- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Генитальды листериоз
Зубова Н.В. (2009 ж.) листериялармен залалданған 100 жүкті әйелді бақылауға алды. Бактериологиялық жолмен диагноз генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 75%-да дәлелденді, серологиялық жолмен (ГАР) 25%-да дәлелденді. Генитальді листериоз кезінде листериялар көбінесе қынаптың шырышты қабатынан (93,4%) және цервикальді өзектен бөлінді (6,6%), сонымен қатар, листериялар басқа да биосубстраттардан бөлініп шықты (зәрден - 5,2%, аңқадан - 2,7%). Листериоздың генитальді түрі жыныстық жолмен жұғады. Генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдердің анамнезінде тонзиллит, бронхит және зәр шығару жүйесінің қабыну процестері (32%), жыныс мүшелерінің қабыну процестері (29%), біріншілік немесе екіншілік бедеулік (7%) анықталды.
Әйелдердің жыныс мүшелеріндегі листериялардың персистенциясы (жалпы жұқпалы аурудың немесе жыныс мүшелеріндегі қабыну процестерінің клиникалық көріністері болмаса да) жүктіліктің және босанудың патологиясына (45%), содан кейін жүктіліктің үзілуіне әкеп соғады (өзіндік түсіктер - 29%, уақытынан ерте босану - 3,5%, дамымаған, тоқтап қалған жүктілік - 8%). Дамымаған жүктіліктің қайталануы (1 реттен 4 ретке дейін) 17%-да тіркелді. Патологиялық нәтижелер көбінесе бірінші жүктілікте кездесті, олардың кейінгі – екінші, үшінші және төртінші жүктіліктерде күшейгені байқалды. Қайтадан жүкті болған әйелдердің 94%-да қалаған жүктілік патологиялық түрде үзілген. Сонымен, организм листериялардан өзіндік түрде санацияланбайды. Үзілумен аяқталатын жүктілік патологиясы созылмалы персистенциялаушы листериоздық инфекцияның генитальді түрінің айқын көріністерінің бірі болып табылады.
Созылмалы генитальді листериоз кезінде жыныс мүшелерінің әр түрлі қабыну процестері анықталады (50%): кольпит, жатыр мойынының эрозиясы, жатыр қосалқыларының қабынуы, эндометрит. Сонымен қатар, 91%-да жүктілік патологиясы дамыған. Листериоз қағанақ суының көп болуына әкелмейтіні туралы айтып кету керек.
Зәр шығару жүйесінің зақымдалуының жиі дамуы және қоздырғыштың жыныс мүшелерінің шырышты қабатымен қатар зәрден де бөлінуі генитальді листериоз кезінде үйлескен зәр-жыныстық патологияның дамитыны туралы айтады. Листериоздың қолайсыз нәтижелерін анықтау және алдын алу үшін жүктілік патологиясы қашан дамитыны туралы білу маңызды болып табылады. Генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 17%-да жұктіліктің I триместрінде үзілу қауіпі пайда болған. Әр бір төртінші жүкті әйелде жүктілік патологиясы екінші триместрде дамыған (24%). Жүктіліктің үшінші триместрінде патология екі есе сирек кездесті (12%). Сонымен, созылмалы генитальді листериоз кезінде жүктіліктің үзілу қауіпі триместрлердің барлығында болуы мүмкін. Плацентарлы жетіспеушілік созылмалы генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 10,7%-да анықталды. Листериоз кезінде бұл патология жүктіліктің барлық кезеңдерінде шамамен бірдей тіркелді, ал бақылау тобында – тек қана екінші семестрде анықталды. Плацентаның төмен орналасуы тек қана листериоз кезінде тіркелді және де жүктіліктің ерте кезеңдерінде пайда болған екені анық, бірақ кеш кезеңдерінде де анықталуы мүмкін.
Диагностикасы.
