- •Биология және биотехнология факультеті Биотехнология кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Поәк дайындаған: Шоинбекова Сабина Алимжановна, х.Ғ.Д., профессор
- •Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.
- •1 Курс, қ/б, көктемгі семестр, кредит саны - 3, пәннің түрі - міндетті
- •Пәннің құрылымы мен мазмұны
- •Әдебиеттер:
- •Қосымша:
1 Курс, қ/б, көктемгі семестр, кредит саны - 3, пәннің түрі - міндетті
Дәріскер: Шоинбекова С.А., х.ғ.д., профессор, е- mail – sshoinbekova@mail.ru; 115 аудитория
Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Нармұратова М.Х., б.ғ.к., 403 аудитория
Пәнніңм мақсаты – табиғи төмен молекулалық заттардың құрылымы, қасиеттері және тірі ағзларда атқаратын қызметі түралы теориялық негіздерін терең түсіну және биологиялық материалдармен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері: студенттерге табиғи молекулалық салмағы төмен қосылыстардың құрылысымен, қасиеттерімен, қызметтерімен таныстыру, құрылымы мен қызметінің өзара байланысы түралы білім беру; студенттер органикалық қосылыстардың құрылымын, қасиеттері мен қызметтің зерттеу үшін тәжрибелік практикалық дағды алу керек, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау, өндірісте және биотехнологияның мәселерін шешу үшін пайдалану жолдарын түсіну керек. Алынған теоретикалық және практикалық білім биотехнология мамандығы бойынша оқитын студентерге кейінгі пәндерді игеріп алу үшін қажет. Курс дәрістер мен зертханалық сабақтарынан құрылады. Студенттер дәрістерде пәннің негізгі тараулары бойнша теоретикалық білім алады, зертханалық сабақтарда зертханада жұмыс істеу практикалық дағды алады, төменгі молекулалық биологиялық қосылыстарды зерттеу әдістерін, табиғи ағзаларда биологиялық манызды заттарды анықтау және алынған нятижелерді талдауын игеріп алады.
«Молекулалық салмағы төмен биологиялық молекулалар» пәні жалпы химия, жануар мен өсімдіктердің биотүрлілігі пәндерімен бірге оқытылады.
Құзыреттер (оқытудың нәтижелері): Пәнді оқыту келесі құзыреттерді қалыптастырады:
Cтуденттер - жаңа білім алады, заманауи оқу және информациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми проблема бойынша өзінің көзқарасын қалыптастырады;
Өз бетімен және топпен, командада жұмыс істеп үйренеді;
өзінің ғылыми жұмысында биологиялық нысандармен, заманауи құралдармен жұмыс істеп үйренеді, заманауи физика-химиялық әдістерді қолданады;
алынған әдебиеттерді, жұмыстың нәтижелерін, мәліметтерді жинап, сараптап, өндеуді үйренеді;
Биологиялық процесстерді тканьді, клеткалы және молекулярлы денгейде оқу үшін методология тәсілдерін менгереді;
Студенттер білу қажет: Студенттердің бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек:
Органикалық химияның теориялық и методологиялық негіздерді терең білу керек;
негізгі химиялық қосылыстардың түрлері мен қасиеттерін;
молекулалық салмағы төмен биологиялық қосылыстардың тірі организмде атқаратын қызметтерін;
химиялық қосылыстардың құрылысының қасиеттері мен тірі организмде атқаратын қызметтерімен байланысын;
молекулалық салмағы төмен биологиялық қосылыстардың табиғатта таралуы мен қолдану аймақтары.
зертханалық техника қаупсіздігі;
химиялық, биоорганикалық зерттеулердің негізгі принциптері;
зертханалық жұмыстарда қолданатын физика-химиялық әдістерді,
Игеруі керек:
заманауи физика-химиялық әдістердің және құрылғылардың жұмыс принциптерін;
жаңа материалдардың негізгі алу технологиясын;
әр орындалатын экспериментке дайындық жұмыстарын (зерттеу объектілерін дайындау, ерітінділерді дайындау, аппараттарды орнату және тексеру т.с.с.) ; өз бетімен экспериментті жүргізу; алынған мәлиметтерді өндеу; алынған нәтижені талдап, қорытынды жасау;
үйренген әдістерді өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану.
Студенттер істей білуі керек:
әртүрлі көздерден әдебиеттер жинап, алынған мәлиметтерді салыстырып, анализ, қорытынды жасау;
үйренген әдістерді өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану.
өз бетімен эксперименттердің жоспарын жасап білу керек;
ғылыми жобаның жоспарын жасап, оның мақсаттарын, міндеттерін құрып білу керек.
Студенттер меңгеруі керек:
органикалық және биоорганикалық химияның теориясы;
заманауи физика-химиялық әдістер,
зертханалық құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу;
Пререквизиттер: «Төмен молекулалық биологиялық қосылыстар» пәні жалпы химия, жануар мен өсімдіктердің биотүрлілігі пәндерімен бірге оқытылады.
Постреквизиттер: «Төмен молекулалық биологиялық қосылыстар» пәнді оқып алған білім биохимия, өсімдіктер биотехнология, медициналық және ветерипариялық биотехнология, тағам және техникалық биотехнология пәндерді оқып білу үшін қажет.
