Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.14 Кб
Скачать

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелерi.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылыққа, қоғамға кауіпті іс-әрекет жасаған 16 жасқа толған адам тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға 0ауіптіліктің деңгейіне қарай, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін кәмелетке толмағандар 14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

ҚК-тің 78-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірак он сегізге толмаған адамдар танылады.

2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi.

ҚК-тің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мынадай жаза түрлері тағайындалады:

а) айыппұл;

б) белгілі бір қызметпен айналысу қ0қығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарта тарту;

г) түзеу жұмыстары;

г-1) бас бостандығынан шектеу;

е) бас бостандығынан айыру.

Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданады.

3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.

ҚК-тің 81-бабы ізгілік және әділеттілік қағидаттарын негізге ала отырып бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса жазадан босатуы мүмкін екендігін белгілейді.

Мына көрсетілгендер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары болып табылады:

а) ескерту;

б) ата-аналарының немесе олардын орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелерi.

  2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi.

  3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.

19 Тақырып: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

Мақсаты: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын түсіндіру, олардың түрлерін ұғындыру.

Жоспары:

  1. . Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсiнiгi және оларды қолдану негiздерi мен мақсаттары

  2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi.

  3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсiнiгi және оларды қолдану негiздерi мен мақсаттары

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын сот ҚК-тің 88-бабының бірінші бөлігіне сәйкес:

а) есі дұрыс емес жағдайда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған;

ә) қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған;

б) қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін;

в) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұктаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкін.

ҚК-тің 89-бабында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың 3 түрлі мақсаты аталған:

1) ҚК-тің 88-бабыны4 бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды емдеп шығару;

2) олардың психикалық жай-күйін жақсарту;

3) олардың ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарымен жауаптылық көздейтін жаңа әрекеттер жасауының алдын алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]