Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Excel -лаб жум.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
903.68 Кб
Скачать

Практикум ПЭВМ

Тақырыбы:

Методикалық көмекші құралда Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары көрсетілген. Бұл көмекші құралда: кестені толтыру және көркемдеу, математикалық, статистикалық және қаржы функцияларын қолдану, диаграммалар мен графиктерді тұрғызу, қаржылық есептерді шығару толық берілген. Лабораториялық жұмыстарды жасау үшін студенттерге үлгілері көрсетілген нұсқаулар берілген.

Кестелік процессор Excel. Негізгі түсініктер және Excel – мүмкіндіктері.

Excel – кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті программалардың бірі болып есептелінеді. Ол өте жоғары есептеу мүмкіндігі бар, жұмыстық графикасы бар, мәліметтерді өңдеп базаға сақтай алатын программа. Бұл бағдарлама арқылы мынандай жұмыстарды атқаруға болады:

  • әртүрлі беттерден тұратын өзара байланысты кестелерді жұмыс кітабында сақтау және қажет болса жұмыс істеу барысында оларды өшіруге, басқа ат беруге, ауыстыруға, көшіруге және жасыруға болады;

  • фрагменттермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалану;

  • қаржы есептерін шығаруда және жалпы есептеулерге формулаларды жазу үшін “функция Шеберін” пайдалану;

  • үнемі қолданылатын ұяшық бөліктеріне сілтеулер жасау үшін аттарды пайдалану;

  • кесте мәліметтерін әртүрлі шрифтермен өрнектеу, баған ені мен жол биіктіктерін өзгерту, ұяшықтарды қажет түрде қоршау және автоматты түрде форматтау;

  • сандық мәліметтерге әртүрлі форматтарды қолдану;

  • жұмыс парағындағы деректер бойынша әртүрлі диаграмма түрлерін қолдану, оларды безендіру және баспаға шығару;

  • жұмыс парағын әртүрлі суреттермен, графикалық объектілермен толықтыру;

  • кесте мәліметтеріне әртүрлі қасиеттері бойынша сұрыптаулар жүргізу;

  • аралық мәндер қосындысын автоматты түрде есептеу;

  • берілгендердің тиімді ету (оптимизациялық) есептерін шығару;

  • мәліметтер арасында байланыс орнату;

  • MS – Query мүмкіндігін пайдаланып мәліметтер базасы арасында сұраныстарды орындау;

  • Visual Basic тілін пайдаланып өзің пайдаланатын функция, макрокоманда және бағдарлама құру.

Microsoft Excel программасын іске қосу және жұмыс терезесімен танысу

Microsoft Excel –программасы Пуск Программалар Microsoft Office  Microsoft Office Excel 2003 командаларын беру арқылы іске қосылады. Іске қосылғаннан кейін экранда Microsoft Excel программасының жұмыс терезесі көрінеді. (1-сурет). Мәзір құрылымы мен құрамы Windows- тағы сияқты, жұмыс объектісіне байланысты өзгеріп отырады. Аспаптар панельдері командасын беріп, терезенің аспаптар панеліне панель қосуға немесе алып тастауға болады.

Терезе тақырыбы Мәзір Стандартты аспаптар панелі

Форматтаушы аспаптар панелі

Баған аттары

Жол нөмірі

Ағымды ұяшық

1-сурет. Microsoft Excel программасының жұмыс терезесі

Қалып күй қатарында электронды кестенің жұмыс режимдерінің көрсеткіші (индикаторы) орналасқан. Онда көрінген Дайын (Готово) сөзі электронды кестенің ұяшықтарға берілгенді енгізуге дайын екенін көрсетеді. Бір тақырыпқа арналған жұмыс парақтарының жиынтығын жұмыс кітабы деп атайды. Excel-дің жұмыс терезесіндегі кітап үш парақтан тұрады. Кітапқа жаңа парақ қосу үшін КірістіруПарақ (ВставкаЛист) командасы беріледі. Әрбір параққа жаңаша ат беруге болады. Ол үшін курсорды Лист1 жұмыс парағның үстіне қойып оң жағын шертесіз. Шыққан жанама мәзірден қайта ат беру (переименовать) командасын таңдаңыз. Лист1 сөзі өшіп, орнына курсор пайда болады. Сол арқылы жаңа атауды енгізесіз. Кітапты 255 параққа дейін кеңейтуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]