Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.14 Кб
Скачать

10 Тақырып: Қылмыс iстеу сатылары

Мақсаты: қылмыс істеу сатыларының ұғымын, түрлерін түсіндіру, қылмыс істеу сатыларының түрлерін бір-бірінен ажырату білу

Жоспар:

1. Қылмыс iстеу сатыларының түсiнiгi, түрлерi және оның мәнi.

2. Қылмыс iстеуге дайындалу.

3. Қылмыс iстеуге оқталу.

4. Аяқталған қылмыс.

5. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1. Қылмыс iстеу сатыларының түсiнiгi, түрлерi және оның мәнi.

Қылмыстық құкык теориясы мен сот тәжірибесі қылмыстық занға сүйене отырып, касақана кылмыс істеу сатыларын ажыратып көрсетеді.

Қылмыс істеу сатылары деп қылмысқа дайындалудан басталып, оқталудан — аякталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз.

ҚР ҚК қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі:

а)Кылмыс істеуге дайындалу;

б)Кылмыс істеуге оқталу;

в)Аякталған қылмыс.

2. Қылмыс iстеуге дайындалу.

Қылмыстық Кодекстің 24-бабының бірінші бөлігінде "Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасакана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады" — деп көрсетілген.

Қылмыстық кодекс бойынша қылмыс істеуге дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық, ауыр немесе аса ауыр кылмыстар шеңберімен шектелген.

3. Қылмыс iстеуге оқталу.

Қылмыстық Кодекстің 24-бабыны үшінші бөлігінде "Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе қылмыс жасауға оқталу болып танылады" — деп көрсетілген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде "Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады" — делінген.

4. Аяқталған қылмыс.

Қылмыстық Кодекстің 25-бабында "Егер адам жасаған әрекетте осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері болса қылмыс аяқталған қылмыс деп танылады" делінген.

5. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту.

Адамның дайындалу іс-әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағытталған дайындалу іс-әрекетін тоқтатуы не іс-әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Қылмыстық құқық бойынша қасақана қылмыс iстеу сатылары түсiнiгi, түрлерi және оның мәнi.

  2. Қылмыс жасауға дайындалу ұғымы және белгілері.

  3. Қылмыс iстеуге оқталу.

  4. Аяқталған қылмыс.

  5. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тартудағы қылмыстық жауаптылықты жоятын негіздер мен шарттар.

11 Тақырып: Қылмысқа қатысу

Мақсаты: қылмысқа қатысу ұғымын, қатысушылардың түрлерін, қатысудың нысандарын түсіндіру, қатысушылардың әрекетін дұрыс саралауын білу, қылмысқа жанасушылық ұғымын түсіндіру

Жоспары:

  1. Қылмысқа қатысудың түсiнiгi.

  2. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi.

  3. Қылмысқа қатысудың нысандары.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: [1,2,3,4] қосымша: [5,6,7,8,9,10]

1. Қылмысқа қатысудың түсiнiгi.

ҚК-тің 27-бабына сәйкес екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысушылардың қатарына: тұлғаның әрекетінің сипатына және оның қылмысқа қатысу дәрежесіне қарай, осы қылмысты орындаушымен бірге қылмысты ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]