Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.14 Кб
Скачать

4.Қоғамдық қауiптi салдардың/зардаптың/ түсiнiгi.

Қылмыстық салдар деп тұлғаның әрекетінің (әрекетсіздігінің) себебінен қоршаған ортада болған және қылмыс құрамының объективтік белгілеріне жататын өзгерістер танылады.

Қол сүғушылық жасау затына келетін зиян әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлкін ұрлау, жою, т.б.), денеге (денсаулыққа) зақым келтіру түрінде болуы мүмкін. Материалдық залал қылмыстық занда қол сұғушылық жасау заттарын қалайда жоюмен немесе бүлдірумен әркез байланысты емес. Ұрлау материалдық залал келтіретін болғанымен, бірақ ол мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де байланысты емес.

Қылмыстық салдар бейматериалдық сипатта да болуы мүмкін.

5.Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi.

Материалдық деп аталатын қылмыстар жасалғанда адамның әрекеті (әрекетсіздігі) мен келген зиянды салдар арасындағы себепті байланыстың бар-жоқтығы жайында мәселе туындайды.

Себепті байланыс мәселесі қылмыстық кұкық теориясындағы ең күрделі және даулы мәселелердің бірі.

6.Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк белгiлерi.

Кез-келген қылмыс белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда және белгілі бір тәсілмен жасалынады. Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай және кылмыс жасау тәсілі сол жасалған кылмыстың зияндылық деңгейіне елеулі әсер етуі мүмкін, ол заң шығарушыға осы мән-жайлардың кейбіреулерін қылмыстың кейбір құрамдарының міндетті белгісі ретінде тануға құкық береді.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Объективтiк жақтың мазмұны.

2.Қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк мінез құлықтың объективті әлемде сырткы көрінісі.

3.Зардаптың ұ,ымы мен тірлері.

4.Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi.

5.Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк белгiлерi.

7 Тақырып: Қылмыстың субъектiсi

Мақсаты: қылмыс субъектісі ұғымын, есі дұрыстық, есі дұрыс еместік ұғымын, қылмыстың жай субъектісі, арнаулы субъектісі ұғымын түсіндіру

Жоспар:

  1. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi.

  2. Есi дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты. Есi дұрыстықтың түсiнiгi.

  3. Жасқа толу – қылмыс субъектiсi белгiлерiнiң бiрi.

  4. Қылмыстың арнаулы субъектiсi.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi.

Есі дұрыс, кылмыс жасаған кезде қылмыстық занда көзделген белгілі бір жасқа толғаң жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.

Қылмыс субъектісінің белгілері жалпы ҚК-тің 14-бабының біріншi бөлігінде былай делінген: "Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс".

2. Есi дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты. Есi дұрыстықтың түсiнiгi.

Есі дұрыстық — қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғынып, соған ие болу қабілеті.

Есі дұрыс еместік ұғымы және оның белгілері ҚК-тің 16-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 16-бабынын бірінші бөлігінде "Осы Кодексте көзделген қоғамдык қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес" делінген.

Заң есі дұрыс еместіктің екі критерийін белгілейді: медициналык, (биологиялық) және заңдық (психологиялық).

Есі дұрыс еместіктің медициналық критерийі ҚК-тің 16-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген психикалық қызметтің бүзылуының төртеуінің біреуі болуын талап етеді, олар: а) созылмалы психикалық ауру; ә) психиканың уақытша бұзылуы; б) кемақылдылық; в) психиканың өзге де дертке шалдығуы.

ҚК-тін 16-бабына сәйкес есі дұрыс еместіктің зандық критерийі екі белгіні қамтиды: 1) интеллектуалдық және 2) еріктік.

Интеллектуалдық белгі заңда мынадай сөздермен келтірілген: "өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған ...адам". Есі дұрыс еместіктін интеллектуалдық белгісі психикалық аурудың салдарынан сананың бұзылғандығын білдіреді.

Заңдық критерийдін, еріктік белгісі — адамда өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие болу кабілетінің жоқтығы.