- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Пастереллез
Син. геморрагиялық септицемия.
Анықтамасы. Адамдардың пастереллезі – Pasterella тобына жататын микроорганизмдермен қоздыратын, жедел немесе жеделдеу түрінде өтетін, теріні, лимфа түйіндерді, көзді және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, жалпы улану және геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Пастереллез барлық континеттерде кездесетін зоонозды ауру. Жануарлардың арасында жиі ірі эпизоотиялар ретінде өтеді. 1984 жылы Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында сайгактардың арасында пастереллездың эпизоотиясының әсерінен олар қырылып қалды (А.М.Айкимбаев, 1985). Пастереллалардың токсині оксигемоглобинді метгемоглобинге алмастырып құстар ұшыпбара жатқан жерде құлап өледі. Сол себептен бұл ауруды «құстардың обасы» деп атаған. Адамдардыңда аурғандары кездесіп жатыр. 1993-1994 жж. Алматы қаласында пастереллезбен бірден 59 адам ауырып Алматы қалалылық жұқпалы ауруханада емделіп щыққан. Аурудың көзі ауру ірі қара мал мен жылқылар болған. Ауырғандардың ішінде малшылар және ауру малдың етін сатып алып үйлерінде қолданған қала тұрғандары болған. Олар ауруханаға «Түйнеме» диагнозымен түскен, себебі дәрегерлердің көбі бұл ауру жайлы білмейді. Пастереллездің клиникалық көріністері полиморфизмен сипатталғаннан соң бұл ауру басқа диагнозбен өтіп, толық тіркелмей жатыр.
Этиологиясы. Пастереллездің қоздырғышы Pasterella алғашкы рет тауықтардың қанынан Е.Перрончито және К.Земмер 1878 ж бөліп алды, сосын Л.Пастермен 1879-1880 жж зерттелді. Бұл қоздырғышты ветеринарлар геморрагиялық септицемияның қоздырғышы деп атайды. Қоздырғыш сиырдан бөлінсе – Р. boviseptica, Р.avisseptica, шошқадан - P.suisseptica деп аталған.
Соңынан С. Розенбух, Ж. Метхант – Р. multocida деп атады.
1939 ж В.Фредериксен пастереллаларды биохимиялық қасиеттері бойынша 4 топқа бөледі:
P. multocida 1-5-ші биоварлары – pig –түрі шошқаларда, 6-шы биовар – dog- түрі иттерде
P. pneumotropics
P. urea
P. haemolitica- АбТб 3 биовары және avis түрі, Actinobacillus.
Пастереллалар – ұсақ қысқа «эллипс» тәрізді таяқшалар, грам «теріс», спора түзбейді, қозғалыссыз, Романовский-Гимзе бойынша биполярлы боялады. Өлген жануарлардан, адамдардан бөлінген пастереллалар морфологиялық қасиеті бойынша оба қоздырғышына ұқсайды.
Пастереллалардың құрамында 2 антиген бар: капсулалық (К-антиген), соматикалық (О-антиген). О-антигені – эндотоксин.
Пастереллалар кептіргенге, күн сәулесіне төзімсіз. Жоғары температурада 58-60º С - 20 мин.; 70-90ºС – 5-10 мин. арасында, ал 100ºС тез тіршілігін жояды. Төменгі температурада ұзақ сақталады, аязға қатыпқалған құстардың өліктерінде, мұздатылған етте жылдар бойы сақталады. Топырақта 30 күн, құстардың нәжісінде 2 айдан аса сақталады.
Дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, крезол, формалин, хлорлы әк) жоғары сезімталдылығы бар. Пенициллинге, тетрациклинге жоғары сезімтал.
Эпидемиологиясы. Пастереллез – табиғи ошақты зоонозды ауру. Қоздырғыштың резервуары болып жабайы жануарлар, кеміргіштер табылады. Жабайы және үй жануарлары, адамдар көбінесе бактериятасымалдаушылар болып табылады, пастереллалар олардың тыныс жолдарында, ауыз қуысында орналасады. Бұлар аурудың резервуары. Жануарлардың пастереллезі – эндогендік инфекция: жануарларда иммунды тапшылық қалыптасқанда пастереллалар қанға түсіп аурудың клиникалық көріністері пайда болады. Бұл жағадайда жануарлардың арасында эпизоотия басталады.
1.Аурудың көзі – ауру жануарлар. Жабайы жануарлардың арасында – қояндар, сайғактар, жабайы шошқалар, тышқандар. Үй жануарлары: ірі және ұсақ қара мал, ит, мысық. Иттер мен мысықтарда – бактериятасымалдаушылық және инаппаранттық (субклиникалық, жасырын) түрлері кездеседі. Сырткы ортаға қоздырғыш нәжіспен және тыныс жолдарының бөлінділерімен шығады.
2.Берілу жолдары:
1. контактілі-жарақатты – ауру жануарларды және құстарды сойғанда, ет бөлшектегенде, және жануарлар тістеп, тырнап алғанда. Қоздырғыштың ену қақпасы - жарақаттанған, тілінген, кесілген тері;
2. трансмиссивті – кенелер, шіркейлер арқылы, олар адамды шаққанда қоздырғышты тура тамыр ішіне енгізеді;
3. аэрогенді
4. алиментарлы
3. Қабылдаушы макроорганизм. Қауіпті топқа малшылар, аңшылар, ет өндірістеріндегі жұмысшылар жатады.
Иммунитет стерилді емес, жануарлар мен құстар көп жыл бойы бактериятасымалдаушы болып қалады. Гуморалді және антитоксикалық иммунитет қалыптасады. Бірақ иммунитет типоспецификалық – тек гомологиялық типтерге қарсы дамиды.
Патогенезі.
1 сатысы – жұқтыру сатысы. Организмге енгеннен соң пастереллалар фагоциттермен қоршалып ыдырайды. Ауру дамуы үшін қоздырғыш фагоциттердің ішінде тірі қалып, көбейіп, фагоциттерді бұзып шығуы керек. Бұл организмге енуі және адаптация сатысы, аурудың жасырын кезеңіне сәйкес келеді.
2 сатысы – біріншілік ошақтық сатысы- регионарлы көріністерімен сипатталады. Қоздырғыш енген қақпаның аймағында (тері, көмекей бездер, тыныс, ас қорыту жолдарының шырышты қабықшалары) қабыну өзгерістер пайда болады. Иммунокомпетентті жасушалардың күшімен ыдыраған кезде эндотоксин бөлінеді, организмде үлану симптомдары қалыптасады. Пастереллездің ерекшелігі – ерте геморрагиялық көріністер басталады, себебі эндотоксиннің әсерінен гемостаз жүйесінің (тромбоциттер, қан жасушалары, тамырлардың эндотелиі) бұзылыстары, ТШҰ–синдромы қалыптасады. Аурудың жеңіл түрінде тек қана коагулограмманың өзгерістері болады. Региональді лимфаденит қалыптасады.
3 сатысы – біріншілік жайлмалы сатысы. Қоздырғыш қанға өтіп бактериемия пайда болады.
4 сатысы – екіншілік ошақтық сатысы. Гематогенді диссеминация арқылы қоздырғыш өкпе, бауыр, көкбауыр, ми, буындар және басқа ағзаларға тарайды. Бактериемия мен гематогенді диссеминация бір неше рет қайталанып ауру ұзақ уақытқа созылып толқын тәрізді ағымымен сипатталуы мүмкін.
Клиникалық көріністері. Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі №7 кестеде көрсетілген. Аурудың клиникалық түрі қоздырғыштың жұққан жолына және организмнің қоздырғышқа қарсы иммундық жаубының күшіне байланысты болады.
Терілік түрі ең жиі кездеседі. Теріде тек қана біріншілік-терілік аффект болса – бұл аурудың терілік түрі. Біріншілік-терілік аффектпен бірге димфаденит пайда болса – бұл аурудың терілік-бубонды түрі. Жасырың кезеңі – 1-7 күн.
№7 кесте
