
- •Дәрістердің тезистері
- •1 Тақырып: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың түсінігі, маңызы мен міндеттері.
- •2 Тақырып: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.
- •3.Тақырып: Прокурордың құқықтық актілері.
- •6Тақырып: Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру.
- •7 Тақырып: Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
6Тақырып: Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру.
Дәріс мақсаты: Азаматтық және қылмыстық сот өндірісінде прокурордың құқықтық жағдайын студентерге түсіндіру.
Жоспар:
1. Сотта қылмыстық істі қарауда заңдылықты қадағалау.
2. Сотта азаматтық істі қарауда заңдылықты қадағалау
1. Сот талқылауына қатыса отырып прокурор екі негізгі қызметтерді жүзеге асырады: 1 – нақты қылмыстық істерді соттарда талқылағанда қатысады және 2 – сот үкімдерінің заңдылығына қадағалау жүргізеді.
Қылмыстық істерді сотта талқылағанда, прокурор мемлекеттік айыптаушы позициясын ұстанады. Бірінші сатыдағы сотта прокурор дәлелдемелер ұсынып және оны зертттеуге қатысады, сотқа айыптау мәні бойынша өзінің көзқарасын білдіреді, сонымен қатар соттық талқылау барысында пайда болған басқа да мәселелерге қылмыстық заңның қолданылуын және сотталушыға жаза тағайындау туралы өз ұсыныстарын айтады. Соттық тергеудегі деректерге сәйкес айыптауға прокурор заң шеңберінде заң атынан айып тағады. Прокурордың айыпталушыға барлық дәлелдемелер ҚР – сы Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің талаптарына сәйкес алынуын қамтамасыз ету болып табылады. Прокурор басты соттық талқылауда мемлекеттік айыптауды қолдай отырып, белсенділік танытып, тараптар теңдігін және жарыспалылық қағидасын ұстана отыруға міндетті, және заңды әділ сот қаулысын шығаруға ат салысуға міндетті. Сотта зерттелген және заңға сәйкес іс бойынша алынған дәлелдемелер негізінде мемлекеттік айыптауды қолдау барысында өз ұстанымын анықтайды. Сотта прокурор айыптауды қолдай отырып істі қараудағы барлық жағдайларға негізделген өзінің ішкі сеніміне және заң талаптарын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайы нашарламаса, және оның қорғау құқығы бұзылмаса, прокурор айыптауды өзгертуге құқылы. Соттық талқылау барысында сотталушының қылмыс жасаудағы айыбы толық дәлелденген жағдайда ғана, прокурор айыптауды сотта қолдауға құқылы. Қайта қалпына келіруге мүмкіндігі жоқ барлық күдіктер, сотталушының пайдасына шешілуі керек. Қылмыстық іс бойынша сот шешімімен, үкімімен негізсіз немесе заңға сәйкес сіздік себебімен келіспеген жағдайда прокурор жоғары тұрған сотқа істі қайта қарау және құқықтық актіге өзгеріс енгізу немесе күшін жою туралы аппеляциялық наразылық білдіреді. Аппеляциялық сатыда қылмыстық істі қарауды қарау барысында прокурор қылмыстық істі шағымдарда көрсетілген негіздерді, тараптар наразылығын есепке ала отырып тыңғылықты тексеруге міндетті.
Наразылық білдірудің негіздері болып:
- тергеудің біржақтылығы және толық еместігі;
- істің нақты жағдайларына сот үкіміндегі қортындылардың сәйкессіздігі;
- қылмыстық – процессуалдық заң нормаларының маңызды бұзылуы;
- қылмыстық заң нормаларының дұрыс қолданбалуы;
-сотталушының жеке тұлғасына және қылмыстың ауырлығына сот тағайындаған жазаның сәйкессіздігі.
Прокурор өз өкілеттілігі шегінде соттан заңды күшіне енген қылмыстық іс туралы шешімді талап етуге құқылы. Соттың заңды күшiне енген шешiмi, үкiмi мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртiбiмен наразылық жасайды. Егер наразылық жасау оның құзыретiнiң шегiнен асып кететiн болса, онда тиiстi прокурор наразылық жасау жөнiнде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып, өтiнiш жасайды. Қадағалау тәртібі бойынша наразылық білдіруге тергеуде немесе соттық қарау барысында негіз болып азаматтардың конституциялық құқықтары және бостандықтарының бұзылуы нәтижиесінде кінәсіз адамның сотталуы, немесе ауыр қылмыс жасаған адамға байланысты қылмыстық істің қысқартылуы, сотталушының жеке тұлғасына, және қылмыстың ауырлығына сот тағайындаған жазаның сәйкес келмеуі, жәбірленушінің соттық қорғау құқығынан айырылуы, азаматтық талап арыздың қате шешімі болып табылады.
Іс бойынша жаңа ашылған жағдайлар бойынша өндірістің қайта басталу негіздері болып:
- заңсыз және негізсіз үкім шығаруға әкеп соқтырған жәбірленуші, куәгердің жалған түсініктемесі, сарапшы қортындысының жалғандығы, қате аударма, сот және тергеу әрекеттері хаттамасының, заттық айғақ дәлелдемелердің жалғандығы,
- заңсыз және негізсіз үкім шығаруға әкеп соқтырған прокурордың, тергеушінің, анықтаушының қылмыстық әрекеттері,
- заңсыз және негізсіз үкім шығаруға әкеп соқтырған қылмыстық іс қарау барысындағы судьялардың қылмыстық әрекеттері, сонымен қатар Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің 471 бабының 2 бөлімінде көрсетілген басқа жағдайлар.
2. Азаматтық сот өндірісіндегі прокурорлық қадағалаудың міндеттері:
- мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және басқа заңмен қорғалатын құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету
- азаматтық сот өндірісінің негізгі бастамасы, әділдік қағидасының мүлтіксіз сақталуы.
Қадағалаудың мәні болып азаматтық сот өндірісі барысында орындалатын соттың шешімдері, қаулылары, және ұйғарымдары, сонымен қатар басқа процессуалдық әрекеттер болып табылады.
Азаматтық істер бойынша прокурор қадағалауы сотта келесі формаларда жүзеге асады:
1- Прокурормен талап арызды қолдауды ұсыну;
2- Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауына қатысу және қортынды беруі;
3- Қадағалау және аппеляциялық сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауына қатысу.
1- Азаматтық істерде заңдардың біркелкі қолданылуын мемлекет атынан жоғарғы қадағалау тікелей ҚР – сы Бас прокурорымен, және оған бағынышты прокурорлармен жүзеге асады. ҚР – сы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 55 бабына сәйкес прокурор сотқа, мемлекеттің, ұйымдардың, азматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды мүдделерін қорғауға арызбен шағымдануға құқылы. Прокурор мен талап арыз беруші заң бұзушылыққа әсер етуші құрал болып табылады.
Іс қозғаған прокурордың жағдайы, басқа тұлғалардан белгілі ерекшеліктермен мінезделеді:
- берілген талап арыз бойынша прокурор сот шығындарын көтермейді;
- талап арызды қабылдауда одан бас тарту мүмкін емес.(Талапкер прокурор берген арызды қолдамаған жағдайдан басқа);
- прокурорға қарсы талап арыз жазуға болмайды;
- талап арыз бойынша соттың шешімінің прокурорға қатысы жоқ, талап арыз берген тұлғаның мүдделері үшін;
- келісім жасасу құқығы прокурорға берілмеген.
Прокурормен ұсынылған талап арыз онымен сотта қолданылуы керек. Талап арыз қандай себептермен берілгеніне қарамастан, оған жан – жақты және тыңғылықты дайындық жүргізіліп, қажетті жағдайда прокурордың талабы қажетті құжаттармен бекітіледі.
Жарыстылық қағидасының күшіне байланысты прокурор талаптардың негіздерін дәлелдеуге міндеттті, сотқа маңызы бар заңды деректерді хабарлауға, теріске шығару деректерін көрсетуге сонымен қатар сотқа өзінің дұрыстығын дәлелдейтін басқа да әрекеттерді орындауға міндетті. Егер үшінші бір тұлғаны құқықтары мен мүдделері бұзылмаса, талапкер прокурормен берілген талапты қолдамаса, сот талапты қараусыз қалдырады.
2- Азамматық іс қарауда прокурор қатысуға міндетті:
- Заңмен көрсетілген жағдайда;
- Жоғарғы тұрған прокурормен және соттың, прокурордың іске қатысуы қажеті танылған жағдайда;
- Прокурордың талабымен қозғалған істерде;
- Соттық қорғауға мемлекеттің және өзінің дене және психологиялық кемістігінен өз құқығын және мүдделерін қорғай алмайтын тұлғалар ісі бойынша, сонымен қатар кәмелетке толмағандар мүдделері;
- Мемлекеттік басқару органдары және лауазымды тұлғалардың шешімдерін және әрекеттерін даулағанда;
- Басқа үй – жай бермей, үй жайдан азаматтарды шығару істері бойынша;
- Жұмысына қайта орналастыру істері бойынша;
- Азаматтардың денсаулығына және өміріне келтірілген зиянды өтеу істері жайлы.
Соттардың азаматтық істерді қарауына қатыса отырып прокурор құқық қорғау қызметін атқарады. Ол мемлекеттік және қоғамдық мүдделермен , азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Мемлекеттің, және қоғамның, ұйымдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың өзіне жүктелген міндетін орындау мақсатында, өз қаулы бойынша немесе соттардың қаулысымен іске қортынды шығару үшін прокурор процеске түсуге құқылы. Соттық талқылау барысында прокурор өз ұстанымын іс материалдарымен, заңдылық қағидаларын басшылыққа ала отырып, тараптардың сот және заң алдында теңдігін алға қоя отырып заң талаптарына сәйкес өз ұстанымын анықтайды.
Прокурор құқылы:
Іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелерді зерттеуге, мәлімдеме жасауға,азаматтық істерде іс мәні бойынша қортынды беруге, талапкерге, жауапкерге, үшінші тұлғаларға, сарапшыларға, қоғамдық ұйымдар өкілдеріне сұрақ қоюға, басқа да процессуалдық әрекеттер жасауға;
Соттың негізсіз және заңсыз шешімдері мен ұйғарымдарына наразылық білдіруге, соттық қабылдауларға қатыса отырып прокурор іс бойынша жалпы қортынды береді. Прокурордан шығатын қортынды процессуалдық акт ретінде, арнайы талаптарға сай болуы керек.Қортынды әділ негізделген, толық әрі заңды болуы керек. Прокурордың талапты қанағатандыруы туралы ұсынысы немесе оны қанағатандырудан бас тартуы себепті болуы керек. Прокурор егер талаптың бір бөлігін ғана қанағатанндыруды сұраса, ол талаптың қандай бөлігі қанағатттандырылуы керек екендігін нақты көрсетуге міндетті;
Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері аппеляциялық тәртіппен шағымдалуы немесе наразылылық білдіру құқығы іске қатысушы прокурорға беріледі.
Бас прокурор, оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары өз өкілеттіктері шегінде сот шешімін іске қатыспай-ақ тәуелсіз наразылық білдіруге құқылы. Апелляциялық тәртіппен іс қарау барысында прокурордың қатысуы барлық істер бойынша міндетті. Сотқа қатыспай – ақ прокурор немесе оның орынбасарлары өз өкілеттіктері шегінде, соттан заңды күшіне енген кез келген азаматтық істі сұратуға құқылы. Егер шешім негізсіз немесе заңсыз болған жағдайда прокурор қадағалау тәртібімен наразылық білдіреді. Заңды күшіне енген сот актісіне қадағалау тәртібі бойынша наразылық білдіру 1 жыл ішінде сот шешімінің заңды күшіне енгеннен бастап білдіруге болады. Сот шешімін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарауға негіз болып,материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының маңызды бұзылуы болып табылады.
Әдебиет:
1.ҚР – ның Қылмыстық Істер Жүргізу Кодексі 13.12.1997 ж.
2.ҚР – сының Азаматтық істер жүргізу кодексі 13.07.1999 ж.
3.ҚР – сы Бас прокурорының 2001 жыл 23 ақпандағы «Сотта қылмыстық істерді қараудың заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы»№ 24 бұйрығы.
4. ҚР – сы Бас прокурорының 2000 жыл 30 мамырдағы «Шаруашылық істері бойынша сот қаулыларының заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы.»№ 26 бұйрығы.
5. ҚР – сы Бас прокурорының 2000 жыл 28 тамыздағы «Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы»№ 45 бұйрығы.
6. ҚР – сы Бас прокурорының 2006 жыл 27 шілдедегі «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалау нұсқамасы туралы»№ 37 бұйрығы
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сот талқылауында прокурордың негізгі функцияларын атаңыз?
2. Қылмыстық істер бойынша сот талқылауында прокурор қандай роль атқарады?
3. 1 сатыдағы, аппеляциялық және қадағалау сатыларындағы сотта прокурордың негізгі өкілеттігі қандай?
4. Азаматтық процессте прокурордың қатысу формаларын атаңыз?