Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқу Құралы Жұқпалы аурулар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)

Бриль-Цинссер ауруы – эпидемиялық бөртпе сүзегінің қайталанған түрі, ол эпидемиялық бөртпе сүзектің эндогенді рецидиві. Сондықтан Брилль ауруын спорадикалық бөртпе сүзек деп атайды. Брилль ауруы 1-ші аурудан кейін, көп жылдардан соң білінеді, өте жеңіл ағыммен, бірақ бөртпе сүзегі үшін типті клиникалық белгілерімен сипатталады.

Тарихи мәліметтер. Ауруды алғаш рет 1898 және 1910 жылдары Нью-Иоркте американ зерттеушісі Брилль жазған. 1934 жылы Цинссер 538 ұқсас науқастарды зерттеу бойынша, бұл ауру бұрын бастан кешкен бөртпе сүзегінің қайталануы екенін анықтаған. Одан әрі (1955-1965 ж.) қайтыс болған 2 адамның лимфа түйіндерінде Провачек риккетсиясының бар екендігі дәлелденген. 1934 жылы Цинссер «Брилль ауруы» деген атауды ұсынды. Ал 1952 жылы Loeffler және Mooser бұл ауруды Брилль-Цинссер деп атауды ұсынады, сонымен аурулардың халықаралық жіктелуіне осылай енген.

Этиологиясы. Бриль ауруының және эпидемиялық бөтпе сүзегінің қоздырғышы Rickettsia prowazekii болып табылады.

Эпидемиологиясы. Брилль ауруының эпидемиологиялық ерекшеліктері бар.

1. Аурудың көзі бұрын эпидемиялық бөртпе сүзекпен ауырған науқастың өзі болады, яғни оның организмде қоздырғыш сақталып қалған.

2. Осымен байланысты аурудың дамуына биттің де қажеті жоқ.

3.Брилль ауруымен ауыратын егде және қарт адамдар.

Аурудың жиілігі адамдардың санына байланысты, бұрын бөртпе сүзегінің эпидемиялық өршуі байқалған жерде жоғары болады.

Бірақ бір эпидемиологиялық қауіпі бар. Брилл-Цинссер ауруымен ауратын адам эпидемиялық бөртпе сүзегі инфекциясының көзі болуы мүмкін.

Патогенезі. Бұл аурудың пайда болуы, риккетсиялардың жасырын түрге ауысуы болып табылған. Жасырын жағдайда Провачек риккетсиялары лимфа түйіндерінің жасушаларында, бауырда, өкпеде ұзақ сақталып, қандай да бір өзгерісті тудырмайды. Ал адамның иммунитеті төмендеген кезде, қоздырғыш қанға түсіп аурудың көріністерін шақырады. Бұл жағдайда аурудың патогенезі эпидемиялық бөртпе сүзегіне ұқсас. Брилл-Цинссер ауруын бастан өткізгеннен кейінгі, аурудың қайталануы сирек.

Клиникасы. Брилль ауруы эпидемиялық бөртпе сүзек заңдылықтарына бағынады. Бірақ одан айырмашылығы симптомдарының белсеңділігі төмен болады. Бастапқы кезеңнің ұзақтығы 3-4 күн, айқын емес интоксикациямен, бас ауыру, ұйқысы келумен, дене қызуының 38-39° С көтерілуімен сипатталады. Экзантема аз байқалады - 20% жағдайларда.

Өршу кезең әдетте 5-7 күннен аспайды да, 38-39°С шамасындағы ремиттерлеуші немесе сирек қалыпты типтегі гипертермиямен сипатталады.

ОЖЖнің зақымдалу белгілері айқын емес, эпидемиялық бөртпе сүзектің жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлеріне сәйкес келеді. Науқастарда бас ауру, кейде өте күшті, ұйқысы бұзылу, эйфория және жоғары сөйлегіштік байқалады. Гиперестезия болмайды. Науқастың ақыл - есі бұзылмайды, бірақ кейбір науқастар қорқынышты түстер көреді.

Сопақша мидың зақымдалу белгілері Говоров-Годелье симптомымен шектеледі, менингеальды симптомдар сирек анықталады.

Брилль ауруымен ауырған науқастарда 60-96% жағдайда экзантема байқалады. Оның саны аз болса да розеолезды-петехияльды бөртпе элементтері басым болады. Брилль ауруында жүрек қантамыр жүйесінің жиі зақымдалуы байқалады, әдетте ол науқастардың арасында жүрек қантамыр аппаратында физиологиялық өзгерістер мен әр түрлі аурулары бар жасы үлкен кісілердің болуына байланысты. Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы әрдайым кездесе бермейді.

Брилль ауруында асқынулар өте сирек байқалады, негізінен үстүрт орналасқан көктамырлардың тромбозы мен тромбофлебиті, пневмония кездеседі. Брилль ауруында қызу кезеңінің жалпы ұзақтығы 9-11 күн, кейде 7-13 күнге созылады.

Әдетте айығу кезеңі бірқалыпты өтеді. Бөртпе сүзек пен Брилль ауруының реконвалесценттері ауруханадан 11-12 күнінде шығарылады.

Болжамы қолайлы.

Диагностикасы мен емі бөртпе сүзегіне ұқсас. Брилл ауруымен ауратын науқастарда аурудың 1-ші күнінен бастап комплемент байланыстырушы антиделер жоғары титрде анықталады ( РСК 1:10240 және одан артық, РНГА 1:64000 және оданда артық ).