- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Лептоспироз
Син. Васильев -Вейль ауруы.
Анықтамасы. Лептоспироз – Leptospira туыстығына жататын қоздырғыштарымен шақырылатын, зооноздар тобына жататын, бүйрек, бауыр және жүйке жүйесінің зақымға ұшырауымен, қызбамен, миалгиялармен, улану, геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.
Тақырыптың маңыздылығы. Лептоспироз – кең таралған ауру. Барлық континенттер мен елдерде кездеседі: Ресейде –77%, Қазақстанда – 9,7%, Украинада –6,4%, Белоруссияда 2,6%, Өзбекістанда- 2,3%. Өлім-жітімділігі жоғары көрсеткіштерде:3-10% - 25-40%.
Тарихи мәліметтер. Аурудың клиникалық көріністерін (жұқпалы сарғыштану) неміс ғалымы А.Вейль 4 науқаста анықтап жазған. 1888ж. С.П.Боткиннің шәкірті Н.П.Васильев осы аурудың 17 жағдайы жайлы жариялаған. Бұл ғалым жаңа ауруды Боткин ауруынан (катаралді сарғыштану) айырмашылығын дәлелдеп дара нозологиялық бірлікке жатқызады. Ауруды Васильев -Вейль ауруы деп атап кеткен. 1914-1915 жж. жапондықтар А.Инадо мен басқалары науқастан Leptospira icterohaemorrhagica қоздырғышын бөліп алып, оны спирохеталар тұқымдастығын анықтаған. Сонғы жылдары барлық елдерде лептоспиралардың әр түрлі типтері зерттелген.
Этиологиясы.
Лептоспироздың қоздырғыштары - лептоспиралар Spirochaetaceae тұқымдастығына Leptospiraceae туыстығына жатады. Олар екі түрге бөлінеді: паразиттік Interrogans және сапрофиттік Biflexa. Лептоспиралар антигендік құрылымына байланысты серологиялық топтар мен вариантарға бөлінеді. Адамның патологиясына маңызды серологиялық топтар: L.icterohaemorrhagica, L.pomona, L.hebdomadis, L.grippothyphosa, L.canicola, L.tarassovi. Лептоспиралар - Грам «теріс» микроорганизм. Қанның сары суы қосылған арнайы орталарда өседі. Лептоспиралар морфологиялық жағынан сансыз көп ұсақ шиыршықтануымен (15-20) ерекшеленген. Ұзындығы –6-15 мкм, жуандығы –0,25 мкм. Олардың денесінің артқы жағы ілмектәрізді бүгілген. Лептоспиралар жылжымалы. Олардың үдемелі, айналмалы, бүгілмелі қозғалыстары байқалған. Лептоспиралардың әртүрлі ферменттері бар: гемолизин, фибринолизин, плазмокоагулаза, липаза.
Лептоспиралар төменгі ауа температурасына тұрақты, суда 2-3 апта, ылғалды топырақта 3 айға дейін тіршілік етеді. Сол себептен гидрофилдарға жатады. Бірақ, лептоспиралардың ультрафиолет сәулесіне, қышқылдарға, дезинфекциялаушы заттарға, сілтілектерге, қыздыруға тұрақтылығы аз.
Эпидемиологиясы. Лептоспироз – табиғи ошақты зооноз. Аурудың көзі - әртүрлі жабайы және ауылшаруашылық жануарлар. Жануарлардың арасында ауру урино-оралді механизм арқылы тарайды. Ауру жануарлар қоздырғышты зәр арқылы бөліп суды, топырақты, шөпті залалдап аурудың табиғи және антропургиялық (шаруашылық) ошақтары пайда болған. Табиғи ошақтарда (орман, дала, тундра, көл аймақтары) аурудың көзі және резервуары – жабайы жануарлар: кеміргіштер, кірпілер. Антропургиялық ошақтарда (ауыл, қала) аурудың көзі – ауылшаруашылық жануарлар (әсіресе, ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқалар), егеуқұйрықтар, тышқандар, үй жануарлары (иттер). Қалалық ошақтарда аурудың негізгі көзі – қара және сұр егеуқұйрықтар, иттер. Олардың эпидемиологиялық ролі өте маңызды.
Адам аурудың көзі болып табылмайды.
Аурудың берілу жолдары:
1) контактілі – тері, шырышты қабықшалар арқылы. Адамдар ағымы жоқ суаттарда шомылу үстінде, сонымен қатар балық аулау, шаяндарды ұстау, шөптің үстінде жалаң аяқ жүру, егістіктерде, бау-бақшаларда өнімдерді жинау, саңырауқұлақтарды жинау, сырқат жануарларды күту, мал сойып ет бөлшектеген кезінде ауруды жұқтыруы мүмкін;
2)алиментарлы - кеміргіштер арқылы залалданған су, әр түрлі азық-түлік өнімдерін пайдалануға байланысты (әсіресе сүтті) ауруды жұқтыруы мүмкін.
Бұл ауру әсіресе суға шомылу мерзімінде, яғни жаз айларында өршиді – тамыз айында жиі кездеседі. Бірақ қалалық ошақтарда ауру жыл бойы кездеседі.
Қабылдаушы макроорганизм. Ауруға барлық жастағы адамдар сезімтал, жиі ересектер мен жас өспірімдер аурады. Қауіпті топтарға ауылшаруашылық, жұмысшылары, ет комбинатының қызметкерлері, күріш өсіріп жинайтын адамдар, дератизаторлар, ветеринарлар, зоотехниктер, аңшылар, шахтерлер, ит ұстайтын адамдар жатады.
Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
1 сатысы – жұқтыру сатысы. Аурудың кіру қақпалары – тері мен шырышты (ас қорыту жолдарының) қабықшалары. Асқазан қышқылы лептоспираларға әсер етпейді.
2 сатысы – біріншілік қысқа бактериемия және біріншілік паренхиматозды бекіну. Лептоспиралар қимылдығына байланысты организмге еніп аз уақытта 3-5 минуттан кейін қанға түседі. Бірақ олардың аз мөлшерде болғанынан соң, қанда сақталу мерзімі өте қысқа. Сосын лептоспиралар әр түрлі паренхиматозды ағзаларға ошақтанып, әсіресе бауырдың, көкбауырдың, бүйрек пен өкпенің ретикулогистиоцитарлы жасушаларында қарқынды көбейеді.
Патогенездін осы еқі сатылары аурудың жасырың кезеңіне сәйкес келеді.
3 сатысы – қайталанған бактериемия мен токсинемия. Көбейген лептоспиралар көп мөлшерде қайтадан қанға өтеді. Қанда бұл уақытта арнайы (лептоспираларға қарсы) антиденелер түзіліп, олардың әсерінен қоздырғыштар ыдырап қанға токсиндерін бөледі – гиалуронидаза, фибринолизин, гемолизин және т.б. Аурудың клиникалық белгіліері басталады – қызба, қалтырау, улану симптомдары. 1-ші аптаның соңында жайылмалы капилляротоксикоз қалыптасып – ішкі ағазаларда, тері бетінде геморрагиялар пайда болады. Улы заттардың салдарынан эритроциттер гемолизге ұшырап, анемия мен сарғыштану дамиды.
4 сатысы – екіншілік паренхиматозды бекіну. Қанда ыдырамаған лептоспиралар паренхиматозды ағзаларға (бауыр, бүйрек, ми қабығы және т.б.) қайтадан бекініп, ісіну және дегенеративті өзгерістер тудырады. Аурудың бұл сатысы 2-4-5 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Лептоспиралар бүйрек тұтқыларында ұзақ сақталады. Ал жұлын сұйықтығында лептоспиралардың жиналуы менингит дамуына алып келмек.
5 сатысы - иммунитет қалыптасу, аурудың ақыры немесе нәтижелері. Аурудың 2-3-ші аптасында қанда антиденелер жиналады да, қоздырғыштар қаннан жойылады, бірақ әртүрлі мүшелерде табылатын кездері болуы мүмкін. Бұл жағдайда түрлі асқынулар дамиды.
Аурудан кейін гомологиялық (тек қана бір серологиялық түріне қарсы) тұрақты иммунитет қалыптасады.
