- •1. Стандарттаудың дамуы жайлы қысқаша ақпарат. Стандаттау бойынша ғылымның пайда болуы және дамуы. Терминдер және анықтамалар.
- •2.Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттаудың негізгі принциптері.
- •3. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі стандарттары.(мсж)
- •4. Қр стандарттар жұмыстарын ұйымдастыру. Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттау органдары. Стандартты құрастыру тәртібі.
- •5. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы. Заңда қолданылатын негізгі жағдайлар?
- •6. Нормативтік құқықтық актілер
- •7. Стандаттау.Жалпы жағдайлар.
- •8. Техникалық реттеу аумағында нормативті құқықтық актілермен
- •9. Əртүрлі сферадағы стандарттау. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •10.Сапа менеджмент жүйесі стандартын жетілдіру.
- •11.Қызмет көрсетуді стандарттау.
- •12.Стандарттау және экология.
- •13.Аймақаралық стандарттау жүйесі.
- •14.Конструкторлық Құжаттардың бірыңғай жүйесі.
- •18.Стандарттау дамуының негізгі бағыттары
- •20. Стандарттау теориясы
- •21.Стандарттау маңызы жəне мазмұны
- •22. Стандарттаудың теориялық базасы
- •23. Болашақты стандарттау
- •24. Кешенді стандарттау
- •25. Болашақты стандарттаудың ғылыми-техникалық базасы
- •27. Стандарттаудың құқықтық негізі
- •28. Стандарттау бойынша органдар және қызмет орындары.
- •29. Стандарт құрастыру тәртібі.
- •30. Қр стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру.
- •31. Қр Мемстандарт құрылымы.
- •32. Қр Мемстандарт функциясы.
- •33. Стандарттау бойынша жұмыстардың ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- •34. Техникалық реттеу туралы заңы. Жалпы жағдайлар. Негізгі жағдайлар. Заңда қолданылатын негізгі түсініктер.
- •37.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.
- •38.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.
- •40.Стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық, стандарттарды және шет елдердің нормативті құжаттарын пайдалану,
- •41.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (қрст).
- •42.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік технико-экономикалық ақпараттар классификаторы.
- •43.Қазақстан Республикасының ұйымдар стандарты және стандарттау бойынша ұсыныстары.
- •47.Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •48.Сапа түйіні және смж стандарттау.
- •49.Әлемдік сауда тәжірибесіндегі қызмет көрсету үлесі.
- •50.Қызмет көрсетуді стандарттаудың әлемдік тәжірибесі.
- •51. Қызмет көрсетудің стандарттаудың негізгі аспекті
- •52.Экологиялық стандарттау бойынша әлемдік қауымдастық тәжірибесі.
- •53.Қазақстандағы экологиялық стандарттау.
- •54.Экологиялық менеджмент жүйесі
- •55.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру тәртібі
- •56.Стандарттаудың бағыттары
- •57. Исо 9000 стандарттардың негізгі мазмұны
- •59. Стандарттаудың әдістері
- •60.Тмд елдеріндегі мемлекетаралық стандарттау
- •58. Исо ұйымдық құрылымы
13.Аймақаралық стандарттау жүйесі.
Стандарттау саласындағы халықаралық ғылыми техникалық қарым қатынастың негізгі міндетіне гармонизация жатады, басқаша айтқанда Қазақстан стандарттау деңгейін, отандық өнімдер сапасын және олардың әлем нарығында бәсекелестігін арттыру мақсатымен ұлттық стандарттардың халықаралық, аймақтық және шетелдердің алдыңғы қатардағы стандарттау жүйелерімен үйлестіруде жатыр. Халықаралық қатынас стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық ұжымдармен іске асырылады. Халықаралық байланыстардың үздіксіз кеңеюі стандарттаудың бір мемлекеттік шегінде қоюға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әр түрлі елдегі сауда, экономикалық және ғылыми техникалық қарым қатынастарды дұрыс іске асыру үшін халықаралық стандарттардың қолданылуының маңызы зор.
14.Конструкторлық Құжаттардың бірыңғай жүйесі.
Конструкторлық Құжаттардың бірыңғай жүйесі – бұл мемлекетті стандарттар кешені, құрастыру бойынша, конструкторлық құжаттарды көркемдеу жəне қолдану бойынша, жəне ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық ұйымдарының бірыңғай өзара байланысқан ережелер жəне жағдайларын белгілейді.
КҚБЖ негізгі мақсаттары: констуркторлардың еңбегің жеңілдету; сызба құжаттарының сапасын жоғарлату; ұйымдар жəне кəсіпорындар арасындағы конструкторлық құжаттармен өзараайырбастау; өндірістік бұйымды құрастыру жобасы кезінде унификациялау; конструкторлық құжаттар пішінің қысқарту; тиімді сақтау; құжаттарды тіркеу; көлемдерін қысқарту; техникалық құрылғыларды жөндеу жəне пайдалану шарттарын жоғарлату.
Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі 150 стандарттан көбірек кіреді. КҚБЖ барлығына 2 саны меншікке берілген, одан кейін стандарттау реттік нөмірі және топтағы стандарттау реттік нөмірі. Тоғыз топтың ішіндегі әрқайсысының стандарттарының мазмұны келесіде:
Конструкторлық құжаттар бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу, жобалау, конструкторлау, дайындау жұмыстарын жеңілдетеді; сызбаны оқуды оңайлатады; жобалау мен техникалық құжаттарды өңдеуде ЭВМ қолдануға мүмкіндік жасайды.
2.1. Жүйенің негізгі ережелері (бұйым түрлері, конструкторлық құжаттар кешені мен түрлерін зерттеп дайындау сатысы, сызбаға қойылатын талаптар, тексті құжаттар және т.б.) МемСТ2.101-68,…, МемСТ 2.114-70, МемСТ-13-85;
2.2. Конструкторлық құжаттарды белгілеу мен сұрыпталуы. МемСТ 2.201-80;
2.3. Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. МемСТ 2.301-68…2.317-69;
2.4. Әртүрлі типті тетіктердің сызбаларын жасау ережелері: тісті дөңгелектер , шлицалы қосылыстар, құбырлы өткізгіштер, онымен қатар электр құрастыру сызбалары және т.б. МемСТ 2.401-68…2.418-77;
2.5. Пайдалану және жөндеу құжаттары: МемСТ 2.601-68…2.605-68;
2.6. Бұйым құжаттарын тіркеу, есепке алу және сақтау. МемСТ 2.501-68…2.503-74;
2.7. Сұлбаларды орындау ережесі: электрлік, және пневматикалық; сұлбалардағы шартты графикалық белгілеулер. МемСТ2.701-80…2.787-71;
2.8. Құрылыс құжаттарын орындау ережесі;
2.9. Арнайы талаптар мен басқа стандарттар, экспортқа шығарылатын бұйымдарға арналған стандарттар және т.б.
15.Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) Технологиялық құжат ғылыми-техникалық прогресс қарқынын қамтамасыз ететін, өндіріс тиімділігін өсіру шығарылатын бұйымның сапасын жоғарылатуда қажетті фактор болып есептеледі. Ол екі негізгі мақсатты айқындайды: ақпараттық және ұйымдастыру. Технологиялық құжаттар негізінде көптеген ақпарат құрылады, ол технико-экономикалық және жоспарлау-нормативті есептеулерді жүргізуге, өндірісті реттеу және жоспарлау, оны дұрыс ұйымдастыру, тағайындау, басқаруда және қызметте қолданылады.Технологиялық құжат негізгі және қосымша өндіріс арасында өзара қатынасты ұйымдастырады. Көп көңілді автоматты жүйені басқару шартының технологиялық құжатына аударылады. ТҚБЖ құратын мемлекеттік стандарттар кешенінің негізгі тағайындалуы – барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда бірлік өзара байланысқан ережелер, нормалар және орындау жағдайлары, технологиялық құжаттарды стандарттау және унификациялау.ТҚБЖ қарастырады: машина жасау тетіктері және аспаптарды технологиялық классификаторы негізінде типті технологиялық процестерді енгізу; құрастырылатын технологиялық құжаттың көлемін қысқарту, технологтардың еңбек өнімділігін арттыру; технологилық процестерді әзірлеуді белгілеу.
Техникалық-экономикалық және тұрмыстық ақпараттарды топтастыру мен кодирлеудің бірыңғай жүйесін (ТКБЖ) құру, жалпы жұмыстарын басқару мен бағыттаудың стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитеті іске асырады. Бұл жүйенің негізгі принциптері, ережелері және талаптары ҚР СТ5.0-95 «ҚР МСЖ. Техникалық-экономикалық және тұрмыстық ақпараттарды топтастыру мен кодирлеудің бірыңғай жүйесі» стандартында берілген.
ТКБЖ-ның бекіту дәрежесі мен қолдану саласына байланысты келесі категорияға бөлінеді:
мемлекеттік – МК;
салалық – СК;
ұжым топтастырғышы –Ұ К
Техникалық-экономикалық және тұрмыстық мемлекеттік топтандырғыштар Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен бекітілінеді және тіркеледі.
Мысалы, ҚРМТ01-99 – сабақтар топтандырғышы.
Сапалық топтастырғыштар өзіне сәйкес ҚР министрліктерінде ведомстваларда бекітіліп тіркеледі.
Ұжым топтастырғыштарын мекеме төрағасы бекітеді.
Өнімдерді каталогтау Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы арқылы іске асырылады.
Өнімнің әр түріне каталог парағы жазылады,онда өнім аты, белгіленуі, жасаушы, негізгі өнімнің пайдалануының негізгі сипаттамалары, өнімнің жасалуына қойылатын талаптар көрсетіледі.
Каталог парағының жұмыс істеу мерзімі екі жыл.
Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитет өнімдерді каталогтау жүйесінің қалыптасуы мен істе болу жұмыстарына жалпы басқару, үйлестіру және бақылауды іске асырады. Қазақстанда өндірілетін өнімді каталогтаудың негізгі мақсаты – өнім туралы ақпаратпен барлық сұраныс жасайтын жақтарды қамтамасыз ету.
Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) машинамен приборларды жасау мен жөндеуге қолданылатын технологиялық құжаттардың барлық түрлерін қамтиды. Технологиялық құжаттарды зерттеп дайындау, безендіру және қолдануды, өзара байланысты ережелері (шарттарын) бекітеді.
16.Өндірісті технологиялық тағайындаудың бірыңғай жүйесі(ӨТТБЖ) Қазіргі таңдағы бұйымдардың тағайындалу күрделілігі, жұмыс қабілеттілікке сынауға қойылатын жоғарғы талаптардың əсерінен өндірістің технологиялық тағайындалу (ӨТТ) көлемі қарқынды өседі.Өндірістің технологиялық тағайындалуы – бұл өзара байланысқан процесстер жиынтығы, ол өндірістің бекітілген уақытта, шығындарда жəне көлемде жоспардағы бұйымдарың сапалы шығаруын қамтамасыз етеді. ӨТТБЖ – бұл мемлекеттік стандарттарымен бекітілен өндірістің технологиялық тағайындалуын ұйымдастыру жəне басқару жүйесі, ғылым жəне техниканың жетістігінің негізінде үздіксіз жетілдіріліп отырады, ӨТТ дамуын басқарады. ӨТТБЖ негізі: ӨТТ жүйелі-құрылымдық цикл сараптамасы; тағайындау жəне бақылау; технологиялық процесстерін стандарттау жəне типтеу; құралдардың технологиялық жабдығын стандарттау; стандарттарды элементтерден агрегаттауды қарастырады.
17.Стандарттаудың дамуына қысқаша шолу .
Адам қауымы пайда бола бастағаннан бері, өмір ережелердің қолдануы мен бекітілінуін керек қыла бастады. Жазу, есептеу жүйесі, ақша бірліктері, өлшем мен салмақ бірліктері – стандарттаудың ең алғашқы қадамдары .
Өндірістің дамуымен қатар стандарттау да дами бастады, ол өз кезегінде өндіріс күштерінің өте тез дамуына жағдай жасайды. Ерте замандағы Мысыр (Египетте) елінде дұрыс геометриялық сырт пішінді пирамидаларды салғанда бірнеше тонна массалы өте тығыз дәл өңделген тастар қолданылған, олар бір біріне өте тығыз орналастырылған. Бұл пирамидалар тастары арасынан осы уақытқа дейін ине өтпейді. Катапульттің тетіктері де стандарталған . Мұнда барлық тетіктердің мөлшерлері бір басты параметрге байланысты болған катапульт ататын оқ ұзындығына биіктігі 90 м Вавилон мұнарасын салуға 85 млн. Стандартталған кірпіштер жұмсалған. Бұл кірпіштерді күйдіру арнайы ереже бойынша іске асырылған.
1761 жылы Тула және Ижевск мылтық жасайтын зауыттарында мылтық тетіктері өзара ауыстырмалық ережелері қолданылып жасалған. XIX және XX ғасырда стандарт темір жол вагондарын бояуда , дөңгелектер диаметріне қолдана басталды. Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде XIX- ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді , тауарлардың бір бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етеді. 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық ).
1856 жылы Лонданда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
1918 жылы 14 қыркүйек тегі Халықаралық Комиссарлар Кеңесі декретімен КСРО мемлекетінде салмақ және өлшемдер метрлік жүйесі енгізілді. Осы уақытқа дейін Ресей мемлекетінде бір мезгілде үш жүйелі өлшемдер қолданылып келді: аршинді, дюймді және метрлік.
1925 жылы 15 қыркүйек те кеңестік стандарт комитеті құрылды. Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені – 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда – 1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген қиыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық беттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн.тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельсьтерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435 мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ. Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық прогреске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.
1975 жылы ИСО (ISO) Халықаралық стандарт жүйесі бойынша жаңа стандарт жүйесі знрттнліп дайындалды. 1976 жылы 16 наурыздағы №632-қаулысы бойынша қондырулар мен дәлдік шектер біріңғай жүйесінің қолданылуы ұсынылды (ҚДБЖ) .
Осы қаулы бойынша бұл жүйе (ҚДБЖ) КСРО да 1.01.1977 ж. бастап 1.01.1980 жылға дейін толық енгізілді. Бұл жүйе Қазақстанда қазіргі кезде жұмыс істеуде.
1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы стандарттау сұрақтары бойынша үйлестіру комитеті құрылды да , бюролары Лонданда және Нью-Йоркте ашылды. 1947 жылы Лондонда стандарттау Халықаралық ұжымы бойынша ИСО құрылды, оның құрамына 33 ел кірді. Қазіргі кезде ИСО ең ірі Халықаралық техникалық ұжымдарға айналды (оның құрамына 146 ел кіреді).
1931 жылы Алматы қаласында стандарттау бойынша Қазақ аймақтық бюросы құрылды, ол 1938 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы өлшемдермен өлшеу приборлары бойынша уәкілдік комитетінің басқармасы болып қайта аталды.
1966 жылы Алматы Мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды, ол 1975 жылы Қазақ республикасының Метрология және стандарттау орталығы деп қайта аталды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитеті құрылды.
1992-2003 жылдардағы даму келесі бағыттырмен сипатталады: Қазақстан стандарттарының Халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жандандыру; міндетті түрде сертификаттау жүргізілетін өнімдер мен қызметтерге мемлекеттік стандарттарды зерттеп дайындауды бірінші қатарға қою; ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттарын енгізу және осы стандарттарға және басқалаға сйкес отандық сапа менеджменті жүйесін жасау.
