- •Тәжірибелік жұмыс 3. Санау жүйелеріне амалдар қолдану.
- •Тәжірибелік жұмыс 4. Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Компьютер жадысының құрылғысы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың жəне операциялардың үйымдастырылуы. Виртуалды жады.
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
- •Пернетақтасының құрылымы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Тәжірибелік жұмыс 6. Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.
- •4 Сурет. Запись макроса терезесі
- •Тәжірибелік жұмыс7. Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерін бейнелеу
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Тармақталу командасы:
- •Тәжірибелік жұмыс 9. Электерондық кестені деректер қоры ретінде пайдалану
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
- •Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Тәжірибелік жұмыс 10. Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
- •Тапсырма 10.1
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Тәжірибелік жұмыс 12. Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.
Тәжірибелік жұмыс 10. Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
Мәліметтер қоры ұғымы. MS Access –мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Тапсырмалар:
1. «Студенттер үлгерімі» мәліметтер қорының құрылымын сипаттаңдар.
Аты-жөні |
Информатика |
Матанализ |
Алгебра |
Асанов Н. |
5 |
3 |
4 |
2. Реляциялық мәліметтер қорының бір бөлігі кестеде көрсетілген. Осы кестеге қарап, өрістерді сипаттап беріңдер және кілттік өрісті анықтаңдар.
Аэропорт аты |
Рейс нөмірі |
Ұшақтың Типі |
Ұшатын Күні |
Ұшатын уақыты |
Билет құны |
Алматы |
321 |
ТУ-154 |
23.10.09 |
15.00 |
11000 |
3. «Ауа-райы» мәліметтер қорының құрылымын сипаттап көрсетіңдер.
4. «Кітапхана» мәліметтер қорының құрылымын кесте түрінде сипаттаңдар.
5. әл-Фараби атындағы ҚазМУ-тің факультеттері, әр факультеттің кафедраларының иерархиялық құрылымын, реляциялық құрылымдық кесте түрінде көрсетіп жазыңдар және кілттік өрісін анықтаңдар.
6. Иерархиялық құрылымды мәліметтер қорына мысал келтіріп, оны реляциялық құрылымды кесте түрінде көрсетіңдер.
7. «Сабақ кестесі» мәліметтер қоры кестесінің құрылымын анықтаңдар, оны кесте түрінде көрсетіңдер.
8. Төмендегі желілік құрылымды мәліметтер қорын кестелік түрде көрсетіңдер.
|
Мәліметтер қорын құру. MS Access –мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құру.
Тапсырмалар:
1. Шебер – дің көмегімен кесте құрыңдар. «Студенты» кесте үлгісін пайдаланып, Фамилия, Аты, Телефон, Адрес, Мамандығы өрістерін алыңдар. Өз топтарыңдағы студенттердің мәліметтерін енгізіңдер.
1.1 «Студенты» кестесінен Фамилия өрісінен, фамилиясы бойынша бір студенттің мәліметтерін іздеп табыңдар.
1.2 «Студенты» кестесінен Телефон өрісінен, телефоны бойынша бір студенттің мәліметтерін іздеп табыңдар.
1.3 «Студенты» кестесінен Телефон өрісінен, алғашқы екі нөмірі арқылы және ортасындағы екі нөмірі арқылы студенттің мәліметтерін іздеп табыңдар.
1.4 Пәтерінің нөмірі бойынша студенттің мәліметтерін іздеп табыңдар.
2. Конструктор режимінде «Стипендия» кестесін Фамилия, Аты, Телефон, Стипендия өрістерімен құрыңдар. Келесі тапсырмаларды Фильтрдің көмегімен орындаңдар.
2.1 «Стипендия» кестесінен Фильтрді пайдаланып, телефон нөмірі 25-тен басталатын барлық жазбаларды табыңдар.
2.2 Фамилиясы «ұлы» –мен аяқталатын жазбалардың тізімін жасаңдар.
2.3 Аттары «А»-дан басталатын жазбалар тізімін құрыңдар.
2.4 Стипендиясы 1500-ден үлкен студенттердің тізімін құрыңдар.
3. «Студент үлгерімі» кестесін конструктор режимінде құрып, Фильтрдің көмегімен емтихан бағалары «5» және «4» болған студенттердің тізімін жасаңдар.
4. «Студент үлгерімі» кестесіне конструктор режимінде тағы да бір «Физика» өрісін соңынан қосыңдар.
5. «Студент үлгерімі» кестесіне конструктор режимінде «Аты-жөні» өрісінен кейін, өріс типін мәтіндік жасап «Туған күні» өрісін қосып, өрістің енгізу қалқасын (Маска ввода) 000-00-00-түріне өзгертіңдер.
6. «Аты-жөні» өрісінің атын «Фамилия» –ға өзгертіп, осы «Фамилия» өрісінен кейін «Аты» өрісін қосыңдар. Конструктор режимінен кесте режиміне өтіп, өздерің жасаған өзгерістеріңді қарап шығыңдар.
8. «Студенты», «Стипендия», «Студент үлгерімі» кестелеріне Форма құрып, оған тағы да бірнеше жазбалар енгізіңдер, одан кейін Кесте режимінде жаңадан енгізілген жазбалардың бар екендігіне көз жеткізіңдер.
9. «Студенты» кестесінде «Фамилия» өрісін өсу реті бойынша бойынша сұрыптаңдар.
MS Access-мәліметтер қорын басқару жүйесінде сұрау құру. Кестелер арасындағы байланыс.
Тапсырмалар:
1-тапсырма.
«Тауарлар» кестесін төмендегі көрсетілгендей құрыңдар.
Тауар коды |
Тауарлар аттары |
Тауарлар маркасы |
Құны |
1 |
Телевизор |
GoldStar |
21000 |
2 |
Телевизор |
Philps |
35000 |
3 |
Телевизор |
Panasonic |
81000 |
4 |
Телевизор |
GoldStar |
32000 |
5 |
Видеомагнитофон |
Panasonic |
103000 |
6 |
Видеомагнитофон |
Philps |
61000 |
7 |
Видеокамера |
Samsung |
70000 |
8 |
Видеокамера |
Sharp |
150000 |
9 |
Муз.центр |
Panasonic |
45000 |
10 |
Муз.центр |
Sony |
175000 |
1. «Тауар коды» өрісін кілттік өріс және типін Счетчик деп көрсетіңдер.
2. «Тауарлар аттары» өрісі үшін Мастер подстановка типін таңдаңдар.
2-тапсырма.
«Тауарлар әкелушілер» кестесін «Әкелуші коды» өрісін кілттік өріс жасап, төменгідей кесте құрыңдар.
-
Әкелуші
коды
Фирма
Аттары
Телефон
Факс
Адрес
1010
Электроникс
27-94-69
56-54-45
Абай даңғылы, 45
1020
Волга
54-87-52
56-81-91
Сатпаев көшесі, 51
1030
Мир
55-31-77
17-45-73
Төле би көшесі, 75
1. «Тауарлар» кестесіне «Тауар коды» өрісінен кейін «Әкелуші коды» өрісін енгізіңдер. Осы өріске «Тауарлар әкелушілер» кестесінен Мастер подстановка-ның көмегімен 2,4,6,9 тауаларға –1010; 3,5,8,11 тауарларына – 1020; 1,7,10,12 –ге 1030 кодтарын енгізіңдер.
2. «Тауарлар» және «Тауарлар әкелушілер» кестелеріне байланыс орнатыңдар.
3. Тауарлар аттары, олардың құны және Фирма аттары шығатын сұрау құрыңдар және оны «Тауарлар құны» атымен сақтап қойыңдар.
4. Параметрлі сұрау құрыңдар, онда фирма аттары альфавит бойынша орналасқан, телевизорлардан тұратын, тауардың маркасы мен аты және де құны көрсетілген болсын. Сұрауды «Телевизор» деп сақтап қойыңдар.
5. Фирма аттары, адресі және де 3%-ке арзандатылған құны бейнеленетін сұрау құрыңдар. Сұрауды «Арзандату» атымен сақтап қойыңдар.
6. Жолдардың тақырыбында тауарлар аттары және бағандар тақырыбында фирма аттары көрсетілген, әртүрлі тауар әкелушілерден барлық тауарларға ең кіші құны бейнеленген қиылысатын сұрау құрып, сақтап қойыңдар.
7. «Тауарлар» кестесінің көшірмесін «Тауарлар1» атымен сақтап, осы «Тауарлар1» кестеде тауарлар құнын 10%–ке мезгілдік арзандату мақсатымен жазбаларды өзгертуге сұрау құрыңдар және сақтап қойыңдар.
8. Видеокамералардың құны, тауарлар маркасы, сонымен қатар фирма аттары мен телефондарынан тұратын Кесте құруға сұрау құрыңдар. Сұрауды «Видеокамера» атымен сақтаңдар.
9. Видеомагнитофон туралы мәліметтерді «Видеокамера» сұрауына енгізу үшін Жазбаларды енгізуге сұрау құрыңдар және сақтап қойыңдар. «Видеокамера» атын «Видеотовар» атына өзгертіңдер.
10. «Видеотовар» кестесінен Sony видеомагнитофонын өшіру үшін Жазбаларды өшіруге сұрау құрыңдар.
11. «Тауарлар әкелушілер» кестесінің негізінде Форма шеберінің көмегімен Фирма аттары, Телефон, Факс, Адрес өрістерімен бір бағанға шығатын форма құрыңдар және сақтап қойыңдар.
12. Осы 2-тапсырманың 7-10 жаттығулары бойынша Есеп берулер құрыңдар.
Есеп берумен жұмыс және есептеулер.
