Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыныңа көш тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692.22 Кб
Скачать

Тілеуберді Әбенәйұлы Тыныбайын

Тілеуберді Әбенәйұлы Тыныбайын

ШЫНЫҢА КӨШ ТАРИХ. Шыңғысхан кім?

Мазмұны

Алғысоз. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ................. . . . . 1 Шыныңа көш тарих! шыңғысхан кім?. . . . . . . . . . .............................................................3 Бұл сөзді ең әуелі бастау қиын. . . . . . . .. .. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . ................ . 4 Түрік тану – «Көшпенділерді» зерттеу ғана емес. . . . . . . . . . . . . . .......... . . . . .... . . . . . . 4 «Ақ таңдақ»-қа анықтап көз салғанда. . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . 8 Айытқанда сөздің анығын. . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . ........ . . . . 12 Сөз бастайық ендеше. . . . ....... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .......... . . . 13 І. Қайдан шыққан қадырлы «Шыңғыс» есім. . . . . . . . . . . . . . . . . . ……. . . ..... . . . . ... . 13 II Құндағын шешеиік «Құпия шежіре»-ның. . . . . . . . . . . . . ...…….. . . . . . . . . ............. . . 14 III Аралайық қазан хан қазынасын. . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .... . . . . . . . . .... . . . . . . 23 Қазыр маңғұл аталып жүрген түрік ұрулары. . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . 24 Дербес хандығы бар түркілер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ………. . . . . . . . . . ........ . . . . 29 Ертеде маңғұл аталған түріктер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..... . . . . . . 30 Дерліген маңғұлдар. . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .......... . . . . . 33 Нарын аталған түрік ұрулары. . . . . . . . . . . . ……….. . . . . . . . . . . . . . . . . . ........ . . . . . 34 Хан сөйлейді халқының тіліменен. . . . . . . . . . . . . . . ….. . . . . . . . . . . . . . . ....... . . .. . . 36 Тобықтай ғана түйін бар тоқсан сөзде. . . . . . . . . . . . . …………… . . . . . . . ...... . . ... . . 46 Бастаған соң бұл сөзді тастау қиын. . . . . . . . . . . . . . . . . …….. . . . . . . . . . . ........... . . . 54 Сірге жияр. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . ……... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..................... . . . 58

Тілеуберді Әбенәйұлы Тыныбайын шыныңа көш тарих. Шыңғысхан кім?

Алғы соз

Біз ауылда туып, ауылда өстік. Ес білген шағымыз «Мәдениет зор төңкерісі» дейтін зобалаң жылдар аяқтап, Қытайдағы әр ұлт халқының басына жылымық орнай бастаған тұсқа тура келді. Сөз еркіндігі тиіп жүріс-тұрысы аңдудан ада бола бастаған ауыл тұрғындары, жазда халық көммунәсінің жұмысымен әбігер болса да, қыс күндері үлкендерді соғымбасқа шақырып әңгіме дүкен құратын. Сонда, әңгіме желісі күнделікті күйбіңнен бастау алып, сонау алыс ғасырлардың ар жағында қалған тарихқа дейін сүңгіп қайтатын. Әңгіме айтатын қариялардың арты алпысты ағалаған, алды сексенді жағалаған ақсақалды аталар мен ақсамайлы апалар болушы еді. Олар да, дәл сол кездегі біз сияқты осыдан берісі жарты ғасыр, арысы жетпіс жыл бұрынғы дәл осы кездегі өздері сияқты қарттардың аузынан естіген әңгімелерін айтатын. Енді ойласам, сол әулие қарттар бізге аз дегенде жүз жылдың, әйітпесе, жүз елу жылдың тарихи шындығын жеткізіп отырады екен ғой. Сол кісілердің бойынан және айтқан әңгімесінен ежелгі қазақ елінің рухы есіп тұратынын, өте кеш сезгеніміз өкінішті-ақ. Олардың айытқан әңгімесі, жаңағыдай көзбен көрген тарихпен ғана шектеліп қалмай, бірден-бірге ұласып «Ерте, ерте, ерте заманға» қарай өрби-өрби алыстағы тарихымыздың тұманына шым батып жататын. Алайда, солардың шерткен шежіресінің ешқандай мәнерлеусіз өңдеусіз тұнық қазақы леп, ұлттық түс алып жататынын да тым бертін аңғарыппыз. Өйткені, сол қарттардың барлығы бәлендей бір оқыған адамдар емес болатын. Қытайдың жылнамаларынан да, орыстың зерттемелерінен де, арабтың саяхатнамаларынан да бейхабар еді. Тек қана қазақы болмыс, қазақы таным, қазақы тілмен шежіре шертетін.

Сол әңгімелерінің бір тұсында, Шыңғысхан туралы да айтылушы еді. Бірақ, ешқашанда оны моңғол немесе қалмаққа телімейтін. Бейне, Абылай ханды немесе әз Жәнібекті айтқандай қазақтың хандары қатарында баяндайтын-ды. Жошы туралы да солай әңгімелейтін. Біздің сол кезде балаң көкейімізге түйген анық бір нәрсеміз: Шыңғысханның есімі ұлықтап, марапаттап, дараланып айтылатындай еді. Қазақ баласы, үйге біреу келсе немесе әлде бір жақсы туралы сөз қозғалса, Ру сұраспай, Ру жайлы айтпай отырмайды. Сондайда, әлде кімнің Руы Төре бола қалса: Ойпырым-ау, қаракөктің өзі екен-ғой, нағыз шынжыр балақ шыбар төс десеңші деп қалжың шыны аралас кәдімгідей қауқылдасып қалатын. Қонақ кеткен соң әлгі сөздердің мәнін үлкендерден сұрасақ: Бәрі де хан тұқымы – Шыңғысханның ұрпағы дегенге саяды екен. Сонымен, біз де Шыңғысханды ертеде болған қазақтың ханы екен ғой – деген түсінікпен ер жеттік. Алайда, кейін жоғарлап оқыдық. Қытайша тіл білдік. Сөйтсек, қағаз бетіндегі сөздердің бәрі Шыңғысханды «Моңғол» деп таныстырады екен. Сонда барып: Ауылдың надан қазағы айта береді екен-ғой, шындық әсілі мынадай екен емеспе деген көзқарас қалыптастырдық. бірақ, «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді» дегендей, адамның жасында құлағына сіңіп, көкейіне қонған нәрсе ешқашан да өшпейді екен. Менің көкейімдегі: Сол, соғымбастағы ақжарқын қарттар неден жаңылды екен? – дейтін сауал ешқашан да тыныш таппады. Өйткені, олар жалған тарих жасап елді ұтпақ түгілі, қылдай нәрсеге қиянат жасауды білмейтін бейуаз жандар еді. Олар ойдан ойып тарих жасайды, әлде қалай жалған пәтуә тудырады деудің өзі күнә. Сонда, қателык қай жерден болған? мен, бұл үшін емес, өзімнің табиғи қызығушылығымның жетегінде тарихқа үңіліп, өздігімнен мамандық алдым. Сөйтсек, Шыңғысхан туралы армансыз жазылған екен. Қытай жылнамаларында да, араб жазбаларында да, батыс зерттеулерінде де талай рет қайталанып Шыңғыс тақырыбының иі әбден қаныпты. Сонда, менің олардан қорытқаным: Ежелгі жазбалар не жазса да Шыңғысхан жайлы шындықтан онша алшақ кетпеген. Мейлі оны кемеңгер қып марапаттасын, не болмаса зұлым қып көрсетсін бәрінде де қаламиелердың  (авторлардың)  көзқарасы шындық негізінде өрілген екен. Ендігі жерде: Жаңылғандар ақсақалдар емес, қайта: Жаңылып жүргендер де, жаңылытып жүргендер де зерттеушілердің өздері болып шықты. Әрі сол зерттеуші деп жүргендеріміздің бір талайы батыстың баспалаған жансызы, Кремілдің тіміскілеген тыңшылары екен баяғы. Олар, Шыңғысхан қосынының тоқсан бес пайызы түркілер, бес пайызы моңғолдар болған дейді. Сонда, тоқсан бес адам бес адамның айтқанына көніп, айдағанына жүріпті. Әлгі бес адам отқа түс десе отқа, суаға түс десе суға түседі екен. Сөйтіп жүріп, Шыңғысханға және оның мұрагерлеріне Еуразияның байтақ даласындағы сан-санақсыз ұлттарды бағындырып, байтақ өлкені бойсындырып беріпті. Сонда, бұл қандай қисын? тоқсан бес пайыздың жалғанды жапырған алдаспаны бес пайыз «Моңғол»-дардың мойнына неге өтпеген?! Олар, шеттерінен су жүрек пе дейін десең: Батыста Дунайға дейін, Шығыста Суматыраға дейін жорық жасағанда еш жерде тайсалып көрмепті. Сол ғалымдар, тағы айтады: Ойраттар, Шыңғысхан тарихының тек шет жұлығында ғана кездеседі деп. Ондай болғанда, жаңағы бес пайызымыз және де азайып, екі жарым пайызға төмендеп қалады. Яғни, тоқсан жеті-тоқсан сегіз адам кейде үш адамға, кейде екі адамға тәуелді болды деген сөз. Мұны да, еш қандай шындықпен түсіндіруге келмес. Ондай оқиғалар, мифтік аңыздардың өзінде де сирек кездесетін шығар. Бұл тұрғыда, шығыстық ғалымдар аз да болса құдайшлығын айтқан деуге болады. Жапон ғалымы Иноуа Ясачи өзінің Құбылай туралы жазған тамаша еңбегінде: Қазіргі моңғолдардың ішінде, Шыңғысхан әулеттері сақталмаған деп анық жазған. Ал, керісінше Шыңғысхан әулеті түріктер ішінде өте жақсы сақталған. Мысалы, осы заманғы ұйғыр ұлтының негізін салушы Әбірәшид хан Шағатайдың төл ұрпағы. Қырғыз бен қазақтың барлық хандары Шыңғысхан тұқымынан тараған. Олар тіпті «Төре» деген атпен ішнара өңірлерде XX ғасырдың басына дейін билік жүргізіп келді. Ал, өзбектерді Шыңғысханмен аталас Рудан шыққан Әмір Темір әулеті орыс отаршылдығына дейін билеген. Айтпақшы, ту баста өзбек хандығын құрған Әбілхайыр ханның өзі Жошы нәсілінен болатын. Парсыны билеген Құлағудың ұрпақтары Әзірбайжан жерінде тұрып, соларды ұйытқы ете отырып билік жүргізді. Ал, татарлардың Шыңғысханның негізгі тірегі болғанын ешкімде жоққа шығара алмайды. Сібер  (Сібір)  түріктері Шыңғысханды пайғамбар есептейді. Сонда, қалай болғаны? Осының бәрі, әлгі тарихшылардың өзіне де ой салған болса керек. Былайша айтқанда, өздері жасаған қисынға өздері иланбаған соң, өзгелердің де сене қоймайтынын білген. Сонымен, тарихты екінші жаққа бұрмалап Керейді, Найманды, Қоңыратты, Жалайырды, Дулатты, Уақты, Меркітті тағы да сол сияқты көптеген Руларды моңғолға жатқызады. Ісжүзінде, қазақ ұлты: Қыпшақты қоспағанда, осы Рулардан құралған. Сөйтіп, есіңе еріксіз Қожанасыр туралы мынадай аңыз түседі. Бір күні, Қожанасыр базардан үш қадақ ет әкеледі де әйеліне: Мен еңбектен қайтып келгенше, тамақ істеп қой деп тапсырып кетеді. Бірақ, ашқарақ әйел етті өзі жеп алады да, Қожанасыр келгенде етті мысық бірақ жеп қойыпты деп өтірік айтады. Қожанасыр, мысықты дереу таразыға тарытса, ол да үш қадақ шығыпты. Сонда, қожанасыр ашуланып: әй қатын, мынау мысық болса ет қайда? Ал егер, ет болса мысық қайда деген екен. Жарықтық, Қожекең айтпақшы: Әлгі Арыстардың бәрі моңғол болса, қазақ қайдан шыққан деген сұрақ тағы да туындап тұрмай ма!?

міне, осындай қым-қиғаш сұрақтар мені Шыңғысхан тарихына назар салуға жетеледі. Бұл жөнінде бір мақала жазу ойы: Басыма 90-жылдарда пайда болса да, қызмет қарбаласытығынан мойным жар бермеді. Ақыры, 2003-жылдың жазында: Денсаулығыма байланысты демалу орайымен әредік уақытым шығып, осы ойды сабақтаудың сәті түсті. «Сабақты ине сәтімен» деген рас екен. Қажетті материялдарды көріп болған соң ойымның негізгі бөлігін «Шыныңа көш тарих! Шыңғысхан кім?» деген тақырппен 2005-жылы маусымның 23-де қағаз бетіне түсіріп болдым. Аманшлық болса: Алдағы жерде «Құпия шежіренің құпиясы», «Түгел туарихтың түбінде не жатыр» деген тақырыптармен баянымды жалғастыра түспекпін.

Осы ораймен, менің ойымды құптап, жақыннан жәрдем берген аға-бауыр, дос жарандарға, отбасыма және осы еңбегімді жарыққа шығарған алаштың асыл азаматтарына: Әр қашанда жолдарыңыз болысын! – деген тілек айтамын.