
- •Дәрістердің тезистері
- •1 Тақырып: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың түсінігі, маңызы мен міндеттері.
- •2 Тақырып: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.
- •3.Тақырып: Прокурордың құқықтық актілері.
- •6Тақырып: Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру.
- •7 Тақырып: Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
3.Тақырып: Прокурордың құқықтық актілері.
Дәріс мақсаты: Студенттермен прокурордың құқықтық актілерінің мазмұны және түрлерін игеру.
Жоспар:
1.Құқықтық актілер түсінігі және жүйесі.
2.Прокуратура органдары қызметі және ұйымдастыру мәселелері бойынша актілер.
3.Прокурорлық қадағалау актілері, түрлері және мазмұны.
1.Прокуратура құқық қолданушы орган болып табылады. Қадағалауды жүргізе отырып прокурор сақталуға және орындалуға міндетті әр түрлі нормативті ережелі мазмұндағы актілер шығаруға құқылы. Бұл актілер құқықтық мінезде болады, себебі белгілі бір тәртіп ережесін анықтап солардың көмегімен прокурор қоғамдық қатынастарға әсер етеді.
Прокурордың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар:
Құқықтық акт прокурормен нақты маңызды заң бұзушылық бойынша шығарылады;
Құқықтық акт уақтылы шығарылуы керек;
Прокурордың ұсынысы мен қортындысы нақты және негізді болуы керек;
Құқықтық актілер заңды сауатты болуы қажет;
Құқықтық актілер формасы мазмұнына сәйкес болуы керек
Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін құрайды:
1) прокуратура қызметін және ұйымдастыру мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, үкімдер, ережелер, нұсқаулықтар.
2) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңды түсіндіру.
2.Прокуратура органдары қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша актілер – Бас прокурормен, және оның орынбасарларымен, басқа да прокурорлардың бастамасымен төменгі прокурорларға жіберілген нормативті ұйғарымды мазмұндағы және шектеу мінезіндегі актілер болып табылады.Мұндай актілерге: бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, прокурорлық қадағалау тәжірбиесін бірлестіру, қортындылар, отырыс шешімдері т.б. жатады.
3. Прокурорлық қадағалау актілері – анықталған заң бұзушылыққа прокурордың әсер ету қалпындағы құжат болып табылады. Оларға: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңға түсіндіру жатады.
1) Наразылық - прокурордың Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасау құжаты болып табылады. Наразылық мазмұны – айқын, нақты қалыпта тез әрі әділетті шешім қарауды талап ететін прокурордың қарсылығы. Наразылық білдірілуіне байланысты наразылықтың екі түрі бар:
- жалпы қадағалау тәртібіндегі наразылық /заңсыз іс - әрекеттерге, заңсыз шешімдерге,заңсыз актілерге/;
- сот актілеріне наразылық;
Жалпы қадағалау тәртібіндегі наразылық – жоғары лауазымды тұлғаға, немесе жоғарғы органға негізсіз немесе заңсыз акт шығарғаны үшін шығарады. Наразылық 10 күн ішінде қаралуға жатады. Наразылықта прокурор заңсыз актінің күшін жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi. Ол наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекетiн орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға құқылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.
Сот шешімдеріне наразылық – прокурормен аппеляциялық немесе қадағалау тәртібі бойынша сот заңсыз немесе негізсіз үкім немесе сот басқа қаулы шығарған жағдайда жасалады. Егер наразылық прокурордың қызметтік міндеттерінің шегінен шығып кеткен жағдайда, ол жоғарғы тұрған прокурорға наразылықты жалғастыру туралы ұсыныспен шығады.
2) Қаулы – прокурормен қадағалау тексеріс жүргізуіне байланысты өзінің процессуалдық әрекетін хаттамалау үшін шығарылады. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде, заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады. Прокурордың қаулысы уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады.
3) Ұйғарым - прокурор заңды бұзушылықты жою туралы жазбаша өкімді енгiзедi және оны заңды бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға, не жiберiлген заң бұзушылықты жоюға уәкiлеттi органға немесе лауазымды адамға жібереді. Онда Конституцияның, заңдар мен Республика Президентi актiлерiнiң бұзылған нормалары көрсетiлiп, құқық бұзушылықтың сипаты мен заң бұзушылықты жою жөнiндегi шаралар туралы нақты ұсыныстар болуға тиiс.
Ұйғарым:
1- заң бұзушылық нақты болған жағдайда,
2- құқық бұзушылық пен адам құқығы мен бостандықтарына маңызды зиян қаупі төнген жағдайда, егер ол тез арада қалпына келтірілмесе шығарылады.
Прокурормен белгіленген мерзім ішінде ұйғарым міндетті орындалуға жатады. Ұйғарымның орындалғаны туралы прокурорға жедел хабарлама жасалады. Ұйғарым құқықтық нормативтік актілерге шығарылмайды.
4) Өтініш - прокурормен заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасайтын, құжат.
5) Санкция - сотқа дейінгі өндірісте қылмыстық тергеу органдарының белгілі бір процессуалдық әрекеттерді сонымен азаматтың және адамның құқықтарын шектейтін қатар шұғыл іздестіру шараларын өткізуге жасауына прокурордың жазбаша келісімі.
Санкция беріледі:
- қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды қамауға алуға; - қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге; - айып тағылған адамды қызметтен шеттетуге, сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға; - Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге; Аталған әрекеттерді жасауға санкция беру немесе оны беруден бас тарту 24 сағат ішінде жасалады.
6) Нұсқау – қажетті заңды маңызы бар деректерді анықтауға, белгілі бір әрекетттерді жасау үшін жазбаша өкім. Ол тергеу және анықтау органдарына қылмыстық іс қозғау және жүргізу үшін, жедел іздестіру органдары қызметіне, әкімшілік өндіріс тексеріс жүргізу өкімдігі бар мемлекеттік органдарға беріледі. Прокурор нұсқауы орындалуға міндетті. Нұсқауды қараудың және орындаудың заңды мерзімі көрсетілмегендіктен прокурор мерзімді орындалу мүмкіндігін есепке ала отырып өзі бекітеді.
7) Ұсыныс – заң бұзушылықты қайта қалпына келтіру және бұл құқық бұзушылықтың жасалу себебін және жағдайын анықтау туралы құқықтық прокурорлық қадағалау актісі. Ұсыныс құқық бұзушы органға және лауазымды тұлғаға шығарылады. Ол 1 ай мерзім ішінде заңдылықты қайта қалпына келтіру шараларын қолдану арқылы қаралуға жатады. Ұсынысты қарау барысында прокурор қатысуға құқылы. Ұсыныс қаралу нәтижиесін және қолданылған шаралар туралы жедел түрде прокурорға хабарлануы керек.
8) Заңды түсіндіру. Орган, және лауазымды адам немесе азаматтың заңды дұрыс түсінбеу немесе білмеуі, дұрыс қолданбауға әкеліп соқтыру негізі бар деп жорамалдағанда прокурор заң мазмұнын түсіндіреді, ал керекті жағдайда заң бұзушылыққа қаралған жауапкершілікті хабарлайды. Құқықтық акт Заңға сәйкес келмеген жағдайда прокурор құқықтық актіні шығарушы органға және лауазымды тұлғаға заңның талаптарын түсіндіреді.
Әдебиет:
ҚР – сы «Прокуратура туралы» Заңы 21.12.1995 ж.
Акпарова Р.Н. ҚР– ы прокуратура органдары. Алматы «Данекер» 2000 ж.
Жүрсімбаев С.К. Қазақстанда ғы прокурорлық қадағалау: Оқулық – Алматы 2004 жыл.
Өзін өзі тексері жұмыстары:
1.Прокурордың құқықтық актілер түрлерін атаңыз?
2.Прокурордың құқықтық актілері қандай талаптарға сай болуы тиіс?
3.Прокуратура органдары қызметі және ұйымдастыру мәселелерін реттейтін актілерге қандай актілер жатады?
4.Прокурорлық актілердің қандай түрлерін білесіз? Олардың айрмашылығы?
Тақырып 4 Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы прокурорлық қадағалау.
Дәріс мақсаты: Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы қадағалау мазмұнын студенттерге түсіндіру.
Жоспар:
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы қадағалаудың түсінігі, міндеттері және пәні.
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары.
Аталған қадағалауды жүзеге асырудағы прокурордың өкімдігі. Прокурорлық тексерудің себебі және негізі.
Азаматармен қарым қатынаста прокурордың жұмысы.
1. Прокурорлық қадағалау жоғарғы қадағалау ретінде, құқық пен реттелетін адам қатынасының барлық саласын қамти отырып, барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға біртекті және дәл қолданушы қадағалаушы болып табылады. Прокурор қандай қызмет атқарса да бірінші кезекте ол адам және азамат құқықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтауға айрықша көңіл бөледі. Қадағалаудың бұл түрін жалпы қадағалау деп атайды.
Адам және азамат құқықтарын сақтау прокурорлық қадағалаудың негізгі мақсаты – ҚР–сы Конституциясымен кепiлденген құқықтар мен бостандықтар органдармен және лауазымды тұлғалармен нақты сақталудың қалыпты нәтижесін беру болып табылады. Адам және азамат құқықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтауды қадағалау көлеміне, мемлекеттік орган, және әр түрлі меншік формасындағы заңды сақтау және орындау жөніндегі лауазымды тұлғалар және азаматтар, прокурорлық қадағалаудың арнайы тармақтарын қамтитын жеке құқықтық қатынастардан басқа құқықтық қатынастар кірген. Қадағалау нысандары болып:
кәсіпорындар,
мекемелер,
барлық түрлі меншіктегі ұйымдар,
қоғамдық бірлестіктер және саяси қозғалыстар,
әр түрлі жүйедегі және дәрежедегі лауазымды адамдар қызметі,
азаматтар болып табылады.
Қадағалау міндеті:
Заңды құқықтық актілерге және орган, ұйымдар, және лауазымды тұлғалар мен азаматтар әрекеттеріне сәйкес адам және азамат құқықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету;
Заң бұзушылықтың кез келген түрін, оны бұзуға себеп болған жағдайларды анықтауға шаралар қолдану және қайта қалпына келтіру.
2. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары:
- Президент заңдары және актілеріне Конституцияның нормативтік актілерінің сәйкес келуін қадағалау;
- Құқық қорғау, атқарушы және бақылаушы органдарымен, адам және азаматтардың конституциялық құқығын сақтауды қадағалау;
- Кәмелеттік жасқа толмағандар заңын сақтауды қадағалау;
- Мемлекеттік органдармен экономика саласында заң қолданылуын қадағалау;
-Табиғатты қорғау және оның өнімдерін дұрыс пайдалану заңын сақтауды қадағалау;
- Қоғамдық бірлестіктер, ақпарат құралдары, қозғалыстар, саяси партиялар қызметінің заңдылығын қадағалау.
3. Адам және азамат құқықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтауды қадағалау атқарушы, құқық қорғау, бақылау органдарында тексеру жүргізу арқылы жүзеге асады.Тексерудің себебі болып: азаматттардың, мелекеттік органның лауазымды тұлғалар арыз және шағымы, президент тапсырмасы, заң бұзушылықтың нақты белгілерін анықтауға жоғарғы тұрған прокурордың тапсырмасы және қатынас қағаздары. Сонымен қатар тексерістер жоспарлы болуы мүмкін. Тексеріс жүргізудің негізі болып прокурордың тексеру жүргізуге шығарған қаулысы болып табылады.
Жоғарғы тұрған прокурормен басқа жағдай қарастырылмаса,тексеру мерзімі 1 айда жүргізіледі.
Прокурор тексеру жүргізуді өкілетті органға тапсыруына болады, олар 3 күн ішінде тексеру нәтижиесін прокурорға хабарлауға міндетті.
Тексеру барысында прокурор құқықты:
Жүргізіліп жатқан тексеру мәселелері бойынша азаматтарды және лауазымды тұлғаларды, және олардан түсінік алуға
Мемлекеттік орган және барлық меншік иелері үй жайына, ғимаратына қызметтік куәлігін көрсету арқылы кедергісіз кіруге,
Басшылардан және басқа да лауазымды тұлғалардан заңдылықты сақтаудағы және оны қамтамасыз етудегі қажетті құжаттар, статистикалық көрсеткіштер, және басқа ақпарат алуға,
Мамандарды тексеру жүргізіп қортынды беруге тартуға,
Өз өкілеттігіне сәйкес прокуратураға келіп түскен материалдарға, шағымдар өндірісін талап етуге және олардың қортындысын хабарлауға міндеттеуге,
Қадағалау қызметінің қәуіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеріс жүргізуге тартуға,
Сараптама тағайындап басқа да тексеру әрекеттерін жүргізуге.
Өткізілген тексеру қортындысы бойынша прокурор төмендегі шешімдерді қабылдауға құқылы:
Наразылық шығаруға,
Заң бұзушылықты қайта қалпына келтіру туралы ұйғарым беруге,
Қылмыстық іс қозғау туралы, тәртіптік немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірістік іс қозғауға, прокурордың талабын еріксіз түрде орындатуға,
Матералдық зиянды қайта қалпына келтіру шараларын қабылдауға,
Адам және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделері және құқықтары бұзылған жағдайда заңнан басқа, заңсыз актінің әрекетін тоқтатуға,
Тыйым салу – шектеу мазмұнындағы шаралардың күшін жоюға,
Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтарын қорғау мақсатында сотқа шағымдану,
Лауазымды тұлға мен мемлекеттік органға заң бұзушылықты қайта қалпына келтіруге ұсыныс шығаруға.
4. Азаматтармен қарым қатынас жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Осы нұсқамаға сәйкес прокуратураға келіп түскен азаматтар шағымы алфавиттік картотекаға тіркеліп, міндетті қаралуға жатады. Жасырын шағымдар қаралуға жатпайды. Жасырын шағымдарда жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы деректер болса, олар арнайы құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Азаматтардың арыз шағымдары белгіленген мерзім ішінде қаралады:
1) Қайта қарауды және зерттеуді талап етпейтін шағымдар 15 күн ішінде қаралады;
2) Қайта қарауды және зерттеуді қажет ететін шағымдар 1 ай ішінде қаралады.
3) Аса күрделі болуына байланысты шағымдарды қарау мерзімі басшылармен 1 айға дейін ұзартылуы мүмкін
4) Басқа өкілетті органдардың құзыретіне жататын арыз шағымдарды, оларға 5 күннен кешіктірмей, арызданушыға міндетті түрде хабарлау арқылы жіберіледі.
5) ҚР – сы Президентінен келіп түскен азаматтар шағымы, екі апта мерзімі ішінде қаралып орындалу керек.
Арыз шағымдарды қарау бойынша төмендегі шешімдер қабылдануы мүмкін:
1) Арыз шағымды толық немесе жартылай қанағаттандыру туралы;
2) Егер арыз шағымда көрсетілген мәселелер себепсіз, және өз дәлелдемесін таппаса, негізсіз болса қанағатттандырусыз қалдыруға;
3) Қойылған мәселелер бойынша заңдар нормасын түсіндіру қажеттілігі болса, заңға түсінік беруге.
Арыз шағымдар бойынша қабылданған шешімдер жайлы шағымданушы ға міндетті түрде хабарлама жасалады.
Арыз шағымды қарау барысында прокурор келтірілген себеп салдарларды жан – жақты жүргізуі керек, қажет болған жағдайда қосымша материалдар талап етуі керек, органдардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан шағымданушы әрекеттерге және шешімдерге түсініктеме алуы керек.
Прокурор бұзылған құқықты қайта қалпына келтіруі үшін қажетті шараларды қолдануы қажет.
Әдебиет:
1.ҚР – ның «Прокуратура туралы» Заңы 21.12.1995 ж.
2.ҚР – сының прокуратурасы туралы нормативтік – құқықтық актілер жинағы 1997 ж.
3.ҚР – сы Бас прокурорының 2002 жыл 30 қыркүйектегі «Прокуратура органдарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы» № 45 бұйрығы.
4. ҚР – сы Бас прокурорының 2001 жыл 27 қарашадағы «ҚР – сы Прокуратура органдарында азаматтардың арыз шағымдарын қарау тәртібі туралы» № 130 нұсқамасы.
5. ҚР – сы Бас прокурорының 1998 жыл 08 шілдедегі «Мемлекеттік билік және басқару органдарының құқықтық актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы.» № 38 бұйрығы.
6. ҚР – сы Бас прокурорының 1999 жыл 15 шілдедегі «Әлеуметтік – экономикалық аясында заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы.» № 60 бұйрығы.
8.Акпарова Р.Н. ҚР – сы прокуратура органдары. Алматы «Данекер» 2000 ж.
9.Жүрсімбаев С.К. Қазақстанда ғы прокурорлық қадағалау: Оқулық – Алматы 2004 жыл.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Адам және азамат құқықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы қадағалаудың түсінігі, міндеттері және пәні болып не табылады?
2. Адам және азамат құқықтарын, заңды тұлғалар және мемлекет мүдделерін сақтаудағы прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары қандай?
3. Прокурорлық тексерудің себебі және негіздерін атаңыз?
Тақырып 5 Жедел іздестіру, тергеу мен анықтау қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалау.
Дәріс мақсаты: Жедел іздестіру, тергеу мен анықтау қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың мазмұнын студентерге түсіндіру.
Жоспар:
Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың мәні және мазмұны.
Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүргізуде прокурордың өкілеттігі.
Тергеу мен анықтау қызметінің заңдылығына қадағалаудың мәні және мазмұны
Тергеу мен анықтау қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүргізуде прокурордың өкілеттігі.
1. Прокурорлық қадағалаудың бір бағыты болып жедел іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау болып табылады.
Қадағалау міндеттері: Жедел іздестіру қызметін реттейтін заңның нормаларының ешкіммен бұзылмауын прокурор қадағалап отыруы керек, заң бұзушылық анықталған жағдайда құқығына және бостандығына зиян келген азаматтың құқықтарын қайта қалпына келтіру үшін шұғыл түрде шаралар қолдануы керек. Қылмыспен күрес адам және азаматтардың құқықтарының бұзылмауына жол бермеу нәтижиесінде, және бұзылған заң бұзушылықты тез әрі толық ашылуын қамтамасыз еткен жағдайда ғана өз жемісін береді. Жедел іздестіру қызметі аясында прокурорлардың міндеті оның мәнімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қадағалау қызметінің мәні болып: біріншіден, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын сақтау; екіншіден дайындалып жатқан және жасалған қылмыс туралы арыз шағымдарды қараудың арнайы тәртібін сақтау, шұғыл – іздестіру шараларын орындау; шұғыл – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың шешімдерінің заңдылығы болып табылады.
2. Жедел іздестіру қызметіне қадағалау жүргізуші прокурорлар құқықты:
Жедел іздестіру шараларының шешімдері және тәртібі туралы құжаттар мәліметтермен танысуға;
Қылмыстық істер бойынша жедел – іздестіру шараларын жүргізуге жазбаша нұсқаулар беруге , оларды қысқартуға талап етуге;
Ерекше соттың қарауындағы тексеруге жататын арыз шағымдарды сотқа жіберу;
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында заң бұзушылыққа жол берген жедел іздестіру қызметімен айналысатын лауазымды тұлғалардан жазбаша түсініктеме талап етуге;
Анықтау органының қылмыстық іс қозғаудағы негізсіз қаулысының күшін жоюға;
Жедел іздестіру қызметін жүргізетін орган басшыларының заңға қайшы келетін бұйрықтары мен нұсқауларына наразылық білдіруге,
Органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалған анықталған құқық бұзушылық туралы ұсыным жасап және басшыларынан олардың жедел жұмыспен айналысу қызметінен босату туралы талап қоюға.
3. ҚР – сы Конституциясы 83 бабына сәйкес прокуратура органдары қызметінің бір бағыттары болып тергеу және анықтау органдары қызметіне қадағалау болып табылады.Аталған қадағалау алдын ала тергеу және анықтау өндірісінде құқық бұзушылықты қайта қалпына келтіру , анықтау және ескерту арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағытта прокурор тергеу және анықтау органдары әрекеті мен актілерінің заңдылығына қадағалауды, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстарды хабарламасы және арыздарды қараудың заңды анықталған тәртібін сақтай отырып жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау нысандары болып алдын ала тергеу және анықтау органдары қызметі табылады, яғни қылмыстық қудалау органдары лауазымды тұлғаларының, сонымен қатар басқа да қатысушылардың шығарған процессуалдық актілерінің процессуалдық әрекетінің заңдылығы.
Тергеу мен анықтау қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың мәні болып:
адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
тергеу әрекеттерінің заңдылығы;
жасалған және жасалуға дайындалып жатқан қылмыстарды және оларды тергеу жүргізуге арыз шағымдарды, шешілудің арнай тәртібі болып табылады;
Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеті болып:
бірде бір қылмыс ашылмай қалмауы керек және қылмыс жасаған бірде бір тұлға қылмыстық жауапкершіліктен құтылмауы керек;
қылмыс жасады деген күдікпен адамды ұстау, және қамауға алу заңдағы көрсетілген негізбен және тәртіппен жүргізілуі керек;
ешкім де заңсыз және негізсіз қылмыстық жауапкершілікке және басқа құқық шектеулеріне тартылмауы керек;
қылмыстық іс қозғаудың және тергеудің заңмен көрсетілген тергеу мерзімдерін сақтау болып табылады.
4. Прокурор тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалау міндеті барысында:
Жасалған немесе әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды қабылдағанда, тiркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексередi;
Қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын қадағалауды жүргізеді;
Қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция бередi;
Тергеушiлер мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларының күшiн жояды;
Егер анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудiң заңсыз әдiстерiне жол берiлсе, кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қояды;
Анықтама мен тергеу органдарынан тексерiс үшiн қылмыстық iстердi, жасаған қылмыстар, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаманың, тергеудiң барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәлiметтердi алады;
Қажет болған жағдайларда қылмыстық iс қозғайды, қылмысты iстерге тергеу жүргiзу жөнiнде жазбаша нұсқаулар бередi;
Жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
Анықтау мен тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстердi түптеп қарау үшiн сотқа жiбередi;
Заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Әдебиет:
1.ҚР – ның «Прокуратура туралы» Заңы 21.12.1995 ж.
2.ҚР – сы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңы
3. ҚР – сы Президентінің Заңды күші бар 21.12.1995 ж. «Ішкі Істер органы туралы» Жарлығы.
4.ҚР – сы Бас прокурорының 1996 жыл 23 желтоқсандағы « Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» № 39 бұйрығы.
5. ҚР – сы Бас прокурорының 2003 жыл 01 қаңтар «ҚР – сы алдын ала тергеу және анықтаудың заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру нұсқамасын бекіту туралы» № 1 бұйрығы.
6. ҚР – сы Бас прокурорының 2003 жыл 10 ақпандағы «Арыз, шағымдарды, хабарламаларды және басқа қылмыс туралы ақпарларды қарау және есепке алу, тіркеу, қабылдау туралы нұсқаманы бекітіп қолданысқа енгізу туралы » № 6 бұйрығы.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жедел іздестіру қызметінің, тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың мәні болып не табылады? Аталған қадағалаудың міндеті және мақсаты болып не табылады?
2. Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүргізуде прокурордың негізгі өкілеттіктері.
3. Алдын ала тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметіне заңды қадағалаудың негізгі бағыттары?