- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
Біріншілік-латенттік бруцеллез кезінде «оң» реакциялар бұрын бруцеллезбен ауырмаған адамдарда табылады.
Екіншілік-латенттік бруцеллез кезінде «оң» реакциялар бұрын бруцеллезбен ауырған адамдарда табылады.
Жедел бруцеллез кезінде ауруды жұқтырған кезден 3 айға дейін науқаста қызба, қалтырау, терлеу, полиартронейромиалгиялар пайда болады.
Баяу немесе жеделдеу бруцеллез кезінде аурудың көріністері 3 аймен 6 ай арасында сақталып, науқаста жергілікті қабыну процестер қалыптасады.
Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың көріністері 6 айдан артық сақталады.
Екіншілік-созылмалы бруцеллез кезінде бұрын жедел бруцеллезбен ауырған науқаста 6 ай өткеннен кейін аурудың клиникалық нышандары анықталады.
Біріншілік-созылмалы бруцеллез кезінде бұрын жедел бруцеллезбен ауырмаған науқаста созылмалы бруцеллездің клиникалық көріністері анықталады.
Бруцеллездің қалдықтары кезінде организмде қоздырғыш жоқ, активті инфекцияның клиникалық көріністері жоқ, серологиялық реакциялар теріс, бірақ бұрын бруцеллалармен зақымданған ағзаларда анатомиялық дегенеративті деструктивті өзгерістер қалған – анкилоз, спондилез, деформация, атрофиялар, бедеулік және т.б.
Суперинфекция созылмалы бруцеллезбен ауырып жүріп науқас бруцеллезды қайтадан жұқтырады.
Реинфекция бруцеллезден жазылғаннан кейін ауруды қайта жұқтырады.
Диагноздың мысалдары:
Латентті бруцеллез (Райт реакциясы 1:50, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).
Жедел бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. (Райт реакциясы 1:200, Хаддлсон реакциясы –айқын оң).
Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Миокардит. Оң жақтық сакроилеит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).
Жеделдеу бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. Сол жақ тобықтың артриті. (Райт реакциясы 1:400, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).
Екіншілік-созылмалы бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Увеонейрохориоретинит. Оң жақ шынтағының бурситі. (Райт реакциясы 1:100, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).
Біріншілік-созылмалы бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Жайылмалы остеохондроз. Вертебро-базилярлы жетіспеушілік. Гипертензионды синдром. Дисциркуляторлы энцефалопатия. Ми қантамырларының васкулиті. (бруцеллездік спецификалық антиген байланыстырушы лимфоциттердің оң нәтижесі, ИФА IgG).
Бруцеллездің қалдықты өзгерістері. Спондилез. Тізе буындарының артрозы.
Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Біріншілік созылмалы бруцеллез үстіне суперинфекция. Менингоэнцефалит. Сол жақ жанбас буының артрозы. Сегіз –көз-бел аймағының остеохондрозы. (Райт реакциясы 1: 200, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).
Жеделдеу бруцеллез. Ауыр ағымы. Реинфекция. Екі-жақтық орхоэпидидимит. Солжақтық ахиллит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).
Жедел бруцеллездің жасырын кезеңі – 7-30 күн. Жиі бруцеллез жедел басталады.
Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық процестің көріністері болып табылады: қалтырау, қызу, терлеу, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато- спленомегалия.
Аурудың негізгі нышаны – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші (танғы температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0ºС). Дене қызуы тәүліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарлайды, сосын терлеумен сипатталып төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене салмағын жоғалтады.
Екінші маңызды синдром - полиартронейромиалгиялар (сүйек, буын, бұлшық еттер, жүйке тамырлардың ауру сезімі пайда болады). Бұл кезде қабыну процестер дамымайды. Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшелігі- ағзалардың қабынуы ерте (3 айдан бұрын) қалыптасуы. Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдылығының өршуінің белгісі.
Науқасты тексеріп қарағанда ұлғайған барлық топтар лимфа түйіндерді (көбінесе жақ астылық, қолтық астылық, шаптық), бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа түйіндердің көлемі майда, ауыр сезімсіз, қоршаған тіндерге жабыспаған.
Жеделдеу бруцеллез аурудың жедел сатысының жалғасы. Жедел бруцеллез кезіндегі көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады - артрит, неврит, орхит және т.б.
Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың жалпы токсико - бактериемияның әсерінен пайда болған нышандар бәсеңдеіді. Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну процестердің белгілері шығады. Бұл кезеңде дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, тершеңдік айқын емес болады. Бірақ лимфаденопатия, гепатомегалия сақталуы мүмкін.
Бруцеллез кезінде дамитын органопатология:
Сүйек-буын жүйесі бойынша
Артралгиялар
Артрит
Сакроилеит
Пери- және параартрит
Периостит
Бурсит
Тендовагинит
Артрозо-артрит, артроз
Спондилит, спондилодисцит
Остеохондроз, спондилоартроз, спондилез
Остеомиелит
Фиброзит
Целлюлит
Жиі ірі буындар (жанбас, тізе, тобық, иық, шынтақ буындары), омыртқалар және омыртқа арасындағы дискілер зақымдалады. Олар ісіп, ауырып, қимыл қасиетін жоғалтады.
Жүйкелік жүйе бойынша (нейробруцеллез)
Орталық жүйке жүйесі (менингит, энцефалит, миелит, диэнцефалит)
Шеткі жүйке жүйесі (невралгия, неврит, радикулит, солярит, плексит)
Вегетативті жүйке жүйесі (метеосезімталдық, тершеңдік, тоңғыштық, және т.б.)
Ми тамырларының васкулиті (арахноидит)
Психобруцеллёз (қозу, сандырақтау, астено-депрессивті жағдайлар және т.б.)
Жыныс жүйе бойынша
Менструальды циклдың бұзылыстары
Сальпингит, оофорит, сальпиногоофорит
Орхит, орхоэпидидимит
Импотенция
Бедеулік
Зәр шығару жүйе бойынша
Альбуминурия, протеинурия, гематурия
Гломерулонефрит
Қан-тамыр жүйесі бойынша
Кардиалгия
Жүрек тондарының бәсеңдеуі, систоликалық шу
Аритмиялар, брадикардия, тахикардия
Гипотония
Миокардиодистрофия
Ошақты миокардит
Эндокардит
Миокардит пен эндокардит аурудың ауыр түрінде дамуы мүмкін.
Шеткі қан өзгерістері
Лейкопения
Салыстырмалы лимфоцитоз
ЭТЖ -ның жоғарлауы
Қайталамалы бруцеллез.
Нашар эпизоотикалық жағдайлары бар аумақтарда қайталамалы бруцеллез өзекті мәселе болып табылады. Бруцеллезден емделген науқастар кәсіптік және тұрмыстық жұмыстарына оралып, екінші, кейде бірнеше рет инфицирленеді. Бұрын бруцелезбен ауырғандарда клиникалық көріністердің дамуы рецидив (асқыну), суперинфекция және реинфекция болуы мүмкін.
Бруцеллездің рецидивтері, суперинфекция мен реинфекцияның арасында салыстырмалы диагноз жүргізу қиынға соғады. Бруцеллездің рецидиві – бұл аурудың айығу кезеңінен кейін (1-2-3-5-8 айлар өткенде, кейде бұдан да кеш кезеңде) белгілі клиникалық түрінің өршуі болып табылады. Рецидивтертердің себебі эндогенді және экзогенді факторлардың әсері болуы мүмкін (қосымша созылмалы аурулардың асқынуы, суықтау, интеркуррентті инфекциялардың қосылуы, кейбір физикалық емдеу әдістерін ерте қабылдау - балшықпен емдеу, ыстық ванна, сауна қабылдау, тоқпен емдеу және вакциналарды, қан препараттарын, пиррогеналды, т.б. қабылдау. Аурудың рецидиві – бұл процестің компенсация сатысынан суб- және декомпенсация сатыларына ауысуы. Бруцеллездің рецидивінің себебі гранулемалардың ішінде мекендеген бруцеллалардың қайталама эндогенді генерализациясы.
Суперинфекция – организмдегі біріншілік инфекциялық процесі аяқталмай тұрып бруцеллаларды қайтадан жұқтыру. Бруцеллездің суперинфекциясы біріншілік инфекцияның клиникасының айқындауымен жүреді. Суперинфекция кезінде серологиялық реакциялардың титрі және организмнің арнайы сенсибилизация дәрежесі жоғарлайды.
Аурудан сауыққан соң (организмде бруцеллалар жоқ, серологиялық және аллериялық реакциялар теріс болғанда) бруцеллезді қайтадан жұқтыру реинфекция деп бағаланады. Бруцеллезбен зақымдалған теңіз шошқалары бруцеллалардың жоғары мөлшерімен суперинфекцияға резистенттілігін көрсетеді, бірақ инфицирлеуші мөлшердің одан әрі жоғарлауы иммунитеттің төмендеуіне әкеледі (П.А.Вершилова, 1961). Реинфекция шақыру үшін, зақымдалған сәттен бастап ұзаруының өлшеміне қарай, неғұрлым аз мөлшерде және неғұрлым аз вирулентті штамм керек. Суперинфекция ауыр клиникасымен сипатталатын жоғары мөлшерлі вирулентті қоздырғышпен немесе сенсибилизация денгейінің жоғарлауына және процестің асқынуына әкеліп соғатын қоздырғыштың аз мөлшерімен шақыралыды.
Сонғы жылдары бруцеллездің біріншілік ауруында, бруцеллез ұзақтығы 3-5 жылға дейін созылатына анықталды. Сонан соң сероаллергиялық реакциялардың жойылғанша төмендеуімен сипатталатын екіншілік латенция кезеңі дамиды. Бруцеллездің эндемиялық ошақтарында инфекция көзімен жанасқан адамдар міндетті түрде бруцеллезбен қайта зақымданады. Бұл науқастың сенсибилизация дәрежесін жоғарлатады және процестің компенсациясының бұзылуын шақыруы мүмкін. Бұрын бруцеллезбен ауырған және бруцеллезге қарсы оң реакциялары болған адамдағы осындай декомпенсация реинфекция немесе суперинфекция деп бағаланбайды. Ол бұрынғы бруцеллездің асқынуы деп есептелген соң, дәрегерлік көмекке келген көптеген науқастарда бруцеллез ұзақтығы өте үлкен сияқты болып көрінеді (Н.Д.Беклемишев, 1975).
Х.А.Касымова (1979) бруцеллез бойынша эндемиялық аудандарда инфекция көзі, берілу факторларымен тұрақты жанасқан 68 науқаста бруцеллездің супер- және реинфекциясының клиникасын және иммунологиялық реакциялардың динамикасын бақылаған. Инфекциялық және постинфекциялық иммунитет төмендеуі әсерінен, екіншілік зақымдану біріншілік бруцеллезден 3-30 жыл өткен соң басталады. Қайталама бруцеллез жедел немесе созылмалы түрде серологиялық реакция титрінің төмендеуімен бірақ гиперсенсибилизациямен өтеді. Кейбір науқастарда аурудың жедел түрі (реинфекция) ауыр сипатта және ағзалардың ерте зақымдануымен өтеді. Сонғы жылдары кәсіптік топтарда қайталама бруцеллезбен ауыру көбейді.
Бруцеллездің реинфекция кезінде эпидемиологиялық мәліметтер
Реинфекция дамыған науқастардың мамандығы - ет өндейтін, бөлшектейтін, сататын адамдар, мал шаруашылығымен айналысатын, сүт комбинаттарында жұмыс істеітін адамдар және малдың жеке иелері. Ет өндейтін кәсіптегі адамдардың мал шаруашығымен айналысатындарға қарағанда реинфекцияның жиілігі жоғары болуы бруцеллардың ет комбинаттардың көп мөлшерде залалдануымен байланысты. Жұмысшылар әр түрлі терілік, сүйек тінінің жарақатын (кесетін заттармен) алады, бұл бруцелланың жоғары мөлшерімен залалдануға оңай жағдай түғызады. Мал шаруашылығында, бруцеллалар жануар организмінде жоғары вируленттігі арқылы жұмысшылар арасында инфекция таратады. Қоршаған орта бруцеллезбен ауырған мал арқылы заладанып, тек кәсіптік топты ғана емес, малға қатысы жоқ адамдарды да зақымдайды. Бруцеллездің реинфекциясында жеке малдың эпидемиялық ролі маңызды, олар бруцеллезді ет-сүт тағамдары, жанасу арқылы жұқтырады.
Реинфекция кезінде бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері
Бруцеллезбен екінші рет ауырған адамдарда аурудың әртүрлі клиникалық түрлері дамиды – жедел, жеделдеу, біріншілік және екіншілік созылмалы түрлері. Қайталама бруцеллез клиникасы негізінен біріншілік аурудың сәйкес түрін қайталайды және екі түрде өтуі мүмкін. Қайталама бруцеллез ағымы алдынғы инфицирлену нәтижесінде пайда болған иммунитетке байланысты жеңіл және қысқа мерзімде өтуі мүмкін немесе жүйке, сүйек-буын, урогениталді және басқа жүйелердің зақымдануы және гиперсенсибилизацияның әсерінен ауыр және ұзақ өтуі мүмкін.
Жедел бруцеллез түріндегі реинфекция жедел басталады, қызба 3-5 күннен 10-15 аптаға дейін созылады. Қызба қисығы көбінесе интермиттерлеуші немесе ремиттерлеуші сипатта болады. Қызба қалтыраудан басталып, қатты тершеңдікпен бітеді. Науқастарда ірі буындарында, бұлшық еттерінде, жүйке талшықтарында ауру сезімі болады, лимфа түйіндері, бауыр, кейде көкбауыр ұлғаяды. Науқастардың 1/3 қан айналым, тыныс алу, асқорыту және тірек-қимыл жүйелерінде алдынғы ауруға қарағанда өзгерістер аз болады. Бірақ науқастардың көбінде (2/3) екінші аптадан бастап ошақтық зақымданулар дамиды, бұл аурудың ауыр ағымына себепші болады. Мұндай жағдайларда жедел кезең аурудың созылмалы түріне өтіп, көбінесе қалдықты процесстер дамиды, және олар мүгедектікке алып келеді.
Реинфекция кезіндегі бруцеллездің жеделдеу түрі жедел кезеңнің жалғасы. Ұзақтығы 1-3 апта толқын тәрізді қызбамен өтеді және қалтырау, тершеңдікпен, әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануымен сипатталады. Патологиялық процесс прогрессивті ағымымен өтіп созылмалы түріне ауысады.
Екіншілік-созылмалы бруцеллез реинфекция кезінде айқын клиникалық белгілерімен немесе әлсіз белгілерімен өтеді. Аурудың декомпенсация кезінде қызба фебрилді, субфебрилді немесе қалыпты болуы мүмкін, аздаған қалтыраумен және кезкекті тершеңдікпен өтеді. Аурудың мұндай клиникалық түрлерінде тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің зақымданулары өршиді.
Реинфекцияның біріншілік-созылмалы бруцеллезі барлық клиникалық түрлерінің 2/3-құрайды, ең жиі кездеседі. Біріншілік-созылмалы бруцеллезге әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануы әсерінен клиникалық көріністердің полиморфизмі және рецидивтік ағымы тән. Инфекциялық процестің компенсация және декомпенсация сатылары бір бірін ауыстырып дамиды. Бруцеллез процесінің декомпенсациясы субфебрилитет, тоңғыштық, жүйке жүйесінің өзгергіштігімен, тершеңдік, полиаронейромиалгиямен және біріншілік ауырғанмен салыстырғанда ауыр өтеді. Осыған байланысты, біріншілік-созылмалы бруцеллез тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің күрделі зақымдалуларымен және серологиялық реакциялардың теріс немесе әлсіз оң нәтижелерімен ерекшеленеді.
Бруцеллездің рецидиві, суперинфекция және реинфекциясы кезінде салыстырмалы диагнозды тек эпидемиологиялық мәліметтерге, клинико-лабораториялық зерттеулерге қарап қана анықтауға болады. Егер екі жыл ішінде ауру рецидиві болмаса, қанда арнайы антиген және антиденелер табылмаса аурудың сауығуы туралы айтуға болады.
Реинфекция кезінде бруцеллез диагностикасы үшін келесі сұрақтарды анықтау керек: а) біріншілік бруцеллездің өткен кезеңін; б) біріншілік және қайталама аурудың арасындағы ремиссия ұзақтығы; в) ремиссия кезіндегі серологиялық реакциялардың көрсеткіштері және Бюрне сынамасының нәтижесі; г) екіншілік жұқтыру кезеңіндегі науқастың тұратын және жұмыс істейтін аудандардағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайларын. Біріншілік және қайталама ауру арасындағы ремиссия 3-8 жылға (91,8%), кейде 9-20 жылға (8,3%) дейін созылуы мүмкін, бұл кезде серологиялық реакциялар көрсеткіштері теріс болады. Бруцеллез кезіндегі реинфекция жиілігі мекен ететін эндемиялық ошақтағы микроорганизмнің түріне байланысты екенін ескеру кажет. Сиыр бруцеллезі ошағына қарағанда, ұсақ қара малдар ошағында қайталама жұқтыру жоғары. Ірі қара мал инфекция ошағына (B.abortus - жұқтырған) қарағанда, ешкі-қой бруцеллез қоздырғышының ірі қара малға миграциялағанда реинфекция жиілігі 2-3 есе жоғары. Реинфекция кезіндегі бруцеллез диагностикасындағы лабраториялық зерттеу әдістері жеткіліксіз. Райт және Хаддлсон реакциялары 59,5% және 36,7% жағдайларда теріс, әлсіз оң - 32,9% және 12,6%; оң - 7,6% және 50,7% сәйкес келеді. Көптеген науқастар серологиялық реакциялары теріс болған кезеңнен соң, қайта жоғары титрі оң нәтижелермен тіркеледі. Мұндай жағдайда реинфекция дамуы күмәнсіз. ТГАР және ИФА көрсеткіштері бруцеллездің реинфекциясы кезінде жиі оң болады (58, 5% және 62,7% сәйкес келеді). Тері ішілік аллергиялық Бюрне сынамасы реинфекция кезінде бруцеллезбен ауырған науқастарда жиі арнайы антигенге жоғары сезімталдықты көрсетеді.
Эндемиялық ошақтарда бруцеллезбен қайталама жұқтырып ауыру аз емес. Мұндай жағдайда аурудың клиникалық көріністері жиі бұрынғы аурудың декомпенсациясы деп қателеседі, ошақта эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмейді, ал қайта дамыған ауру ескерілмейді. Реинфекциямен ауыратын науқастар мүгедектік дамитын қатерлі топтарға жатады және олар толық реабилитациялық емді қажет етеді.
Диагноз қою үшін аурудың пайда болған клиникалық көріністері:
бруцеллезбен ауырған және толық емес емделгеннен соң 3-8 ай өткен соң қатерлі факторлар әсер еткенде және серологиялық реакциялар оң нәтижелі болғанда аурудың рецидивін көрсетеді;
бруцеллезбен ауырған соң 2 жылдан артық серологиялық реакциялар теріс нәтижелі ашық аралық табылғанда және тікелей эпиданамнез анықталғанда реинфекцияны көрсетеді.
Бруцеллезбен бірнеше рет суперинфицирлену мүмкін екендігін ескеру қажет, сондықтан бұрын бруцеллезбен ауырған науқастар аурудың барлық алдын алу шараларын сақтау керек.
Диагностикасы.
Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі ізденіс процесс, себебі ауруға клиникалық полиморфизм тән. Бруцеллездің клиникалық критерийлері №10 кестеде, бруцеллезді анықтау стандарты №11 кестеде келтірілген.
№10 кесте
