Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор станд.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

57. Исо 9000 стандарттардың негізгі мазмұны

Қазіргі Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым ИСО 1946 жылы 25 мемлекеттің қатысуымен құрылған. Әлемдік сапаны басқару тәжірбиесі халықаралық ИСО 9000 стандартына жинақталған, ол Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымымен (ИСО) 1987ж. наурызда қабылданған.

Осыған байланысты халықаралық сапа менеджменті жүйе ИСО стандартының 9000 сериялы стандартының «жанұясы» деп атайды.

1987 жылы Халықаралық стандарттау ұжымының 176 техникалық комитетінің оң халықаралық практикасын есепке алумен зерттелініп дайындалған ИСО 9000 сериясы стандарттары халықаралық деңгейде сапа менеджменті жүйесінің негізін жасады.ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарды АҚШ, Канада және ГФР өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптары бекітілді. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттары әмбебапты болып келеді.Өйткені, олар іс жүзінде кез келген салада қолданыла алады,ИСО 9000 ресми түрде шыққаннан кейін кең түрде алынып,барлық салада қолдана басталды.Халықаралық стандартта сапа менеджменті жүйесі жауап беруі керек және онымен қатар оларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар туралы негізгі жағдайлар мен принциптері бекітілген.Қазақстанда халықаралық стандарт ИСО 9000 мемлекеттік әдіс ретінде қабылданған және оны былайша белгілейді:ҚР СТ ИСО 9000 .

МC ИСО 9000: 2000 сәйкес сапа менеджменті – ол сапаға қолданылмалы басқаруды ұйымдастыру мен басшылыққа үйлестірілген іс-әрекеттер.

9000 сериялы ИСО стандарттары ұйымдарға сапа менеджменті жүйесін енгізуге және ұтымды қолдануға көмек ретінде (олардың түрлеріне және өлшемдеріне тәуелсіз) құрастырылған. Бұл стандарттар негізінде процесс моделі жатыр, ол қолданылатын әдістердің ең жақсысын айқындайтын және бизнесті жоғарлатуға әкелетін сапа менеджментінің сегіз принципінде құрастырылған.

ИСО 9001 стандартының әдістемелік бөлігі нормативті стандарттар талабын толықтырады, сапа төрт аспекті талаптарын орындауға бағытталған, және негізгі екпін дайын бұйым сапасына емес сәйкестікке сай келмеуді болдыртпауға жасалған.

59. Стандарттаудың әдістері

Стандарттау әдістері, ол стандарттаудың көмегімен өз мақсатына жетуге арналған амал немесе амалдар жиынтығы. Стандарттау бойынша жұмыстардың көбірек қолданылатын әдістеріне келесілер жатады:

  1. стандарт объектілерін ретке келтіру – әр түрлі әдістерді қолданып, осы әр алуан жұмыстарды мүмкіндігінше қысқарту. Бұл әдістер: жүйелеу, түрлендіру, оңтайлау, т.б.

Стандарттау объектілерін жүйелеу – стандарттау объектілерінің жиынтығын ғылыми тұрғыдан негіздеп сыныптау және ретке келтіру. Мысалы, тамақ өнімдеріне қатысты нормативтік құжаттарда және сертификаттауда мынандай кодтар қолданылады:

911304…911358 – әр түрлі қара бидай ұнынан жасалатын нан,

914000…914972 – өсімдік майлары, әр түрлі макарон бұйымдары.

Стандарттау объектілерін түрлендіру – үлгі болып саналатын объектілерді, конструкцияларды, құрылымдарды, технологиялық ережелерді, құжатды жасауға бағытталған жұмыс. Мысалы, 60-шы жылдары телевизорлардың 100-ге тарта конструкциялық шешімдері пайдаланылған. Кейіннен осындай алуан шешімдерді қысқарту мәселесі туындаған. Жүйелеу жұмысының негізінде экран диагоналіне байланысты олардың үш нұсқасы іріктеп алынған – 35,47 және 59 см.

Стандарттау объектілерін оңтайландыру кезінде оңтайлы басты параметр және басқа да сапа мен экономикалық тиімділік көрсеткіштері анықталады. Оңтайландыру арнайы экономикалық-математикалық әдістерді және оңтайландыру модельдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Оңтайландырудың мақсаты оңтайлы деңгейдегі реттеуге және мүмкіндігінше ең жоғары мөлшердегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу;

  1. параметрлік стандарттау – параметрлік қатарларды анықтау процесі. Параметрлер басты және көмекші болып бөлінеді. Басты параметр деп негізгілер ішінен іріктеліп алынған, бұйымды жан-жақты толық сипаттайтын, ұзақ уақыт өзгермейтін, ал өзгерсе тек қана өте құнды бұйымдар пайда болғанда ғана өзгеретін параметрді айтады. Стандартталатын параметрлер саны мүмкіндігінше аз, бірақ та бұйымды толық сипаттайтын болуы керек. Көмекші көрсеткіштер әр түрлі жиі болып тұратын өзгерістерге байланысты болғандықтан олар да жиі өзгеріп тұрады. Осы себепті олар стандарттарда келтірілмейді ;

  2. унификатталған (өнімді сәйкестендіру) – функционалды қолдану жағдайлары бірдей бөлшектер мен агрегаттар түрлерін ұтымды қысқарту;

  3. агрегатирлеу – машиналарды, приборларды, құрал-жабдықтарды, әр түрлі бұйымдарды геометриялық және функционалдық өзара алмастыру үшін қолданылатын жекелеген стандартталған және сәйкестендірілген түзілімдерден құрастыру әдісі;

  4. алдын ала стандарттау;

  5. құрастырма стандарттау. Белгіленген мәселені оңтайлы шешу үшін кешенді стандарттауда өзара үйлестірілген талаптар тек қана оның объектісіне ғана емес, сондай-ақ осы объектінің әрбір элементтеріне мақсатты және жоспарлы түрде тағайындалады және қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]