- •6.Тәжірибелік жұмыс Тәжірибелік жұмыс 1. Электронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар. «e-Learning» ортасының негізгі компоненттері.
- •Тәжірибелік жұмыс 3. Санау жүйелеріне амалдар қолдану.
- •Тәжірибелік жұмыс 4. Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Компьютер жадысының құрылғысы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың жəне операциялардың үйымдастырылуы. Виртуалды жады.
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
- •Пернетақтасының құрылымы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Тәжірибелік жұмыс 6. Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.
- •4 Сурет. Запись макроса терезесі
- •Тәжірибелік жұмыс7. Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерін бейнелеу
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Тармақталу командасы:
- •Тәжірибелік жұмыс 9. Электерондық кестені деректер қоры ретінде пайдалану
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
- •Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Тәжірибелік жұмыс 10. Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
- •Тапсырма 10.1
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Тәжірибелік жұмыс 12. Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.
- •Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
- •8. Студенттердің өзіндік жұмыстарының реферат тақырыптары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қазақстан республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдаламасы 10.11.2004ж.
- •Андронова, а. Николаев Электронное правительство в Европе и мире.
Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
Тапсырма 1 Телефондар анықтамасын жасаңыз.
Телефондар анықтамасы |
||
Телефон |
Фамилиясы А.Т. |
Мекен-жайы |
226374 |
Жиенбеков Т.Б. |
Байтұрсынов көшесі, 3 үй, пәтер 73 |
423344 |
Беков И.А. |
Достық даңғылы, 23 үй, пәтер 33 |
523449 |
Аханов Б.Б. |
Абылай-хан даңғылы, 5 үй, пәтер 113 |
663869 |
Салғараева Г.И. |
Мақатаев көшесі, 12 үй, пәтер 13 |
724354 |
Беков И.А. |
Қонаев көшесі, 13 үй, пәтер 89 |
936348 |
Бөрібаев Б.Б. |
Сейфуллин даңғылы, 7 үй, пәтер 45 |
674729 |
Дүзбаева Р.М. |
Абай даңғылы, 17 үй, пәтер 89 |
337384 |
Мұқанова Г.М. |
Төле-би көшесі, 30 үй, пәтер 16 |
... |
... |
... |
Тапсырма 2 Мәндер – Форма – Шарттар (Данные – Форма – Критерии) командасын орындап төмендегі шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды қараңыздар:
фамилиялары А әрпінен басталатын телефон иелерін шығарыңыздар;
даңғылдарда тұратын телефон иелерін шығарыңыздар;
телефон нөмірлері берілген 644916-тен үлкен телефон иелерінің фамилиясын шығарыңыздар.
Тапсырма 3 Телефондар анықтамасы кестесіндегі мәндерді:
Мәндер-Сұрыптау- (Данные-Сортировка) командасын орындау керек.
телефон нөмірлерінің өсуі бойынша сұрыптаңыздар;
фамилияларды алфавит бойынша сұрыптаңыздар;
кестеге “Ескертулер” бағанасын қосыңыз;
анықтаманың әр жолының “Ескертулер” өрісіне “өте маңызды”, “маңызды”, ”қажет” мәтіндерінің бірін енгізіңіздер;
телефон нөмірін маңыздылығы бойынша сұрыптаңыздар;
кестенің телефон нөмірлері маңыздылығы және фамилиялар жазылған бағананыды алфавит бойынша сұрыптаңыздар.
Тапсырма 4
телефон нөмірлері 70-50-50-ден кіші және 30-50-50-ден үлкен жазбаларды сүзбеден өткізіп белгілеңіздер;
белгілеп алынған жазбалар ішінен фамилиясы Б әрпінен басталатындарын белгілеңіздер;
кестенің барлық жазбаларын шығарыңыздар;
көше немесе даңғыл аты А әрпінен басталатын жазбаларды шығарыңыздар;
пәтер нөмірі 13 санымен аяқталатын жазбаларды шығарыңыздар.
Тапсырма 5 Кестеден мынадай жазбаларды белгілеңіздер:
телефон нөмірінің екінші бөлімінде 50 немесе 30 сандары бар жазбаларды, мысалы 60-50-40. Шыққан жазбаларды көшіріп кестенің төмен жағына орналастырыңыздар;
енді осы шығарған жазбалар ішінен фамилиялары “Ан” әріптерінен басталатын жазбаларды бөліп алыңыздар;
бөліп алған жазбаларды жеке файлға сақтаңыздар.
Әдістемелік нұсқау
Мәндер – Сүзбе – Кеңейтілген сүзбе (Данные – Фильтр – Расширенный фильтр) командасы арқылы орындаңыздар.
Жұмыс кестелерін біріктіру (консолидация)
Біріктіру – бірнеше жұмыс кестелері және жұмыс кітаптарымен орындалатын стандартты операция. Кей жағдайларда консолидация байланысқан формулалар арқылы іске асырылады. Консолидацияға әсер ететін негізгі фактор – жұмыс кестелерінде информацияның орналасуы. Информация барлық кестелерде бірдей орналасқан болса оны позиция бойынша біріктіруді орындауға болады. Кестелерде информациялар бірдей емес, бірақ кейбір бағанга немесе жолдардағы жазбалар ұқсас болса – котегория бойынша біріктіру орындалады. Егер кестелердегі информациялар мүлдем ұқсас болмаса оларды редакциялап бір қалыпқа келтіру керек
Тапсырма 1 Жұмыс кітабының әр парағында, фирманың әр филиалының жылдың алғашқы үш айындағы тауарлардың сатылуы жайлы есептері енгізілген. Фирманың ай сайынғы тауарларды сату көлемінің өзгерісін диаграмма түрінде көрсету қажет.
Филиал № 1
|
Филиал № 2
|
Филиал № 3
|
Кестелердегі тауарлар және олардың орналасу тәртібі бірдей емес. Сондықтан фирманың ай сайынғы тауарларының сатылуы жайлы қортынды мәлімет алу үшін котегория бойынша біріктіруді орындау керек.
Әдістемелік нұсқау
Тапсырманы орындау үшін алдымен:
Жұмыс кітабының әр парағына жұмыс кестелерін жасау керек (1-парақта №1 филиалдың жұмыс кестесі, 2-ші парақта №2 филиал, 3-ші парақта №3 филиал жұмыс кестесі). Әр жұмыс кестесінде кем дегенде 10 түрлі жазбалар болсын. Кестелерде кейбір тауар аттары қайталанатын болсын.
Біріктіру нәтижесі орналасатын жаңа жұмыс кітабын ашып, Мәндер – Біріктіру (Данные – Консолидация) командасын орындаңыз.
«Біріктіру» («Консолидация») сұхбаттасу терезесінің параметрлерін беріңіз:
«Функция» өрісінде мәндердің біріктірілуін анықтайтын, көрсететін Сумма функциясын көрсетіңіз.
«Сілтеу» («Ссылка») өрісіне біріктірілетін бірінші жұмыс кестесі орналасқан диапазонды көрсетіңіз. Егер жұмыс кестесі орналасқан кітап жабық болса «Қарау» («Обзор») батырмасына басып қажет файлды тауып алыңыз. Сілтеме диапазонында жолдар санын біріктіруге қажет жолдардан көбірек көрсетуге болады. Жаңа жолдар қосатын болсаңыз біріктіру параметрін өзгертудің қажеті жоқ. «Сілтеу» («Ссылка») өрісіне қажет диапазонды енгізгеннен кейін «Қосу» («Добавить») батырмасына шертіп, оны диапазондар тізіміне қосыңыз.
«Сілтеу» («Ссылка») өрісіне екінші жұмыс кестесі орналасқан диапазонды көрсетіп, оны диапазондар тізіміне қосыңыз. Осы нұсқауды үшінші жұмыс кестесі үшін де орындаңыз.
Жұмыс кестелерінде информациялардың орналасуы әр түрлі болғандықтан Жоғарғы жол қолтаңбасы (Подписи верхней строки) және Сол жақ бағана мәні (Значения левого столбца) опцияларын орнату керек. Нәтижесінде Excel мәндерді тақырып бойынша таңдап алады.
Біріктіру динамикалық болу үшін Бастапқы мәндермен байланыс орнату (Создавать связи с исходными данными) опциясын орнатып «ОК» батырмасына шертеміз. Нәтижесінде Excel сыртқы сілтеулері бар құрылым жасайды.
Қажет диаграмманы тұрғызыңыз.
Тапсырма 2 Бірінші тапсырманың бастапқы мәндерін редакциялап, біріктіру диапазонын біркелкі етіңіз. Осы мәндерді біріктіруді орындаңыз:
сыртқы сілтеулері бар формулалар көмегімен. Сыртқы сілтеуді қолдану үшін төмендегі форматты қолданамыз
=[Жұмыс_кітабының_аты]Парақ_аты!Ұя_адресі (=[Имя_рабочей_книги]Имя_листа!Адрес_ячейки)
Егер жұмыс кітабының атында, не парақ атында бір немесе бірнеше бос орын болса, онда аты апострофқа алу керек. Мысалы:
=’[2001 жыл бюджеті]1парақ’!A1
(=’[Бюджет на 2001 год]Лист1’!A1)
Егер жұмыс кітабы жабық, не ағымдағы бумадан басқа жерде болса, онда жұмыс кітабына баратын жолды толық көрсету керек.
Түзету – Арнайы кірістіру (Правка – Специальная вставка) командасының көмегімен. Бұл әдісті қажет жұмыс кестелерінің барлығы ашық болғанда қолданамыз. Әдістің кемшілігі, біріктіру динамикалық емес (статистикалық біріктіру). Бастапқы жұмыс кестесінен мәліметтер диапазонын алмастыру буферіне көшіріп алыңыз. Бағынышты жұмыс кітабын ашып біріктірлген мәндерді орналастыратын ұяны таңдаңыз. Түзету – Арнайы кірістіру (Правка – Специальная вставка) командасын орындап, Қосу (Сложить) жалаушасын орнатып ОК батырмасына шертіңіз. Осы әрекеттерді біріктірілетін барлық жұмыс кестелерінің диапазондары үшін орындаңыз.
Мәндер – Біріктіру (Данные – Консолидация) командасының көмегімен.
Тапсырма 3 Бірінші тапсырманың мәндерін толық кесте көмегімен біріктіріңіз.
