
- •Мазмұны
- •I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары Іш сүзегі. А және в парасүзектері
- •Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
- •Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Жайылмалы ішек инфекциясы
- •Қосалқы диагностикалық белгілер:
- •Шешуші диагностикалық белгілер:
- •А және в паратифтер
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •Тырысқақ (холера)
- •Ботулизм
- •Амебиаз
- •Бұұ бойынша 1972 ж. Жіктелу:
- •Балантидиаз
- •Лямблиоз
- •III тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары
- •Құстар тұмауының негізгі айырмашылықтары:
- •Парагрипп
- •Аденовирусты инфекция
- •Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •Менингококкты инфекция
- •Герпестік инфекция
- •Жұқпалы мононуклеоз
- •Легионеллез
- •Балалардың ауа – тамшылы инфекциялары күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •Жәншәу (скарлатина, scarlatina)
- •Қызылша (корь, morbilli)
- •Қызамық (краснуха, rubeola)
- •Паротиттік инфекция
- •А. Манифесттік түрлері:
- •Желшешек
- •IV тарау. Зоонозды инфекциялар
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •Туляремия
- •№5 Кесте Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
- •Пастереллез
- •Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Пастереллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез (сарып)
- •Эпидемиологиясы.
- •Патогенезі
- •№ 9 Кесте Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары
- •Клиникасы Қазақстан республикасында н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз. Бруцеллездің жіктелуі (н.Д.Беклемишев, 1957)
- •Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.
- •Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
- •Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты
- •Бруцеллез жағдайының жіктемесі
- •Ку қызбасының жіктелуі (и.Л.Касаткина бойынша)
- •Иерсиниоздар
- •Псевдотуберкулез
- •Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.
- •Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
- •Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
- •Ішек иерсиниозы
- •Ішек иерсиниозы кезінде көбіне гастроэнтероколит түрі, аппендицит түрі, септикалық түрі, субклиникалық түрі жие қалыптасады.
- •Листериоз
- •Инфекцияның негізгі көзіне қоршаған орта жатады. Листериялар судан, топырақтан, жемнен, көкөністерден, нәжістен бөлінеді. Сол себептен сапроноздар тобына жатады.
- •Патогенезі толық зерттелмеген.
- •Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі
- •Листериоздың клиникалық түрлері :
- •Генитальды листериоз
- •Листериоз жағдайын стандартты анықтау
- •Лептоспироз
- •Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады. Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.
- •Асқынулары.
- •Емдеуі. Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
- •Алдын-алу шаралары.
- •Аусыл (ящур, aphtae epizooticae)
- •Токсоплазмоз
- •V тарау. Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
- •Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі
- •Васкулит синдромымен сипатталатын жайылмалы қан инфекциясы
- •Бөртпе сүзегі немесе брилл ауруы
- •Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек)
- •Кенелік энцефалит
- •Жүйелік кенелік боррелиоз
- •Геморрагиялық қызбалар
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •Лейшманиоздар
- •Висцералді лейшманиоздың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері
- •Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 a.Hall бойынша)
- •(1999 Жыл а.Б.Сейдулаева)
- •Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
- •Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар
- •Асқынбаған безгектің емі.
- •Асқынған безгектің емі.
- •Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
- •VI тарау. Вирусты гепатиттер және
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
- •Жедел в вирусты гепатиті
- •В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
- •Микст-гепатиттер
- •G гепатиті
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •Біріншілік тілменің клиникалық ағымы
- •Рецидивті тілменің клиникалық ағымы
- •Асқынулары
- •Сіреспе
- •Сіреспенің жіктелуі
- •Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
- •II. Таралуы бойынша:
- •IV. Асқынулар бойынша
- •А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САКТАУ МИНИСТІРЛІГІ
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
А.Қ. ДҮЙСЕНОВА
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Оқу құралы
Алматы, 2009 ж.
УДК 616.9 (075.8)
ББК 55.14
Д 81
Пікір жазғандар:
А.С.Тыныбеков - С.Ж.Асфендияров атындағы Казақ ұлттық медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры. медицина ғылымының докторы, профессор.
К.Б.Құрманова - Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы, профессор.
Оқу құралы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Оқу құралы «Жұқпалы аурулар» пәнінің типтік бағдарлама бойынша құрастырылған. Жұқпалы аурулардың өзектілігі, анықтамасы, тарихи мәліметтері, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, жіктелуі, қазіргі диагностика және емдеу әдістері, алдын алу қағидалары жазылған.
Оқу құралында қазақстандық ғалымдардың клиникалық жіктелулері, ауруларды стандартты анықтау жағдайлары енгізілген.
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің әдістемелік кеңесімен басылып шығаруға рұқсат етілді
№ __ хаттама, «__» ________ 2009 ж.
ББК 55.14
Д 81 © ҚазҰМУ, 2009
Мазмұны
I тарау. Жалпы бөлім (А.Қ. Дүйсенова, Р.Ж. Байхожаева)-5
Жұқпалы аурулар жайлы түсінік
Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері
Жұқпалы науқастарды емдеу қағидалары, әдістері және оны ұйымдастыру
Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары (А.Қ. Дүйсенова, М.Н. Өтеуілін) - 19
Іш сүзегі - 19
А және В парасүзектер - 25
Дизентерия (А.М. Садықова) - 26
Сальмонеллез - 33
Тағамдық токсикоинфекциялар - 40
Тырысқақ - 44
Ботулизм - 51
Ішектің протозойлы инвазиялары (А.Қ Дүйсенова, С.С. Садықова)-55
Амебиаз- 55
Балантидиаз - 58
Лямблиоз - 60
III тарау. Тыныс алу жолдарының инфекциялары (К.Т. Байекеева) - 61
Тұмау - 61
Парагрипп - 65
Аденовирусты инфекция – 65
Респираторлы синцитиальды инфекция - 66
Риновирусты инфекция – 66
Реовирусты инфекция - 67
Менингококкты инфекция - 67
Герпестік инфекция - 71
Инфекциялық мононуклеоз – 73
Шешек (А.Қ. Дүйсенова) – 75
Легионеллез - 77
Балалардың ауа тамшылы инфекциялары (А.Қ Дүйсенова, Н.Б. Новрузова)
Күл ауруы- 80
Жәншәу- 84
Қызылша-85
Қызамық-88
Паротиттік инфекция-90
Жел шешек - 93
IV тарау. Зоонозды инфекциялар (А.Қ. Дүйсенова, М.С. Сыздықов,
А.М. Дмитровский, М.С. Кұрманғазин)
Оба - 95
Туляремия – 101
Түйнеме - 107
Пастереллез - 114
Бруцеллез – 120
Ку-қызбасы - 141
Иерсиниоздар - 144
Псевдотуберкулез - 144
Ішек иерсиниозы - 149
Листериоз (А.М. Дмитровский, Е.А. Славко, Н.В. Зубова, И.Н. Мусабекова) - 150
Лептоспироз -158
Токсоплазмоз (С.Ә. Әміреев, А.Ж. Жаханов, Қ. Құдайбергенұлы) - 164
Аусыл (Ж.К. Кашим, Ә.А. Ергалиева) – 161
Манқа - 163
V тарау. Трансмиссивті инфекциялар (А.Қ. Дүйсенова, Н.Т. Ермұқанова)-176
Риккетсиоздар - 176
Эпидемиялық бөртпе сүзек - 176
Брилль ауруы - 183
Кенелік энцефалит - 185
Жүйелік кенелік боррелиоз (Лайм ауруы) –189
Лейшманиоздар (Н.Т. Ермұқанова) -201
Безгек (Л.Б. Cейдулаева) -204
Геморрагиялық қызбалар (А.Қ. Дүйсенова, А.М. Дмитровский, Р.А. Егембердиева) - 191
Кырымдық геморрагиялық қызба - 192
Омбылық геморрагиялық қызба - 195
Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба - 196
VI тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары - 217
Вирусты гепатиттер - (Р.А. Егембердиева)- 219
Вирусты гепатит А - 219
Вирусты гепатит В -224
Вирусты гепатит С -234
Вирусты гепатит Д - 236
Вирусты гепатит Е – 238
Микст гепатиттер – 240
Вирусты гепатит G - 240
АИВ инфекцияcы (С.Т. Доскожаева, Г.А. Шопаева) - 241
Тілме (Н.Қ. Оспанбекова, А.Қ. Дүйсенова)-246
Сіреспе (А.Қ. Дүйсенова, А.М. Сейсембаева)- 257
Құтыру (А.Қ. Дүйсенова)- 260
I тарау. Жұқпалы аурулар іліміне кіріспе
Жұқпалы аурулар жайлы түсінік
Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Папирустарда обаның, полиомиелиттің, безгектің ағымы мен белгілері жазылған. Біздің дәуірге дейінгі Гиппократтың еңбектерінде қайталамалы сүзектің, тырысқақтың, дизентерияның, тілменің, түйнеменің, сіреспенің және басқа аурулардың клиникалық көріністерін сипаттап жазылған. Дүние жүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді: кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі.
Жұқпалы аурулар жөніндегі ілімнің дамыған кезеңі – 18 ғасырдың соңы. Ұлы ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқалар осы дәуірде бір қатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын бөліп алған. Кейінгі жылдары ғылыми микробиологияның даму нәтижесінде жұқпалы аурулар жеке пән болып қалыптасып осы дерттердің қоздырғыштарын, эпидемиологиясын, патогенезін, патологиялық анатомиясын, ағым белгілерін, анықталуын, емделуін және алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеулерге жол ашты.
Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты.
Осыдан біраз жыл бұрын жаңа антибиотиктерге, патогенетикалық емдердің жетістігіне және жаңа алдын алу жолдарына сәйкес жұқпалы ауруларды тез және оңай жеңеміз деген алдамшы пікір тараған. Шынында өмір әлде қайда қатал болып шықты.
Көптеген ежелгі жұқпалы аурулар жойылудың орнына өрши түсті. Олар жедел ішек инфекциялар, вирусты гепатиттер (әсіресе В және С), тұмау және басқа да жедел вирусты респираторлы инфекциялар, балалардың ауа тамшылы инфекциялары, стафилококкты және стрептококкты инфекциялар. Зооноздардың мәселесі де күрделі: бруцеллез, листериоз, иерсиниоз, пастереллез және т.б. Табиғи ошақты және аса қауіпті инфекциялар да «басын көтеріп» жатыр: оба, түйнеме, туляремия, тырысқақ, геморрагиялық қызбалар. Вирусты инфекциялардың емдеуі мен алдын алу шаралары көңілден шықпайды: геморрагиялық қызбалар, вирусты гастроэнтериттер, герпестік инфекция. Шартты патогендік микробтармен шақырылатын аурулар, госпитальды инфекциялар, хламидиоз, АИВ/ЖИТС-инфекциясы, бимәлім пневмония, құстардың тұмауы, шошқалардың тұмауы, прионды аурулар жұқпалы аурулар ілімінде жаңа туған мәселелер.
Жұқпалы аурулар – патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.
Инфекциялық процесс – қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.
Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.
Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік) түрлерінің жедел және созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол ағзаның қорғаныс реакциясына жатады. Себебі, дене қызуы көтерелілген жағдайда қанның бактерицидті әсері жоғарлайды. Сондықтан, жұқпалы аурулар кезінде антипиретикктерді қолдануға тыйым салынады. Интоксикацияға қарсы күресу барысында көп мөлшерлі су ішу, немесе ертінділерді тамыр ішіне енгізу қажет.
Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты гепатиттер және т.б).
Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне байланысты.
Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды.
Сонымен қатар, микро- және макроағзаның арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: инфекция тасымалдаушылық.
Тасымалдаушылық – инфекциялық процесс клиникалық белгілерісіз өтіп, сыртқы ортаға қоздырғыштың бөлінуімен сипатталады. Инфекция тасымалдыушылардың эпидемиологиялық рөлі маңызды, себебі олар аурудың көзі болып табылады. Жұқпалы аурудың латенттік (инаппарантты, субклиникалық) түрінде инфекциялық процесс субклиникалық деңгейде өтеді, бірақ қоздырғыш зақымдаған ағзаларда патоморфолгиялық өзгерістер дамиды және иммунды жауап қалыптасады (антиделер түзіледі). Жұқпалы аурудың латенттік түрінде қоздырғыш дефектік түрде немесе ерекше бір сатыда болады. Латенттік инфекцияның қоздырғышы иесінің жасушаларында тіршілігін жалғастырып, қоршаған ортаға бөлінбейді.
Микроағзаның бір түрімен шақырылған жұқпалы ауру моноинфекция деп аталады. Ал, бірнеше қоздырғыштармен шақырылған аурулар - аралас немесе микст-инфекция деп аталады.
Егер дамып жатқан жұқпалы ауруға жаңадан ауру қосылса - екіншілік инфекция пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, инфекциялық процестің негізгі факторлары - қоздырғыш, макроағза және қоршаған орта болып табылады.
Микроағзаның бірнеше қасиеттері бар: патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі, адгезивті және инвазивті қасиеттері. Патогенділік - қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті. Вируленттілік - патогенділіктің дәрежесі. Адгезивтілік - микроағзаның тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті. Инвазивтілік – қоздырғыштың тіндер мен мүшелерге ену қасиеті. Токсигенділік - микроағзалардың токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті. Экзотоксиндерді тірі микроағзалар бөледі, ал эндотоксиндер микроағза ыдыраған кезде бөлінеді. Паразиттерге тән қасиет – олардың патогенділігі (гр. pathos – зардап шегу, genos - туылуы), яғни ауру тудыруы. Паразиттер тудыратын аурулардың аталуы паразит атының түбірінен және оған os, кейде es немесе as жұрнақтарының қосылуынан шығады. Осыдан бір жасушалы қарапайымдылар лейшманий тудыратын ауру – лейшманиоз, дизентериялы амеба тудырған ауру – амебиаз, бауыр сорғышы немесе фасциоланың ауруы – фасциолез деп аталады.
Микроағзалар адам ағзасына белгілі тіндер арқылы енеді. Кейбір микроағзалар (түйнеменің, сіреспенің, тілменің қоздырғыштары) тері арқылы енеді. Грипптің, қызамықтың қоздырғыштарының ену орны – тыныс жолдарының шырышты қабаттары. Ал дизентерияның, іш сүзегінің қоздырғыштары ас - қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Кейбір жағдайларда қоздырғыштың ену орнында (кіру қақпасы аймағында) аурудың біріншілік региональды турлері дамиды (мысалы, оба кезінде микроорганизм тері арқылы енсе, аурудың терілік, бубонды немесе терілік-бубонды түрі дамиды; тыныс жолдары арқылы енсе - өкпелік түрі дамиды, ас қорыту жолдары арқылы енсе баспалы немесе абдоминальды түрі дамиды). Ену орнынан қоздырғыш макроағзада әртүрлі жолдармен тарайды: лимфогенді (лимфа арқылы), гематогенді (қан арқылы), лимфо-гематогенді.
Микроағзаның қанға енуі бактериемия (іш сүзегі), вирусемия (грипп), риккетсемия (эпидемиялық бөртпе сүзегі) немесе паразитемия (безгек) деп аталады. Грам «теріс» бактериялар ыдыраған кезде эндотоксиндер бөлініп бактериемия мен бірге токсинемия дамиды. Кей жағдайларда қоздырғыш ену орнында қалып, ағзаға тек токсиндер әсер етеді. Бұл жағдайда токсинемия дамиды.
Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның троптылығы (белгілі бір жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты).
Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі және тері секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы және т.б. жатады. Сонымен қатар, микроағзалардың арнайы емес ингибиторларына комплемент жүйесі, интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.
Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі - иммунитет.
Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады:
антиденелердің түзілуі;
тез дамитын жоғары сезімталдық;
баяу дамитын жоғары сезімталдық;
иммунологиялық есте сақтау;
иммунологиялық тұрақтылық және т.б.
Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін реттейді. Макрофагтар антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-лимфоциттерге мәлімет береді.
Инфекциялық процестің үшінші факторы: қоршаған орта (мысалы, ауаның төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға адамның сезімталдығын жоғарылатады).
Сонымен қатар, ортаның әлеуметтік факторларының да маңызы үлкен.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері бар:
жұқпалы ауру пайда болу үшін этиологиялық агент қажет;
жұқпалы аурулардың жұғу қауіпі жоғары;
жұқпалы аурулар ағымында кезеңділік байқалады;
жұқпалы ауру барысында иммунитет дамиды.
Жұқпалы аурулардың кезеңдері:
инкубациялық кезең - адам ағзасына қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;
продромальді (бастапқы) кезең - клиникалық көріністердің пайда болуымен басталады, бұл кезеңнің ұзақтығы бір күннен 1-2 аптаға дейін созылуы мумкін;
өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.
реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.
Инфекциялық үрдістің әр сатысында асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар спецификалық (арнайы) және спецификалық емес (арнайы емес) болып ажыратылады. Арнайы асқынулар – осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамитын асқынуы, арнайы емес – барлық микроағзалардың әсерінен дамуы мүмкін.