап (қызба, жұтыну кезіндегі ауру сезім, жөтел) көздің зақымдануы, жедел респираторлы дистресс-синдром, қан аралас қақырық болатын вирусты пневмония, гепатомегалия, бүйрек қызметінің бұзылуы, панцитопения. Тез арада өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуы және жоғары пайызды өлім-жітім тән. Лабораториялық диагностикада вирусологиялық әдіспен (АIV-Н5 N1 вирусын анықтау) қатар иммундыферменттік анализ бен полимеразды тізбекті реакцияның маңызы зор. Этиотропты емге тамифлю (осельтамивир), реленза (занамивир) қолданылады. Профилактика үшін вакцинация жасалынады, иммунитетті жоғарылататын және вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.

Парагрипп

Син.: парагриппозды инфекция

Анықтамасы. Парагриппайқын емес интоксикация белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының, әсіресе көмейдің шырышты қабатының зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты ауру.

Этиологиясы. Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 2-7 күн, көбінесе 3-4 күн. Ауру біртіндеп басталады. Науқас әлсіздікке, бастың ауыруына, тоңғыштыққа шағымданады. Дене қызуы субфебрилді немесе қалыпты. Ларингит белгілері басым болады (дөрекі жөтел, дауыстың қарлығуы немесе қырылдауы). Одан басқа мұрынның бітелуі, кейін ринорея байқалады. Қарап тексергенде: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақта ұсақ түйіршіктер бар, қызарған және аздап ісінген. Пульс жиілейді. Жүрек тондары бәсеңдеген.

Қанда: нормоцитоз немесе орташа лейкопения, ЭТЖ қалыпты.

Ауру ұзақтығы 1-3 аптаға созылады.

Аденовирусты инфекция

Анықтамасы. Аденовирусты инфекциялимфоидты тіннің және тыныс жолдарының, көздердің, ішектің шырышты қабаттарының зақымдалуымен және айқын емес интоксикация белгілерімен сипатталатын жедел респираторлы аурулар тобы.

Этиологиясы. Қоздырғышы Adenoviridae тұқымдастығына, Mammaliade тегіне жататын, құрамында ДНҚ бар вирустар.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 1-13 күн (көбінесе 5-8 күн).

Клиникалық көрінісі полиморфты. Бұл аурудың келесі клиникалық түрлерін ажыратады:

  1. жедел респираторлы ауру (ринофарингит, ринофаринготонзиллит, ринофарингобронхит);

  2. фарингоконъюктивалды қызба;

  3. кератоконъюктивит және конъюнктивит;

4) аденовирустық атипиялық пневмония.

Ауру жедел басталады: қалтырау немесе тоңғыштық, бастың ауыруы, дененің «сынуы» пайда болады. Аурудың 2-3-ші күні дене қызуы 38-39°С-қа дейін көтеріледі. Интоксикация белгілері орташа деңгейде дамыған.

Кейбір науқастарда эпигастрий аумағындағы ауыру сезімі және диарея байқалады.

Аурудың бірінші күнінде мұрынның бітелуі, шырышты бөлінулер, жөтел, дауыстың қарлығуы мазалайды.

Қарап тексергенде: науқастың беті қызарған, склералар мен конъюнктивалар тамырлары инъекцияланған. Аурудың 1-3-ші күні конъюнктивит белгілері пайда болады.

Мұрынның шырышты қабаты ісінген және қызарған. Аңқа гиперемияланған, шырышты қабат түйіршіктелген. Сонымен қатар, тонзиллит белгілері пайда болады.

Жүрек тондары бәсеңдеген. Өкпеден қатайған тыныс және құрғақ сырылдар естіледі.

Асқорыту жолдарының зақымдалуы ішек дисфункциясымен, іштің ауыруымен, бауыр мен көк бауырдың үлкеюімен көрінеді.

Гемограммада айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, кейде біріңғай лейкопения, эозинопения болады, ЭТЖ қалыпты немесе аздап жоғарылаған.