- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Желшешек
Анықтамасы: Желшешек (Varicella) – бұл ағзаның орташа улануымен және тері мен шырышты қабатта дақты-папулезді- везикулярлы бөртпелермен сипатталатын антропонозды жедел вирусты жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Желшешек тез таралатын аурулар қатарына жатады. Инфекцияны қабылдаушылық өте жоғары. Ересек адамдарда асқынулар балаларға қарағанда көбірек кездеседі.
Тарихи мәліметтер. Алғаш рет бұл ауру туралы XVI ғасырдың ортасында итальяндық дәрігер және анатом Г.Видус жазған. Varicella деген атауды 1772 жылы неміс дәрігері О.Фогель енгізген. 1911 жылы бразилиялық дәрігер Э.Арагао көпіршік сұйықтығынан элементарлы вирус денешіктерін (Арагао денешіктері) тауып, қоздырғышты анықтаған.
Этиологиясы. Желшешек қоздырғышы Varicellavirus тегіне, Alphaherpesviridae тұқымдастығына жататын ДНҚ-геномды вирус. Сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы, қыздыру, ультракүлгін сәулелері әсерінен тез жойылады.
Эпидемиологиясы. Желшешек – антропонозды ауру. Инфекцияның көзі - тек адамдар болып табылған. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру қоздырғышы ауа арқылы жұғуы үлкен ара қашықтықтықтарға өтуі мүмкін. Қабылдаушылық өте жоғары, ол әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Ауруды көбінесе жас кезде бастан кешіреді. Тіркелген аурулардың жартысына жуығы 5-9 жас аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 және 10-14 жастағы балалар сирек ауырады. Желшешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларға тән. Ауру жылдың суық мезгілдерінде жоғарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары болып табылған. Вирус қанға өтіп, содан соң теріге түседі де, ерекше бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус организмде ұзақ сақталады, яғни жасырын инфекция түрінде. Вирус өмір бойы ағзада латентті жағдайда жұлын ганглийлерінде сақталуы мүмкін.
Клиникалық көріністері. Желшешектің жасырын кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) созылады. Алғашқы кезең қысқа, оның клиникалық нышандары жоқ, бар жоғы 1 тәулікке жуық созылады. Ауру бөртпенің пайда болуымен бірден басталады.
Бөртпе кезеңі шешектің аса ерекше білінуі болып табылған. Бөртпенің бірінші элементтері терінің кез-келген жеріне шығуы мүмкін: ішке, жамбасқа, иыққа, кеудеге, бет пен басқа, шаш арасында орналасады. Табиғи шешектен айырмашылығы бұл кезде бетке бөртпе аз шығады, әрі ол кеуде мен аяқ-қолдан кейін кештеу пайда болады. Алғашқыда дөңгелек немесе сопақша формадағы дақтар (5-10 мм) пайда болып, содан кейін дақтың ортасында папула білінеді де, ол везикулаға айналып кетеді. Көпіршіктердің құрылуы әртүрлі формада келеді (дөңгелек, сопақша, күмбез тәрізді). Көпіршіктер сипағанда жұмсақ болады. Келесі 1-2 тәуліктің ішінде везикула құрғау сатысына өтеді. Көпіршіктерден кейін кейде аздаған тыртықтар қалады, олар бірнеше жыл бойы жоғалмай, көзге көрініп тұрады. Бөртпе элементтерінің мөлшері әртүрлі, яғни 20-70-тен кейде 10-800 дейін байқалатыны белгілі. Бөртпе әр түрлі уақытта дамып, бөртпенің жалған полиморфизмі байқалады.
Жел шешектің ерекше білінуі, бөртпе элементтерінің тек қана тері де емес және шырышты қабықтарда да (энантема) дамуы болып табылған. Ол экзантеманың пайда болу мерзімімен бірдей шығады, бірақ науқастардың жарты (20-30%) бөлігінде ғана байқалады. Энантема қатты таңдайға, жаққа, қызыл иекке, тілге жұтқыншақтың арт жағына, ал қыздарда жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына жайылған.
Бөртпе кезеңінде ағзаның улануы әлсіз, аздаған дене қызуы байқалады.
Асқынуылары. Шешек зарарсыз ауру болып есептеледі, алайда кейде оның асқынуы мүмкін (5%). Тері жақтан әртүрлі асқынулар жиі байқалған. Басқа да асқынуларға энцефалит, миокардит, кератит, нефрит, артрит, гепатит қатысты, дегенмен бұлар сирек байқалады. Туа біткен шешек босанғанға дейінгі 4-5 күнде ауырған жүкті әйелдерде дамиды. Сонымен баланың бұл аурумен ауру мүмкіндігі –17% және олардың өлімі-31% жеткен. Туа біткен шешек ауыр өтеді. Ауру босанғаннан кейінгі 6-11 күнде дамиды.
Диагностикасы. Желшешекті шын шешектен, везикулезді риккетсиоздан ажырата білу керек. Шешек жер бетінен жойылған. Белдемелі герпес бөртпесімен және басқа везикулезді бөртпелермен салыстырмалы диагностика жасау қиындық тудырмайды. Кейде ұқсас элементтер бүргенің және басқа жәндіктердің шағып алуы нәтижесінде пайда болады. Вирусологиялық, серологиялық (КБР) әдістер сирек қолданылады.
Емдеуі. Жедел кезеңде науқастар төсек тәртібін сақтауы керек, төсек жаймалары мен іш киімнің тазалығын және қолды таза ұстап, тырнақты алып тұру керек. Этиотропты емдеу ауыр асқынулар кезінде көрсетілген. Соңғы жылдары ацикловир, видарабин сияқты вирусқа қарсы препараттардың нәтижелілігі туралы мәліметтер бар. Антибиотиктер екінші бактериальды микрофлора қосылғанда тағайындалады.
Болжамы. Көп оқиғаларда аурудың болжамы қолайлы.
Алдын алу шаралары. Науқасты соңғы жаңа бөртпе элементтері пайда болғанға дейін, 5 күнге дейін үйде жеке ұстайды. Ал бұрын бұл инфекциямен ауырмаған, жел шешекпен ауырған науқаспен байланыста болған 7 жасқа дейінгі балаларды 21 күн оңаша жатқызады. Шел шешекке қарсы вакцина жоқ.
