
- •Тілеуберді Әбенәйұлы Тыныбайын шыныңа көш тарих. Шыңғысхан кім?
- •Шыныңа көш тарих! Шыңғысхан кім?
- •Түркі тану – «Көшпенділерді» зерттеу ғана емес.
- •«Ақ таңдақ»-қа анықтап көз салғанда
- •Сөз бастайық ендеше
- •II. Құндағын шешейік «құпия шежіре»-нің
- •III. Аралайық қазан хан қазынасын
- •Хан сөйлейді халқының тіліменен
- •Бастаған соң бұл сөзді тастау қиын.
- •Сірге жияр
Бастаған соң бұл сөзді тастау қиын.
Асып туған асыл текті Қазан хан, осынау тарихи ғылымнамалық (энциклопедялық) еңбекті тектен-тек жаздыра салған жоқ. Дестірдің аты да, жәйдан-жәй «Түгел тауарих» деп қойыла салмаған. Ол, түрік халқының тарихын, жасап жатқан жағырапиялық ортасын, тұрмыс тіршілігін түгел хатқа түсіртуді мақсат тұтқан. Сонау, қиыр шығыстағы Қытандарды, күнгейдегі таңғыттарды, теріскейдегі Туаларды (Дыба, Тува) түгел жазған. Түркі руларының ешбірін, қаламынан қағыс қалдырмаған. Олар: Қай жерде қоныстанады, қай румен, қай ұлтпен көршілес, қаласы қандай, даласы қандай, не кәсіппен шұғылданады бәрі-бәрінен де мәлімет бар. Кітап, тек түркінің өз ішінің ғана емес, төрт төңіректегі халықтардың тарихынан да аса құнды мәліметтер беріп отырған. Дестірдің негізгі мақсаты, ата-баба еңбегін ел есінде мәңгілік қалдыру болғанымен, олардың үлесін шындық деңгейінде ғана марапаттаған. Кемшіліктерін де, жасырмай айтады. Бұл да, нағыз түрік халықтарына тән әділдік, мәрттік құлқы. Дестірді, әрине Рашид-адДин бастаған тарихшы, шежіреші ғалымдар жазған. Алайда, бәрі-бір орналастыру және жетекші ұстаным Қазан ханға тән. Оның тарихи білімінің терең екендігін, қаламиенің өзі де ашалап айтқан.
Кейбір Моңғолтанушылардың, «Түгел тауарихқа» өкпелейтін жөні де бар. Олар, аудару және зерттеу барысында, мәтіндегі сөз-сөйлемді қаншалықты моңғолшаға қарай қиялатса да, бәрі-бір одан қазіргі Моңғол халқының тарихы шықпай еңбектерін еш қылады. Сосын, қаламиені күстәнәләйді кеп. Моңғол мен Түрікті парықтамаған деп соғады. Тіпті, Қытай (әсілі Қытан) мен Таңғытты да, түрікке жатқызған деп ренжиді. Ал, екеуінің түрікке қалай жататындығын жоғарыда айғақтағанбыз.
Расында, бірталай ғалымдар «Маңғұл» мен «Моңғол»-ды парықтай алмаған. Оларға тіл және мемлекеттік қарастылығы кедергі болды. Бір бөлім нәсілшіл, отаршыл ғалымдар бұл екеуінің парқын білсе де әдейі парықтамаған. Себебі, мұндай «Ағаттық», олардың жаулаушы үкіметіне үлкен игілік әкелетін еді. Өйткені, бұлай «Жаңылу» Орта Азия халықтарын ежелден құл етіп көрсету арқылы, олардың өз ел өз жеріне болған иелік құқығын жоққа шығаруға пайдалы болды. Иесіз елді, кім алса да «Заң»-ға сияды. Енді бір жағынан, Моңғол халқын қағанат мұрагері етіп көрсету – Шүршіт (Манжур, Еженхан, Мәнчің) қол астынан оларды бөліп алуға жақсы сылтау болатын және сол кездегі шүршіт иелігіне ышкерлеп кіру үшін де, таптырмайтын «Әділетті» қисын еді.
«Парықтай алмай қалудың» тағы бір пайдасы – Сібердегі (Сібір) өзін «Маңғұлмыз» деп білетін, түркі халықтарын сендер «Моңғолсыңдар» деп жаңылдыруға оңай болды. Әрі солай болды да. Бұрат (Бурят) пен Қоры-Тұмұттар, сен түрік нәсілі едің десе шабанан жарылып шамланатын болды. Қытайдағы Дыба (Тува) жұртының тағдырын жоғарыда айттық. Тілін әл-әзір ұмытпаса да, Моңғолша оқытудың соңы не болары түсінікті. Оның үстіне, жуық жылдардан бері саяхат кәсібінің өршелене етек алуына байланысты, Дыбалардың «Моңғол» атағы алысқа жайылуда. Мұсылман дінін қабылдамай қалған осынау түркі руларында, ендігі жерде «Түрікке айналып кете жаздаған моңғол екеміз-ау» деген қате ұғым қалыптастырды. Бәрінен сорақысы: Орта Азиядан шыққан ғалымдар да, олардың (Сібер түркілерінің) кеше ғана, «Ақорда» шаңырағының астында болғанын ұмытты. «Көшім хандығын» – «Сібір хандығы» деп атады. Қалмақтар басып алған, кейін, Ақ патшаға қараған ұраңқайларды «Моңғол» санатына қосты. Сібер түріктерін, төл атын тастай салып «Пәленский», «Түгенский» деп атауды ғылыми кемелділік, батыстық көшелілік деп білді. Сөйтіп, бізің ақылды, көшелі ғалымдарымыз кесек-кесек еңбек жазып ғылым кандидаты, докторы болды. Ал, ана бір «Елдің атын» шатастырып алатын «Аңқау сорлылар», аңқалақтап жүріп батысы мен шығысына күннің өзі жарты тәулікте әрең жететін, күнгейінде күріш пісіп жатқанда, теріскейінде тоң қатып жататын айдалада қалып «Зықысы әбден кетті». Аңқаулықтың «Зияны» оларға сондай тиді. Білгіштіктің «Пайдасын» біз де көрдік қой, бір кісідей-ақ. 70 пайыз жерімізден, 80 пайыз елімізден айырылдық. Тарихымыз әз-Жәнібек пен Керей ханнан асса «Монғолға» кетеді. Өзгенің арам аузы жетпегендей, өзегімізден шыққан ақындарымызға дейін Шыңғысханды әлде кімге шағымдап жылап отырып жыр жазатын болды.
Жоғарыда да айттық. Біздің тағы бір қателігіміз, Жоңғарды Шыңғысханмен байланыстырғанымыз болды. Кейбір батыс ғалымдары, «Жоңғар» атауын Моңғолдың «Сол қол» (Зұұн ғар) сөзінен шықса керек, олар кезінде Шыңғысханның сол қанат қосынында болған шығар деп жорамалдайды. Бірақ, сол батыстың басқа бір ең беделді ғалымы: Ойраттардың, Шыңғысхан тарихының шет жағасынан ғана орын алғанын анық айтады. Ендеше, Ойраттарға Шыңғысханның жарым қосынының атын иелейтіндей даңқ қайдан келеді. Оның үстіне, Шыңғысханның заманында «Бұрынғар», «Соңғар» деген атау ғана болған. Қақанның өзі бастап, батысқа аттанған қосын «Бұрынғар» деп аталады. Бұл, «Алдыңғы қол», яки, алдыңғы шеп қосыны дегенді білдіреді. Мұқалы басқарып қалған орданың амандығына, Алтын ханды жоюға міндетті қосын «Соңғар» аталған. Оның мәнісі артқы қол, яки, артқы шеп қосыны деген сөз. Мұны, шайқас майданындағы шепті: «Маңдай», «Оңқанат» және «Солқанат» деп үшке бөліп құрумен шатастыруға болама.
Жат тілді ғалымдарды, түсінуге болады. Қазақ ғалымдары қалай аңғармайды. Сондай аңғармаушылықтың бірі, Қалмақ жұрты жайынды. Олардың тағы бір аты болған «Жоңғар» – қазақтың «Жон» зат есіміне, «-ғар» (-ғор, -қор) жұрнағы қосылу арқлы жасалған «Жонқор», яғни, Жон – көрсеткіш, зөрекер деген сөзінен келіп шыққан. Сол сияқты, қазіргі Моңғол халқын құраған Ру-арыстарды қазақтар, бұрыннан-ақ жалпылама түрде «Қалмақ» деп атаған. Бұл, Жоңғар атауынан да бұрынғы шаруа. Оның мағынасы былай:
Қазақтар (қазақ текті арыстар), «Мің хандығынан» ығысып батысқа ауғанда, бірге аумай, жұртта қалғандар деген сөз. Оларды, тағыда «Құба қалмақ», «Қара қалмақ» деп екіге бөлген. Қара қалмақ – түркілік ықпалға онша терең ұшырамаған бөлігі. Негізінен, Жұңғар Руларының басым көп бөлімі. Ал, Құба қалмақ – жоңғарлардың біразымен тұтас Қалқа моңғолдары. Қалмақ атауының тағы бір мағынасы бар. Малшаруашылық өңірлерде болатын белгілі маңызға ие, алайда, адам тұруды керек етпейтін құрылыстарды қазақтар «Қалмақ» деп атайды. Содан барып, тарихтан қалған ескі құрылыстарды да «Қалмақ» дейді. Демек, қалмақ сөзі ертеректегі қазақтар көп қолданған лексикондардің бірі. Яғни, оны Моңғол текті халықтарға атқып қоя салуы түк те таңсық нәрсе емес.
Тағы да, қайталап айтар болсақ, «Маңғұл» мен «Моңғол» атауларының түбі бір болғанымен, мағыналары жер мен көктей. Маңғұл деген елесімнің нақты мағынасы – тұтас шығыс бөліктегі түркі Ру-арыстары дегенді білдіреді. Кең мағынада, оларға бағынып түркілік мәдениет пен түркілік тілдің ықпалына ұшыраған қазіргі Моңғол ұлтына негіз болған Ру-арыстарды да қамтыған. Ал, Моңғол атауы – «Мің» әулеті Құбылай әулетін жеңіп, оларды қиыр шығыстан және Байкалға дейінгі солтүстік өңірден қуғаннан кейін қалыптасқан жаңа ұлт. Бертін, қазақтар «Қалмақ» деп атаған, Ру-арыстардың ортақ ұлттық есімі ретінде кейіннен қалыптасқан атау. Оның танымал болуына, тағыда отаршылдардың түркілерді тұқыржылату арам ойы себепкер болды. Яғни, жалған жамбылдың түтінін аспандата берсе, шын сарайдың сұлбасы соның тұманына тұмшаланып қалатынына олардың сұм жүрегі әбден сенді. Ал, Моңғолдар туралы нақтылай айтар болсақ, олар жартылай түріктенген Шүршіт текті рулардан құралған болатын. Қазіргі моңғолдардың араларында, белгілі сандағы нағыз түрік текті рулардың қалдықтары да бар.
Қысқасы, Моңғол сөзі жоғарыда айтқанымыздай, маңғұл атауынан келіп шыққан. Тек қана, тіл ұқсамастығына байланысты, азын-аулақ фонетикалық өзгеріске түскен. Ғалымдар, Моңғолдар мен Түркілердің арғы тегі бір болуы мүмкін деп қарайды. Бізше, олай емес. Қазіргі Моңғолдардың ай-күн (сар, нар), жер-көк (гәзәр, өгтөргуи) және адам (хұн) сияқты аса байырғы сөздік қорларының, соған сәйкес түркі сөздік қорланынан мүлде басқаша болуы, осы халықтың шығу тегінің түрік халықтарынан басқа екенін көрсетеді. Ал, олардың тіліндегі тәңірлік дінге, әскери шенге, әкімшілік құрлымға, мал және егін шаруашылығына т.с.-ларға қатысты сөздер мен қосымшалардың дыбыстық және қолданыс жағынан түркілердікімен ұқсас болуы – Моңғолдардың түрік мәдениетінің, соған ілесе түрік тілінің ықпалына терең ұшырағанын көрсетеді. Моңғол тілінің түрік тілінен көптеген сөз қабылдағанын, Моңғол ұлтынан шыққан ғалымдар да мойындайды. Оның үстіне, екі халыққа ортақ сөздердің түбірі, тек түрік халықтарында сақталғандығы да, кімнен кімнің сөз қабылдағанын айқын айғақтайды. Қайталап айтқанда, сөз қабылдау деген сөз – мәдениет қабылдау деген сөз. Басқа тақырыптың ісі болсада, осы жерде бір ауыз сөз қоса кетейін. Қазіргі Моңғол халқының көшпенді малшаруашлығы, түркілердің ықпалында өте бертінгі заманда ғана қалыптасқан. Оған, олардың киіз үй мәдениетінің түркілермен (қазақтармен) салыстырғанда жұпыны келетіні де елеулі айғақ. Біздің соңғы екі ғасырлық тарихымыз, «Өкініш» деген сөзден аулақ бола алмайды. Десе де, соның ішіндегі әттеген-айлардың тағы бірі – өзімізден шыққан төл жересімдерді (топонимдерді) Моңғол тіліне апарып тели салатынымыз. Мысалы, Сілеті көлінің атын Моңғолдың «Тасты» (Чулуут) сөзінен шыққан деп соғады. Қайдағы олай!? «Сіле» – уыт, зәр, яғни, ашты деген сөз. Тұзды көл, Ашты көл деген мағына беріп тұрмайма. Қазақ, Сахар суын «Сілті» дейді. Содан, «Сілтідей тұну» деген тіркес қалыптасқан. Былайша айтқанда: Зәрін, ызасын ішіне бүгіп сыздана қалу деген сөз. Қазақ даласының ұлы суларының бірі Жәйсаң көлін, күні бүгінге дейін «Зайсан» дейміз. Оның аты тіліміздегі айдын-шалқар, кең деген сөз. Ата-бабамыз «Жәйсаң» сөзін дәл осы мағынада, суға байланысты қолданған. Сондай-ақ, бұл сөз күні бүгінге дейін солай қолданылып келеді. Ауыспалы мағынасында: Сабаз, ел жақсысы дегенге де келеді. Бұл да, осы сөздің тура мағынасына байланысты келіп шыққан. Бұл атаудың дәл осы көлге қатысты қойылуындағы себеп, Ертіс өзенінің осы көлмен тұйықталып қалмай, ағысын жалғастыра беретіндігінде. Содан барып, Ертістің жайылмасы деген мағынамен, «Жайсаң» атауы қалыптасқан. Өңкей, Моңғолдан шықты дей беретініміз, тағы сол – Шыңғысханды Моңғол деп қарайтын қате түсініктен туындаған. Қазақ даласына Жоңғарлардың басып кіруіне байланысты, бір талай жер–су аттары қалыптасқан. Оның біразын, Қалмақпен арадағы оқиғаларға байланысты өзіміз қойғамыз. Басқалары, солардан қалған. Ал, Шыңғысхан әулеті заманынан қазақ жерінде де, басқа жұртта да еш қандай Моңғол тіліндік жер-су аты қалған жоқ. Неліктен? Жауабы біреу. Олар, тек қана түрік тілінде сөйлеген. Өйткені, Шыңғысханның өзі түрік – түріктің Жалайыр Руының Тайжігіт Руынан шыққан. Сондықтан, шындық мүлде керісінше болды. Яғни, Шыңғысхан заманында (басқа өңірді былай қойғанда) тұтас ішкі-сыртқы Моңғол жерінде, Ұлы Қорған сыртынан, шығыс Сібердің адам аяғы жетер жеріне дейін, сан-санақсыз түркілік жер-су аттары қалыптасты. Маңғұл атауының жоғарыдағылардан басқа тағы бір мағынасы бар. Шыңғысхан, алғаш билікке ұмтылған кезде Тайжігіт, Қоңырат, Жалайыр және басқада көптеген ру-арыстардан бөлініп шыққан ұсақ рулардың басын қосып өз маңына топтаған. Сонда, басқа емес: Оларға ортақ ат ретінде «Маңғұл» деген ежелгі әрі бәріне бірдей тең ортақ елесімді қойған. Оның себебі, бір жағынан бұл ат барша түркілердің құлағына өте таныс. Әрі өте айбатты болғандығында. Олар бұл есімді сөз жоқ қуана қабылдайтын. Тағы бір жағынан және ең маңыздысы, Шыңғысханның түпкілікті мақсаты: Тұтас Маңғұл түріктерін бір тудың астына біріктіру еді. Сол негізде, иісі түркі жұртының басын қосып, ұлы түрік қағанатының шаңырағын қайта көтермек болатын. Мұндай ирада, бұрынғы Маңғұл хандарында да болған. Оны, Қадан Тайжінің Меркіт бегіне жіберген сәлемінен де, көруге болады. Сорқан көріпкелдің, сол кездегі Маңғұлдың тақ үміткерлеріне берген бағаларынан да және Шыңғысхан туралы болжамдарынан да, осындай бір ұлы мұраттың түрік халықтарында ертеден болғанын тікелей көруге болады. Осынау ұлы мұратты орындау бақытын, Көк Тәңірі Темүжіннің маңдайына жазған. Демек, ол ат жалын тартып мінгеннен бастап-ақ, өзінің алдына, осындай ұлы мұратты қойған. Шыңғысхан, осы өскелең мақсатқа жету үшін, Тәңір берген дарынының арқасында барлық саяси және әскери қимылдарын төтенше көрегендікпен әрі өте жүйелі түрде жүргізді.
Ол, ең алдымен Керей Оңханының көмегінде, бір бөлім бытыранды рулардың басын қосып «Маңғұл» деген атпен бір Ту астына шоғырландырды. Сүйтіп, өзін билеуші ақсүйектер санатына қосты. Одан кейін, Керей және Найман сияқты ірі хандықтарға қарамайтын, нақты айтқанда: Олар ара түсе қоймайтын ірілеу, бірақ, әлсіз арыстарды тағыда Оңханның көмегімен бағындырып «Хан» дәрежесіне көтерілді. Онан соң Керей, Найман сияқты хандықтарды саяси айламен бір-біріне қарсы қойып, соңынан бір-бірлеп құлатты. Сонымен, Арқа ұлыстарын (Моңғол үстіртіндегі руларды) негізінен бірлікке келтірді. Осылайша, «Шыңғысхан» мәртебесіне көтерілді. Ешкім тең келе алмайтын, құрыштай берік қақан атанды. Темүжіннің бұл атағынан оны ақсүйектердің аққұла мойындайтынын, сондай-ақ, елдің оған деген сенімін көруге болады. Осыдан кейін, теріскейде бытырап жатқан түрік және Тұңғыс-Шүршіт текті руларды қосып алды. Міне осылайша, ежелден Маңғұл атанып келе жатқан Ру-арыстарды, басқаша айтқанда тұтас түрік халықтарының тең жартысын – шығыстық түріктерді өз туының астына берік шоғырландырды. Аралықта, Ұйғыр және Қарлық түріктері өз еріктерімен келіп бас иді. Ендігі кезекте: түрік текті, бірақ, түркілік болмыстан алшақтап бара жатқан Таңғыт (Дүңген) халқын үрейлендіріп тыныш отыратын етті, әрі мол олжаға кенелді. Бұл қимылдағы ең негізгі мақсаты, Алтын ханды жою еді. Ол, Алтын ханды енді оңалмастай етіп жартылай күйретті және де Шүршіт үстемдігін негізінен құлатты. Көп олжаға да кенелді. Ең маңыздысы, Шүршіт бодандығындағы түрік текті Қытанды (Қарақытай) азат етілу арқылы, олардың ақыли күші мен адами күшіне қол жеткізді.
Шығыс жақтағы ұлағатты істер, осымен алғашқы мәресіне жетті. Ендігі кезекте: батыс бөліктегі мұсылман және християн мәдениетінің ықпалынындағы түріктерді азат етіп, оларды жұтылу жолымен емес, қайта, қай мәдениетті болса да еркін таңдай алатын жолға салу сынды ұлы мақсат тұрды. Әрине, күннің бірінші тәртібінде «Сартқұл»-дар (Қаңлылар), ал екінші тәртібінде, «Қыпшақ»-тар (Кіші Жүз арыстары мен қазіргі Қыпшақтар) тұрды. Айналасы бес жылдың ішінде, осы бір ең соңғы ұлы мақстты да орындады. Түрік жерін кеулеп алған келімсектер құртылды. Елдіктен азғандар жолға салынды. Сырттан анталағандардың ордалары ойрандалып, сақтары сындырылды. Ақыры, түріктің ұлы жұрты жүз пайыз бір Ту астына бірігіп: Дүниеге ең, ұлы әрі ең соңғы түрік қағанаты келді. Оның құрушысы тұңғыш қақаны: Алаштың асып туған, ұлы Тәңір Төте жіберген перзент ардақты Алаша хан-әз Шыңғысхан болатын!