
- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
Жұқпалы аурулар кезінде энергия жоғалту процесстері жоғарылайды, асқорыту және қоректі заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің сорылуы нашарлайды, олардың әр түрлі сөлдермен (секреттермен), экскреттермен жоғалуы күшейеді. Бұл өзгерістер белок, май, көмірсулар, минералдар және витаминдер алмасуының бұзылуына және науқастың салмағын жоғалтуына әкеп соғады. Белок аз мөлшерде түсуі, оның сорылуының бұзылуы және секреттермен, экскреттермен жоғалуы иммундық жүйенің бұзылыстарына әкеледі (антиденелер синтезі, иммунокомпетенттік жасушалардың активтілігі, қан сарысуының бактерицидтік белсеңділігі төмендейді).
Жұқпалы аурулардың көбісінде дамитын қызба кезінде зат алмасу жылдамдығы күшейіп, энергияның жұмсалуы жоғарылайды. Энергия жұмсалудың жоғарылауына сіреспе кезінде кездесетін бұлшық еттер құрысуларына әкеледі.
Ішекте белоктардың, майлардың және көмірсулардың сорылуы қызба нәтижесінде пайда болатын асқорыту жолдарының ферменттері активтілігінің өзгерістеріне және ішектің шырышты қабатының қабыну процесіне байланысты бұзылады.
Құсу, диарея, судың, электролиттердің, сонымен қатар ақуыздардың жоғалуына әкеп соғады. Одан басқа, ақуыз термен, қақырықпен, зәрмен жоғалуы да мүмкін.
Витаминдер қажеттілігінің жоғарылауы, олардың ішектен сорылуы және тағаммен түсуінің азаюы полигиповитаминозға әкеледі.
Құнды және реттелген тамақтандыру жұқпалы науқастардың емінің өте маңызды бөлігі болып табылады. Тағам жеңіл қорытылуы қажет, сонымен қатар механикалық, химиялық және термикалық қолайлы болуы керек. Өңдеу барысында тек қана суда және бумен пісіру әдістері қоданылады. Диетаны дәрумендермен толықтыру үшін табиғи жеміс-жидекті шырындар ұсынылады.
Диетаны тағайындаған кезде аурудың ауырлығына және кезеңіне асқазан-ішек жолдарының жағдайына, қосымша патологияларға назар бөлінеді.
Қазіргі кезде жұқпалы ауруханаларда көбінесе № 4, 5, 13, 15 диеталар қолданылады. Іш өтумен көрінетін жедел ішек аурулары кезінде №4 диета тағайындаған дұрыс. Тағам асқазан – ішек жолдарына механикалық және химиялық қолайлы, ішек перистальтикасын және ашыту процестерін күшейтетін өнімдер қосылмайды. Ет сорпалары, шырышты сорпалар, кисель және желе, кептірілген нан, ірімшік, айран, ет, буға пісірілген котлеттер, кнель, фрикадель түрлеріне, асылған балық, үгітілген ботқа рұқсат етіледі. Жемісті шырындар ұсынылады. Диетаға сүт, табиғи кофе, құрамына клетчатка кіретін өнімдер (бұршақ, қырыққабат, қызылша, шалқан, шпинат, атқұлақ (щавель)), тұздықтар, сүрленген өнімдер, тәтті тағамдар кірмейді.
Бауыр зақымдалған кезде (вирусты гепатит, лептоспироз, инфекциялық мононуклеоз т.б.) №5 диета ұсынылады. Оның құрамына тығыз еритін майлар, холестерінге бай өнімдер кірмеуі қажет. Ірімшік, айран, сүтті және көкөністі сорпалар, сүтті ботқалар, салаттар, кисель, жеміс тосабы (компот), жемістер ұсынылады. Майлы емес ет, балық асылған түрде, ақ және қара нан, күнбағыс майы, аз мөлшерде сары май рұқсат етіледі.
Қызбамен өтетін аурулардың жедел кезеңінде (тұмау, ЖРВИ, баспа, пневмония т.б.) №13 (2) диета ұсынылады. Диета физиологиялық қалыпқа сай, құрамына керекті мөлшерде белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер (әсіресе, аскорбин қышқылы) кіреді. Сүт және құрамына дөрекі клетчатка кіретін өнімдер шектеледі. Барлық тағамдар үгітілген және ұсақталған түрде дайындалады. Көп мөлшерде сұйықтықтар тағайындалады.
№15 диета арнайы тамақтануды талап етпейтін науқастарға, көбінесе жұқпалы аурулардың реконвалесценттеріне ұсынылады. Нәруыз, көмірсу, май құрамы және калориялық деңгейі физикалық еңбекпен айналыспаған сау адамның тамақтану қалыптарына сай. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өнімдер (шай, кофе, шоколад т.б.) және құрамына дөрекі клетчатка мен эфир майлары кіретін өнімдер (сарымсақ, редис т.б.) шектеледі. Кондитерлік өнімдер ұсынылмайды.
Қант диабетімен ауырған науқастарға №9 диета тағайындалады.
Тағамды қабылдау тәртібіне аса назар бөлу керек. Тәулігіне 5-6 рет, аз мөлшерде тамақтанған дұрыс. Жағдайы ауыр науқастарға тағам тәулігіне 6-8 рет беріледі. Көп жағдайларда жұқпалы науқастар көп мөлшерде сұйықтық ішуді қажет етеді. Мысалы, диарея, құсу, терлеу, ентігу кезінде. Сонымен қатар, тәтті сұйықтық, энергия көзі болып табылады. Науқастарға морс, кисель, компот, шай әртүрлі шырындар, минералды су (газсыз), дайын глюкозо-электролиттік ерітінділер (регидрон, цитроглюкосалам) ұсынылады. Жемістер шөлді жақсы қандырады. Сонымен қатар, жемістердің құрамына дәрумендер, минералді элементтер, қанттар кіреді және олар ішек перистальтикасын күшейтеді.
Зонд арқылы тамақтандыру есін жоғалтқан немесе шайнау және жұту қызметтері бұзылған науқастарға көрсетілген. Жұмсақ резинадан немесе пластмассадан жасалған назогастральды зонд қолданылады. Зонд 5-7 және одан көп күнге еңгізіледі. Зондты дәрігер еңгізеді. Шырышты қабаттың зақымдалуын және ойық жараларды алдын алу үшін тәулігіне бірнеше рет зондты ары-бері жылжыту керек. Тағам піспектің (шприц) немесе тамшылатып еңгізуге арналған системаның көмегімен еңгізіледі. Піспек арқылы алдын-ала асқазандағы сұйықтық алынады (бұл кезде хлорлы натрий жоғалады). Зонд арқылы сүт, айран, сорпалар, жеміс шырындары, сары май және басқа жартылай сұйық өнімдер еңгізіледі. Тығыз өнімдерді үгітіп, сұйықтықпен араластырады. Сонымен қатар, зондпен тамақтандыруға арнайы ұнтақ тәрізді концентраттар (энпиттер, инпитан, овалакт, унипиттер) қолданылады. 45-50С-ге дейін қыздырылған тағамды 100-250 мл көлемінде баяу еңгізеді. Бірінші тамақтандыру – 100 мл. Тағамды еңгізгеннен кейін 20-40 мл жылы су еңгізіледі. Одан басқа зонд арқылы дәрі еңгізуге болады.
Организмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін басқа әдіс- парентералді тамақтандыру. Бұл әдіс жағдайы ауыр науқастарда немесе ауыз арқылы тағам қабылдау көрсетілмеген жағдайларда (ішектің ауыр қабыну процесі; зондпен тамақтандыру асқынуларға әкеп соғатын жағдайда т.б.) қолданылады.
Көк тамырға еңгізу үшін аминоқыщқылдардың дайын жиынтықтары (полиамин, аминофузин, аминостерил т.б.), инсулин қосылған (3-4 г. глюкозаға 1 бірлік) (5-50%). Сонымен қатар, минеральды заттар, витаминдер тағайындалады.
Этиотропты ем
Жұқпалы аурулардың этиотропты емінің негізгі әдісі – химиотерапия әр түрлі топтарға жататын антимикробты дәрілер (антибиотиктер; сульфаниламидтік препараттар; нитрофуран туындылары, вирустық репликация ингибиторлары т.б.) қолдану.
Антибиотиктер әсер ету механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді – микроағзалардың қабырғасының синтезінің ингибиторлары; микробтық нуклеин қышқылдары мен белоктық синтезінің ингибиторлары; молекулярлы құрылымды және жасуша мембранасының функциясын бұзатын препараттар.
Микробтық клеткаларға әсер етуі бойынша бактерицидтік жэне бактериостатикалық антибиотиктерді ажыратады.
Химиялық құрамы бойынша антибиотиктер бірнеше топқа бөлінеді:
аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, т.б.)
ансамакролидтер (рифампицин, рифамицин т.б.)
беталактамдар (пенициллиндер, цефалоспариндер т.б.)
палиендер (амфотерицин В, нистатин т.б.)
макролидтер (олеандомицин, эритромицин,т.б)
полимиксиндер (полимиксин М т.б.)
тетрациклиндер (доксициклин, тетрациклин, т.б.)
хлорамфеникол (левомицетин)
фузирен, т.б.
Табиғи антибиотиктермен қатар синтетикалық және жартылай синтетикалық дәрілер қолданылады. Олардың антимикробты әсері, қышқылдар мен ферменттерге тұрақтылығы жоғары.
Антибиотиктердің микробқа әсерінің спектріне байланысты бірнеше топ ажыратады:
грам-оң және грам-теріс кокктарға (менингококк, стрепто- және стафилококктар, гонококк, коринобактериялар, клостридиялар) және кейбір грам-оң бактерияларға қарсы эффективті антибиотиктер - бензилпенициллин, бициллин, метициллин, цефалоспориндердің I буыны, макролидтер, линкомицин, ванкомицин,т.б.
грам-оң және грам-теріс таяқшаларға қарсы кең спектрлі антибиотиктер: жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин т.б.), хлорамфеникол, тетрациклиндер, II буынды цефалоспориндер;
көбінесе грам-теріс таяқшаларға қарсы активтілігі жоғары антибиотиктер: доксициклин, полимиксин, III буынды цефалоспориндер;
саңырауқұлақтарға қарсы препараттар: леворин, нистатин, амфотерицин В, флуканазол, кетоконазол.
Сонымен қатар, қазіргі кезде әртүрлі химиопрепараттардың да маңыздылығы жоғалған жоқ. Оларға нитрофурандар, 8-оксихинолин және хинолон, сульфаниламидтер және сульфондар,т.б. туындылары жатады.
Нитрофуранды препараттар (фуразолидон, фурадонин, фурагин, фурациллин,т.б.) кең антибактериалді спектрге және қарапайымдыларға қарсы әсерге, жасушаішілік қасиетке ие. Олар ішек және зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларында және жергілікті антисептик ретінде қолданылады.
8-оксихинолин туындылары (мексаза, мексаформ, хлорхинальдон, 5-НОК, т.б.) ішек және урогениталді аурулардың көптеген бактериалді, қарапайымды, саңырауқұлақты аурулардың қоздырғыштарына қарсы эффективті.
Хинолон туындылары, әсіресе фторхинолондар (ломефлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин, т.б.) жоғары антибактериалді эффектіне, кең спектрлігіне, жасуша ішіне ену қасиетіне және төмен токсиндік әсеріне, т.б. байланысты қазіргі кезде кең қолданылуда.
Сульфаниламидтер (сульгин, сульфадимезин, сульфаниламидтер, сульфапиридазин, фталазол,т.б,) және сульфон препараттары (диафенилсульфон немесе дансон, т.б.) грам-оң және грам-теріс бактериялармен немесе қарапайымдылармен шақырылған ішек, тыныс жолдары, зәр шығару жолдары ауруларының көптеген ауруларында қолданылады. Бірақ, бұл дәрілерді қолдану әр түрлі асқынулардың пайда болуына әкеліп соғады. Жаңа сульфаниламидтер мен триметопримнің үйлесуі - котримаксазолдың (бактрим, бисептол, гросентол, септрим, т.б,) антибактериальды эффекті жоғары және жанама әсері аз.
Этиотропты терапия мақсатымен паразиттерге қарсы және вирустарға қарсы препараттар да қолданылады. Паразиттерге қарсы препараттар бірнеше топқа бөлінеді: безгек қоздырғышына қарсы (хингамин немесе делагил, хинин, т.б.), амебиаз қоздырғышына қарсы (метронидазол, парамомицин, эмитин, т.б.) және басқа протозойлы инвазияларға қарсы препараттар; гельминттерге қарсы препараттар (альбендазол, левамизол, мебендазол, празиквантель, фенасал.т.б.).
Вирусқа қарсы препараттар вирустардың тіршілік циклінің әр түрлі сатыларына әсер етеді. Клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы препараттар А тұмауына қарсы (амантадин, арбидол, ремантадин, осельтамивир, занамавир т.б.), герпестік инфекцияға қарсы (ацикловир, валацикловир, ганцикловир, полирем, т.б.), В және С вирусты гепатиттерге қарсы ( ламивудин, рибавирин, т.б.). АИВ – инфекцияға қарсы (зидовудин, невирапин, саквинавир, эпивир, т.б.) қолданылады. Қазіргі кезде вирусты инфекциялар емінде интерферондар қолданылады (адамның лейкоцитарлы интерфероны, рекомбинантты препараттар – интерлейкин - 2α, интерлейкин - 1β). Олар вирусқа қарсы әсерімен қатар иммуноынталаушы әсерге ие.
Антибактериальды, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы емінің максимальды эффектіне жету үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Қандайда бір белгілі дәрі ауру этиологиясына, науқастан бөлінген қоздырғыш штаммының сезімталдығына, ауру сатысына және науқастың осы дәріге сенсибилизациясы болуына байланысты таңдалынады.
Антибактериальды препараттардың активтілігі басқа дәрілермен өзара іс-әрекетіне байланысты болуы мумкін (мысалы, кальций препараттарының әсерінен тетрациклин эффективтілігі төмендейді; фторхинолондардың антацидті препараттардың әсерінен эффективтілігі төмен, т.б.). Антибиотиктердің өздері де көп дәрілердің әсерін өзгертеді (мысалы, аминогликозидтер миорелаксанттардың әсерін жоғарылатады, левомицетин антикоагулянттың әсерін күшейтеді).