Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.14 Кб
Скачать

2. Қылмыстың объектiлерiнiң түрлерi.

Қылмыстық құкық теориясында негізгі, қосымша және "факультативтік" деп аталатын объектілер бөлініп көрсетіледі.

Негізгі (тікелей) объект дегеніміз — соны корғау үшін қылмыстық-құқықтық нормалар (заң) қалыптасатын объекті. Мұндай объект Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін жүйесіндегі норманың орнын анықтаудың басты критерийі болып табылады.

Қосымша объект дегеніміз негізгі объектіге қарсы жасалған кылмыстан "жол-жөнекей" залал шегетін (немесе залал шегуі мүмкін болатындай қауіпке ұшырайтын) объект.

Қылмыстың факультативтік объектісіне кандай да бір қылмысты жасағанда белгілі бір зиян келуі мүмкін қатынас (мүдде) жатады.

3.Қылмыстың заты.

Қол сұғушылық жасалатын объектіні зерттеудегі маңызды да, сонымен қатар даулы көзқарастардың бірі — қылмыс заты болып табылады.

Қылмыс заты — кез-келген қылмыс объектісінің қажетті элементі; оған ықпал жасай отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіреді.

Әдебиет:

  1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995 ж.

  2. ҚР Қылмыстық кодексi 16.07.1997 ж.

  3. ҚР Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары.

  4. ҚР Қылмыстық кодексiне. Түсiнiк. Алматы 2006 ж.

  5. Алауханов Е.О., Рахметов С.М. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Жалпы бөлiм. Жетi жарғы. 2007 ж.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектiсi ұғымы.

2. Қылмыс объектiсі түрлерi.

3. Қылмыс заты мен қылмыс объектісі.

6 Тақырып: Қылмыстың объективтiк жағы

Мақсаты: қылмыстың объективті жағының ұғымы, қоғамдық қауіпті салдарының түсінігін, қылмыс құрамының объективтік жағының факультативтік белгілерін түсіндіру

Жоспар:

1. Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігі.

2.Қылмыстың объективтiк жағының түрлерi.

3.Қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк.

4.Қоғамдық қауiптi салдардың/зардаптың/ түсiнiгi.

5.Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi.

6.Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк белгiлерi.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1.Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігi

Қылмыс құрамының объективтік жағы кылмыстық-құкықтық нормалардың диспозицияларында көрсетілген қылмыстык әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады.

Қылмыстың нақты құрамының объективтік жағы — оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құкыққа карсы деп тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажыратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды.

2.Қылмыстың объективтiк жағының түрлерi.

Қылмыс құрамының объективтік жағы мыналарды қамтиды:

— әрекет немесе әрекетсіздік;

— қоғамға қауіпті салдар (зардап);

— әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті байланыс;

— қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, құралы және қаруы.

3. Қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк.

Әрекет — адамның белсенді қимылы. ҚК-те көзделген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық әрекетсіздік — жасауға болатын және жасалуға тиісті қандай да бір әрекетті адамның жасамауы. Әрекетсіздікке байланысты көзделген қылмыс құрамдары онша көп емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]