Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.14 Кб
Скачать

6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттын өтуін айтамыз.

ҚК-тің 69-бабы ескіру мерзімін қолдану институтының үш шартын белгілейді:

а) заңда белгіленген мерзімнің өтуі;

б) заңда белгіленген мерзімнің өтуі кезінде адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыс немесе жаңа қасақана қылмыс жасамауы;

в) қылмыс істеген адамның тергеуден ңемесе соттан бой тасаламауы.

7.Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыстық кұкық бойынша рақымшылық деп Қазақстан Республикасы Парламенті актісі негізінде қылмыс жасаған адамға, оларға сенім білдіре отырып жеке бастарына жағымды шараларды қолдануды түсінуге болады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi.

  2. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  3. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

  4. Жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  5. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  7. Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату.

17 Тақырып: Қылмыстық жазадан босату

Мақсаты: жазадан босату түрлерін түсіндіру

Жоспары:

  1. Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi.

  2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату.

  3. Жазанның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру.

  4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.

  5. Айыптау өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату. үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң

  6. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жазадан босату.

  7. Сотталғандықтан арылу және жою.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1.Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi.

Қылмыстық құкыктағы қылмыстық жазадан босату институты, белгілі бір санаттағы қылмыс жасаған адамға тиімді бола отырып мемлекет атынан болатын әлеуметтік сипаттағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, ракымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуды қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай босату, сонымен қатар тағайындалған жазаның жеңілірек болуы тек қана соттың құзыретімен жүзеге асады деп айтуға болады.

2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату өзінің мазмұнына қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрі болып табылады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға, адал көзкарасы негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босата отырып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.

3. Жазанның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қарағанда, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды сот кішігірім, орташа ауырлыктағы немесе ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамдарға қолдана алады. Басқа қылмыс санаттарына жататын қылмыстар үшін мұндай женілдіктер қолданылмайды.