
- •1. Стандарттаудың дамуы жайлы қысқаша ақпарат. Стандаттау бойынша ғылымның пайда болуы және дамуы. Терминдер және анықтамалар.
- •2.Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттаудың негізгі принциптері.
- •3. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі стандарттары.(мсж)
- •4. Қр стандарттар жұмыстарын ұйымдастыру. Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттау органдары. Стандартты құрастыру тәртібі.
- •5. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы. Заңда қолданылатын негізгі жағдайлар?
- •6. Нормативтік құқықтық актілер
- •7. Стандаттау.Жалпы жағдайлар.
- •8. Техникалық реттеу аумағында нормативті құқықтық актілермен
- •9. Əртүрлі сферадағы стандарттау. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •10.Сапа менеджмент жүйесі стандартын жетілдіру.
- •11.Қызмет көрсетуді стандарттау.
- •12.Стандарттау және экология.
- •13.Аймақаралық стандарттау жүйесі.
- •14.Конструкторлық Құжаттардың бірыңғай жүйесі.
- •18.Стандарттау дамуының негізгі бағыттары
- •20. Стандарттау теориясы
- •21.Стандарттау маңызы жəне мазмұны
- •22. Стандарттаудың теориялық базасы
- •23. Болашақты стандарттау
- •24. Кешенді стандарттау
- •25. Болашақты стандарттаудың ғылыми-техникалық базасы
- •27. Стандарттаудың құқықтық негізі
- •28. Стандарттау бойынша органдар және қызмет орындары.
- •29. Стандарт құрастыру тәртібі.
- •30. Қр стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру.
- •31. Қр Мемстандарт құрылымы.
- •32. Қр Мемстандарт функциясы.
- •33. Стандарттау бойынша жұмыстардың ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- •34. Техникалық реттеу туралы заңы. Жалпы жағдайлар. Негізгі жағдайлар. Заңда қолданылатын негізгі түсініктер.
- •37.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.
- •38.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.
- •40.Стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық, стандарттарды және шет елдердің нормативті құжаттарын пайдалану,
- •41.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (қрст).
- •42.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік технико-экономикалық ақпараттар классификаторы.
- •43.Қазақстан Республикасының ұйымдар стандарты және стандарттау бойынша ұсыныстары.
- •47.Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •48.Сапа түйіні және смж стандарттау.
- •49.Әлемдік сауда тәжірибесіндегі қызмет көрсету үлесі.
- •50.Қызмет көрсетуді стандарттаудың әлемдік тәжірибесі.
- •51. Қызмет көрсетудің стандарттаудың негізгі аспекті
- •52.Экологиялық стандарттау бойынша әлемдік қауымдастық тәжірибесі.
- •53.Қазақстандағы экологиялық стандарттау.
- •54.Экологиялық менеджмент жүйесі
- •55.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру тәртібі
- •56.Стандарттаудың бағыттары
- •57. Исо 9000 стандарттардың негізгі мазмұны
- •59. Стандарттаудың әдістері
- •60.Тмд елдеріндегі мемлекетаралық стандарттау
- •58. Исо ұйымдық құрылымы
4. Қр стандарттар жұмыстарын ұйымдастыру. Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттау органдары. Стандартты құрастыру тәртібі.
Қазақстан Республикасының стандарттау органдары мен қызметтеріне келесілер кіреді: стандарттау органдары мен олардың қызметтері, салалық стандарттау қызметі; стандарттау органдары мен қызметтерінің құқы мен міндеттері мен МемСТпен бекітілген, зерттеп дайындаған типті ережелермен анықталады.ҚРдағы мемлекеттік қадағалау қызметін жүргіззетін қызметкерлерге келесілер жатады:
ҚР-ның бас мемлекеттік инспекторы
Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары
Облыс бас мемлекеттік инспекторлары
Облыс бас мемлекеттік инспекорларының орынбасарлары
Мемлекеттік инспекторлар
Мемлекеттік қадағалау жүргізетін тұлғалар аттестациядан өтуі керек. Тексеруді инспекторлардың өздері немесе солармен құрған комиссия іске асырады. Мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемелері Қазақстан Республикасының келесі стандарттарында көрсетілген:
ҚРСТ 1.16-2000, ҚРСТ 1.20-2000, ҚРСТ 1.24-2004, ҚРСТ 1.25-2001
Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды қаржыландыру ҚР-ның «Стандарттау бойынша» заңымен республикалық бюджет қаржылары бойынша қаржыландырылады:
СМС уәкілдік органдарының шығындары және оның территориялық бөлімшелері;
Стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы бағдарламалар;
Өнімдерді тексеруге және сынауға алынатын үлгілері;
ҚР-ның Халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарттау бойынша ұжымдарда қатынасуы және мүшелік салымдарын беру. Онымен қатар мемлекеттік конкурс негізінде стандарттарды зерттеп дайындайтын ұжымдарды қолдайды. Барлық басқа жұмыстар келісім-шарт бойынша іске асырылады.
Қазақстан Республисының «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес елімізде мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) жұмыс атқарады. Бұл жұмысқа қабілетті етіп жасауды қамтамасыз етеді. Оған тағы да, техникалық экономикалық ақының жіктелу жүйесі, материалдар мен заттардың қасиеттері туралы білімдер, құрылыс т.б. кіреді.
Стандарттау және метрология жұмыстарының бағыттары:
Мемлекеттік қадағалау
Стандарттау және метрологиялық ережелердің орындалуын мемлекеттік қадағалаудың жоспарларын орындауды бақылау және жобалау;
Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігі мен сапаны жақсартудағы мемлекеттік бақылауды жүргізу саясатын жобалау;
Мемлекеттік бақылау бойынша аймақтық қызметін жасау;
Мемлекеттік қадағалау бойынша нормативтік және құқықтық құжаттарды дайындау;
Ішкі саудаға сапасыз тауарлардың түсуін болдырмау үшін сынақ зертханалары мен сертификаттау органының жұмысын мемлекеттік бақылауды қатаңдату.
Стандарттау
Ішкі және сыртқы саудада отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық актілер мен нормативті құжаттарды, халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру және жасап шығару;
Стандарттау саласында ортақ ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
Стандарттау бойынша мемлекеттік саясатты жобалау мен жүзеге асыру;
Мемлекеттік стандарттау жүйесіне дайындықтың негізгі бағыттарын анықтау;
Халықаралық талаптарға сәйкес етіп үйлестіріп ҚР нормативті қорын құру.
Метрология
Талапты дәлдікпен, мемлекеттік стандарттарда белгіленген ережелер, талаптар, нормалар бойынша ҚР ортақ өлшеулерді қадағалауға бағытталған метрологиялық қызметті қамтамасыздандыру;
Ортақ өлшеулерді қамтамасыздандыру;
ҚР-ғы өлшеулердің деңгейін арттыру;
Қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекіту;
Метрология саласындағы халықаралық іскерлікті дамыту.
Сертификаттау:
Стандарттау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру мен дамытуының негізгі бағыттарын анықтау;
Халықаралық нормативті құжатқа сүйене отырып стандарттаудың нормалық қорын құру;
Өнімді тұтынушылардан, дайындаушылардан, жобалаушылардан ұйымның тәуелсіздігі мен техникалық компетенциясын ресми мойындау;
Сынақ зертханаларының стандарттау органының компетенттілігін растау, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыздандыру, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Стандарт құрастыру тәртібі
Стандарттарды құрастыру тəртібі стандартты құрастыруға өтініш жинаудан басталады. Өтініште міндетті түрде нормативті құжаттың құрастырылуы негізделу керек. ҚР Мемстандарты өтініші негізінде Қазақстанның мемлекеттік жылдық жоспары қалыптасады. Одан кейінгі жұмыс, стандартты құрастыруға келісім-шарт негізінде өтініш иесімен жəне орындаушы арасында жүреді жəне келесі этаптардан тұрады: техникалық тапсырманы құрастыру (құрастыру ұйымдары), стандарт жоспарын құрастыру, ҚР Мемстандартына ақырғы нұсқаны ұсыну, стандартты жаңарту, стандарты қайта қарастыру жəне жою.
Стандарттарды өзекті ету үшін ақпарат алу мақсатында тұрақты түрде стандартты қолданатын ұйымдар мен кəсіпорындар мен байланыс жүргізеді, сонымен қатар өзгерістер енгізгенде түскен ескертулерді ескереді. Мемлекеттік стандартты маңызы қайта қарауда қолданыстағы стандарт орнына жаңа стандарт құрастырумен жүргізіледі. Егер, енгізілетін өзгертулер бұйым көрсеткішінің маңыздысын өзгертумен байланысты болса, онда қайта қарау қажеттілігі туады. Стандартты жою оны жаңаға ауырбастау жəне айырбастамау арқылы жүргізіледі. Себебі, көбінесі бұйым шығарылуының тоқтауы, немсе жаңа стандарттың шығуы. Мемлекеттік стандарттарға өзгерістер енгізіу, қайта қарау жəне жою туралы қабылданған ақырғы шешім ҚР Мемстандарт қарамағында болады.
Стандартты бекіткенде оларды енгізу мерзімі белгіленеді, яғни оның іске кірісу күні. Стандарттарды енгізу оларды енгізудегі негізгі шаралардың жоспары негізінде іске асырылады, онда ұжымды материалдық- техникалық және ұйымдастыру жағынан стандарт өз мезгілінде енгізілуін қамтамасыз ету дайындық жұмыстары қарастырылған. Мемлекеттік және салалық стандарттар бойынша жоспарды министрліктер мен ведомстволар, ал республикалық стандарттар бойынша республикалық ведомстволар жасайды. Ұжым стандарттары зерттеп дайындалған техникалық шаралар бойынша енгізіледі. Егер олардың нормалары, көрсеткіштері, талаптары оның таралу саласына сәйкес қолданылса, өнімге әкелінген стандарт енгізілді деп саналады. Егер шығарылған өнім стандарттың барлық талаптарына сай болса, мемстандарт және олардың органдары мемлекеттік және басқа өндірістерде және ауылшаруашылық ұжымдарда және т.б. стандарттың орындалуымен енгізілуіне мемлекеттік қадағалау жүргізіледі.