
- •Дәрістердің тезистері
- •1 Тақырып: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың түсінігі, маңызы мен міндеттері.
- •2 Тақырып: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.
- •3.Тақырып: Прокурордың құқықтық актілері.
- •6Тақырып: Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру.
- •7 Тақырып: Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
Дәрістердің тезистері
1 Тақырып: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың түсінігі, маңызы мен міндеттері.
Жоспар:
1. Прокурорлық қадағалаудың мазмұны.
2. Прокуратура органдарының пайда болуы және дамуы.
3. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері.
4. Прокуратура органдары кызметінің негізгі принциптері.
5. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары.
1. ҚР Конституциясының 1 б. 83 б. сәйкес «прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзгеде нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама және тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады». ҚР Конституциясы және «Прокуратура туралы» ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
Заңдардың және жарлықтардың дәл әрі бірінғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі ҚР Бас прокуроры және бағынышты прокурорлар болып табылады. Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды аңықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірынғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың – прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және бөлу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктерге қатысты әрекет етеді. Заңдармен белгіленген тәртіппен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.
«Прокурорлық қадағалау» курсы шартты түрде жалпы және ерекше бөлімдеріне бөлінеді.
Жалпы бөлім прокуратураның тағайындау мәселелері, оның функциялары мен басқа мемлекеттік органдар арасындағы орны, прокуратура органдарын ұйымдастыруға тарихи сілтемелері және оның негізгі даму кезендерін, мендеттері мен ұйымдастыру принциптерінің ашатын ҚР прокуратура құрылымын және жүйесін, прокуратура туралы заңдарды сипаттайтын мазмұндағы такырыптарды қамтиды.
Ерекше бөлімде прокурорлық қадағалаудың бағыттары, прокуратура органдарының қызметтеріне өту мәселелері, прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және басқа мәселелері зерделенеді.
Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздері келесі құқықтық актілермен аңықталады.
1. ҚР Конституциясы.
2. Процессуалдық актілер ( АІЖК, ҚІЖК, ӘҚБК).
3. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы 21.12.1995ж.
4. Басқа нормативтік актілер: ҚР ЖС қаулылары, ҚР КК каулылары, Бас прокурордың бұйрыктары, нұсқаулары, үкімдері.
2.Қазақстан прокуратурасының қалыптасу тарихы үш маңызды кезеңнен тұрады:
1 КЕЗЕҢ. Қазақ ССР – прокуратурасы 1922 жылы 13 шілдеде Қазақстан орталық сайлау комитетінің үшінші сессисының екінші шақырылымының «Прокурорлық қадағалау туралы » ережесі бекітілген қаулысымен Орынборда құрылды. Мемлекетпен құрылған прокуратуралар халықтық әділет комиссариатының құрамына кірді. Мемлекет атынан прокуратураға барлық үкімет органдарының қызметі, шаруашылық мекемелері қызметі, қоғамдық ұйымдардың қызметі, әрекеттері заңдылығын бақылауды жүзеге асыруды кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау арқылы және заңға қайшы қаулыларға наразылық білдіру арқылы, қылмысты ашу бағытында алдын-ала тергеу және анықтау органдары қызметіне тікелей бақылау жүргізуді, айыптауды сотта қолдауды, қамауға алынғандардың ұстауын қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
2 КЕЗЕҢ. 1933 жылы халықтық әділет коммисаритының жанынан прокуратура басқармасы құрылды. Осы уақыттан бастап Халықтық комиссар және Республика прокуроры міндеттері қызметі бөлінді, алайда прокуратура Халықтық коммисариатқа бағынышты болып қала берді.
3 КЕЗЕҢ. 1936 жылы 11 қарашада прокуратура толық халықтық әділет коммисаритынан бөлініп шықты және Республиканың құрылымды құқыққорғау органы ретінде қызмет атқара бастады. Прокуратура органдары өмірінің белгілі бір қызметі, мемлекеттің жоғары органдарымен танылған жазалау мекемелерін құқыққорғау органдары қызметінде алдыңғы орындарға қою мерзімімен байланысты. Қалыптасқан жағдайға байланысты прокуратура өзінің құқық қорғау қызметін толыққанды атқара алмады, алайда жаппай саяси репрессия жылдарында заңды күші бар заңдарды қорғай білетін, заңдылықты қорғау жолында өзіндік күресе білген, қорқуды білмейтін көптеген таза, адал адамдар прокуратура органдарында қызмет жасады.Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан прокуратура органдары жұмыстары фронт мүдделеріне бағынышты болды. Прокуратураның күнделікті жұмыстары құрал жабдықтарды сақтауға және орнын ауыстырған кәсіпорындар мүліктерінің талан таражға салынуына жол бермеуді, әскерилердің және оларды жанұя мүшелерінің құқығын қорғауды, соғыс мүгедектерінің және қайтыс болғандар жанұясы мүшелерін құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталды. Көптеген прокурорлар және тергеушілер мемлекет тәуелсіздігі және бостандығы жолында ерлікпен өз өмірлерін қиды.
Соғыстан кейінгі он жыл прокуратура беделін көтерумен мінезделіп, олардың басты конституциялық міндеті болып заңдардың біркелікі және нақты жоғары қадағалаудың орындалуын бақылау болып табылды.1955 жылы 24 мамырда «КСРО – да прокурорлық қадағалау ережесі туралы» ереже қабылданды.1966 жыл 14 желтоқсан – «Әскери прокуратура туралы ереже» қабылданып соған сәйкес әскери прокуратура прокуратура органдарының жалпы жүйесіне кірді және Бас прокуратураға бағынышты болды.
Қазақстанның мемлекеттігінің дамуына байланысты Республикалық органдар жүйесінде прокуратура орны мен атқаратын ролі өзгеріп отырды, оның қызметі жаңа мазмұндармен толығып және прокурорлық қадағалау қызметі өзгерді. Алайда қандай жағдайда да прокуратура алдында тұрған міндеттер түзетілгенмен, прокуратура қызметінің негізгі мазмұны болып заңдылықты сақтау және құқық тәртібін нығайту, мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың бостандығы және әлеуметтік – экономикалық, саяси және жеке құқығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алуда үнемі құқық қорғау органы болып қала берді. Прокуратураның дамуы және реформалануы жаңа мемлекеттік құрылым қағидаларына сәйкес саяси және халықаралық – құқықтық бағытта өзгермеуі мүмкін емес болатын. 1991 жылы 6 желтоқсанда Қазақ ССР – рі Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ ССР – нің прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру туралы, олардың тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету» қаулысымен Қазақ ССР – і Бас прокурорына бағынышты прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылды. 1992 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасы прокуратурасы туралы» Заң күшіне енді. Алдағы прокуратура органдарын реформалау жолдары 1995 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР – сы Президентінің жарлығында көрініс тапты. Прокуратураға конституциялық қадағалау қызметі жүктелді – Конституцияға қайшы келетін Заңдарға наразылық білдіру құқығы.
3. Прокуратура туралы ҚР Заңыңың 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметі анықталады. Оның мақсатты Конституция мен заңдардың үстем тұруын камтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарынын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттері үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (нақты).
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілермен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:
республика аумағында заңдардың, ҚР-ның Призеденті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірынғай қолданылуын қадағалау;
жедел-іздестіру қызметін, анықтама мен тергеудің зандылығын қадағалау;
кез келген зандылық бұзушылықты анықтау, жою жөнінде шаралар қолдану;
әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің зандылығын қадағалау;
республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін заңдарға өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
заңда белгіленген жағдайда,тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен және өзге де құқықтық актілермен реттеледі.
Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға, прокурордын қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.
4. Прокуратура органдары кызметін ұйымдастырудың келесі принциптері :
1.Төменгі прокурорлар жоғары прокурорларға және ҚР Бас прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесінің құрайды. Бас прокурор заңдылық пен құқықтық тәртіптін жай–күйі және оларды нығайту бойынша шараларды туралы ҚР Президентіне жүйелі түрде хабардар етеді.
2.Прокуратура органдары тек ҚР Бас прокурорына ғана бағына отырып және өз қызметін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура органдарында саяси партияларды құруға, кызметі мен оларды ұйымдастыруға жол берілмейді. Прокурорлардың өз қызметтері саяси партиялар мен жалпы қозғалыстардың қоғамдық шешімдерімен байланысты емес.
3.Өздерінің заңда белгіленген өкілеттігін жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.
4.Заңда белгіленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілерді барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті.
5.Жариялылық принципі. Осы принципке сайкес прокуратура органдары республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік қупияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтіндей денгейде жариялы іс-қимал жасайды.
5. Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан: 1) Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
5) заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Әдебиет:
ҚР Конституциясы 1995 ж
“Прокуратура туралы” ҚР Заңы. 21.12.1995 ж.
Нәрiкбаев М.С. ҚР прокурорлық қадағалау. Алматы,2006ж.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Бұл дисциплинаны оқу пәні болып не табылады?
Қазақстанның прокуратурасының органдарының даму тарихының алғы шарттары қандай?
Прокурорлық қадағалаудың нормативтiк негiздерi қандай?
Прокуратура органдары қызметiнiң мақсаты, мiндеттерi және принциптерi не болып табылады?