
- •Кестелік процессор Excel. Негізгі түсініктер және Excel – мүмкіндіктері.
- •Microsoft Excel программасын іске қосу және жұмыс терезесімен танысу
- •Жұмыс кітабын сақтау.
- •Жолдар, бағандар, ұяшықтар және олардың адрестері.
- •Ұяшық көлемі мен пішінін өзгерту.
- •Берілгендерді және формулаларды көшіру.
- •Ұяшықтар блогын автоматты түрде толтыру.
- •Стандарты функцияларды қолдану
- •Функция категорияларының құрамы
- •Абсолютті және салыстырмалы (относительный) адрес (сілтеу).
- •Автотолтыру кезінді сілтеуді жаңарту ережелері
- •Массив формуласы.
- •Фирманың саудалық шығыны
- •Пплат-қаржы функциясы.
- •Вндох(ішкі айналымның жылдамдығы) – функциясы.
- •Тапсырмалар:
- •4.2. Мәліметтерді сүзгіден өткізу
- •4.3. Автосүзгіні пайдалану
- •4.4 Кеңейтілген фильтр
- •4. 5. Мәліметтерді сұрыптау
- •27.2. Жұмыс парактарының өзара байланысы
- •Әдебиеттер.
Ұяшық көлемі мен пішінін өзгерту.
Егер енгізілген информация ұяшыққа симаса, қажетті диапазонды таңдап ФорматБаған Ен, ФорматБаған Биіктік және ФорматҰяшықтар командалары арқылы ұяшықтың ені мен биіктігін өзгертіп, форматтауға болады. Ол үшін мына мысалды қарастырайық.
Microsoft Excel –программасын ашыңыз;
А1:К1 ұяшық блогын белгілеп, түймесін басу арқылы ұяшықтарды біріктіріп,
- центріне орналастыру батырмасын басып, «0-ден 99-ға дейінгі бүтін сандар квадраттарының кестесі» деп жазыңыз;
А3 ұяшығына «Бірлік Ондық» мәтінін 8-шрифт өлшемінде енгізіңіз;
А3 ұяшығын белгілеп, мәзірден ФорматҰяшықтар (А3 ұяшығын белгілеп, ФорматЯчейки) командасын таңдаңдасаңыз, Ұяшық форматы сұхбаттық терезесі шығады;
Терезенің Туралау (Выравнивание) қондырмасынан
таңдағанда ұяшықтағы мәтін екі жолға жазылады, ал Шекара (Граница) қондырмасынан
батымасын таңдап, ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде А3 ұяшығы диогональ сызықпен бөлінеді.
Бірлік сөзін сызықтың үстіңгі бөлігіне, ал Ондық сөзін сызықтың астыңғы бөлігіне ораластыру үшін, ұяшық өлшемін маус тілсызығы арқылы немесе ФорматБаған Ен (ФорматСтолбец Ширина) командасын таңдау арқылы өзгертіңіз;
ФайлҚалай сақтау командасы арқылы ашылған құжатты сақтау терезесіндегі файл аты жолына Квадраттау кестесі деп жазып, ОК батырмасын басыңыз.
Берілгендерді және формулаларды көшіру.
Кестенің әртүрлі ұяшықтарында бірдей мәліметтер немесе формулалар болса оларды бірақ рет жазып, қалған ұяшықтарға көшіре саламыз. Басқа кестеге де көшіруге болады. Көшірудің мынандай түрлері бар:
Көшірілетін ұяшықты ерекшелейміз, Түзету (Правка)-Көшіру (Копировать) командасын орындаймыз немесе саймандар панеліндегі көшіру батырмасын басамыз. Сосын қажет бөлікті ерекшелеп, Түзету – Қою(вставить) командасын орындаймыз немесе <Enter> батырмасын басамыз;
Маус көрсеткішін көшірілетін ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына қоямыз, + -таңбасы пайда болады – бұл маркер деп аталады, маустың сол жақ тетігін басып отырып қажетінше жылжытамыз, болғаннан кейін ерекшелеуді алып тастаймыз;
Көшіру керек ұяшықтар блогын және көшірілетін ұяшықтар блогын ерекшелеп, Түзету – Толтыру (Заполнить) – төмен, жоғары, оңға немесе солға командаларының біреуін көрсетіп орындаймыз.
Ұяшықтар блогын автоматты түрде толтыру.
Көптеген есептеулер кезінде кестені немесе кесте бөлігін арифметикалық өсу немесе кему сандарымен толтыруға тура келеді. Мұндай сандарды автоматты түрде толтыруға болады. Толтырудың бірнеше жолы бар. Олар:
Кажет мәліметтерді кез келген екі ұяшыққа орналастыр. Маркер арқылы қажетінше жылжыт;
Мәліметті бір ұяшыққа енгіз. <Ctrl> - тетігін басып отырып, маркермен қажетінше жылжыт. Толтырылған сандар бірге артып отырады;
Мәліметті бір ұяшыққа енгіз. Мәліметтер толтырылатын ұяшықтарды ерекшеле. Түзету –Толтыру – Прогрессия командасын орында. Шыққан терезеден өсу санын көрсет.
Автоматты түрде толтырылатын кейбір мәліметтердің тізімін өзің құрып қоюға да болады. Ол үшін Сервис – Параметрлер – Тізім (Списки) командасын орындаймыз, шыққан терезеден «Жаңа тізім» бөлігін таңдап, мәліметтерді толтырамыз, болғаннан кейін «Қосу» (Добавить) батырмасын басып, [ОК] командасын орындаймыз.