
- •Тәжірибелік жұмыс 3. Санау жүйелеріне амалдар қолдану.
- •Тәжірибелік жұмыс 4. Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Компьютер жадысының құрылғысы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың жəне операциялардың үйымдастырылуы. Виртуалды жады.
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
- •Пернетақтасының құрылымы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Тәжірибелік жұмыс 6. Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.
- •4 Сурет. Запись макроса терезесі
- •Тәжірибелік жұмыс7. Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерін бейнелеу
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Тармақталу командасы:
- •Тәжірибелік жұмыс 9. Электерондық кестені деректер қоры ретінде пайдалану
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
- •Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Тәжірибелік жұмыс 10. Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
- •Тапсырма 10.1
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Тәжірибелік жұмыс 12. Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.
Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
Диаграмма құру және өңдеу
Диаграммалар – мәлiметтердi графикалық түрде кескiндеудiң ыңғайлы түрi. Олар берiлген сандық шамаларды өзара салыстыру мүмкiндiгiн бередi. EXCEL –де екi және үш өлшемдi бiрнеше диаграммалар түрлерi бар. Диаграмма тұрғызу үшiн Диаграмма шеберi деп аталатын функцияны қолдану керек. Диаграмма шеберiн үш әдiспен шақыруға болады:
1-әдiс. Енгiзу диаграмма командасын орындау арқылы;
2- әдiс. Стандартты саймандар панелiнiң Диаграмма шеберi батырмасы арқылы;
3-әдiс. Командалық мәзiр қатарының Диаграмма командасы арқылы.
Осы әдiстердi пайдаланғанда экранда 4 қадамнан тұратын сұхбат терезелерi бiрiнен кейiн бiрi пайда болады.
Қажет ақпараттарды сұхбат терезелерi арқылы енгiзiп, диаграмма тұрғызуға болады.
1-қадам. Диаграмма түрiн анықтау.
2-қадам. Диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиыны туралы мәлiметтердi енгiзу.
3-қадам. Диаграмма параметрлерiн енгiзу.
4-қадам. Диаграмманы орналастыру.
Тапсырма 1 «Базар» деген атпен көкеністер бағасына байланысты диаграмма
тұрғызып әртүрлі түске бояңыз.
Тапсырма 2 Фирма кірістер көрсеткіштерін абсолюттік және пайыздық қатынаста есептеңіздер. Осы мәндер бойынша фирма кірістерінің өсу диаграммасын тұрғызыңыздар.
Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
Айлар |
Фирманың 1998 жылғы кірістер көрсеткіші (млн. тенге) |
Фирманың 1999 жылғы кірістер көрсеткіші (млн. тенге) |
Фирманың 1999 жылғы кірістер көрсеткіші (%) |
Қаңтар |
180 |
200 |
|
Ақпан |
195 |
210 |
|
Наурыз |
200 |
230 |
|
Сәуір |
213 |
245 |
|
Мамыр |
240 |
270 |
|
Маусым |
254 |
275 |
|
Шілде |
260 |
281 |
|
Тамыз |
265 |
290 |
|
Қыркүйек |
280 |
300 |
|
Қазан |
290 |
315 |
|
Қараша |
300 |
323 |
|
Желтоқсан |
325 |
330 |
|
Барлығы |
|
|
|
Тапсырма 3 "Емтихан сессиясының нәтижесі" кестесінің орташа балы мәндері бойынша дөңгелек диаграмма тұрғызыңыздар.
Емтихан сессиясының нәтижесі
№ п/п |
Ф. А.Т. |
Математика |
Эконом. Теория |
Информатика |
1. |
Жиенбекова Т.Б. |
8 |
7 |
6 |
2. |
... |
... |
|
|
… |
|
|
|
|
Орташа балы |
|
|
|
Тапсырма 4 y = sin x функциясының графигін тұрғызыңыз. х аргументінің мәндерін –6 мен 6 аралығында 0,5 қадаммен алыңыздар.