Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.14 Кб
Скачать

4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.

ҚК-тің 73-бабы бойынша жазадан босатуды, қылмыс жасаған адамның қаңдай да болмасын ауруы емес, тек белгілі бір анықталған ауруының түрлері бойынша қолдана алады. Оған психиканың бұзылуы, жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр түрдегі аурулар, әскери қызметке жарамсыз деп санауға жататын ауруларды айтуға болады.

5. Айыптау өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату. Үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң

Ескіру мерзімінің өтуі қылмыстық құкыктағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерінің бірі ретінде (ҚК-тің-69 және 85-баптары), сонымен қатар айыптау үкімінің ескіру мерзімі, жазадан босатудың негізі болып танылады (ҚК-тің 75 және 85-баптары).

Қылмысы үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күннен бастап есептегенде:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда — үш жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда — алты жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда— он жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда — он бес жыл мерзімдерде орындалмаған болса жазаны өтеуден босатылады.

6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жазадан босатылуы мүмкін, не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін.

Кешірім жасау — бұл мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады.

7. Сотталғандықтан арылу және жою.

Сотталғандық—-кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай да бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құкылық шектеуге душар болуы. Соттылық институты, осы соттылық таңылған адамға белгілі бір шектеу жүктеуді көздейді.

Соттылықтың жойылуы — ҚК-тің 77 және 86-баптарында белгіленген мерзімдердің өтуіне байланысты, заңды актілерді қабылдаумен байланыссыз болатын негіз ретінде саналады. Соттылықты алып тастау тек соттың соттылықты алып тастауы туралы қаулының заңды күшіне енуімен ғана тек белгілі бір адамға қатысты қолданылады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi.

  2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату.

  3. Жазанның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру.

  4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.

  5. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату.

  6. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жазадан босату.

  7. Сотталғандықтан арылу және жою.

18 Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Мақсаты: кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасын, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерін түсіндіру

Жоспары:

  1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелерi.

  2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi.

  3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]