Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор станд.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

54.Экологиялық менеджмент жүйесі

Экологиялық менеджмент жүйесі қоршаған ортаның үздіксіз жақсаруын қарастырады,сондықтан осы мəселемен айналысатын компания алдында үнемі үш негізгі сұрақ болады, бұл сұрақтар жауабы сарапталады. Батыс Европа елдерінің ішінде экологиялық менеджмент аумағында Германия көш басында, онда мыңдаған компаниялар ИСО14000 стандартын енгізіп жəне жүйені сертификаттады.Əлемдік масштабта бұл стандартты енгізу бойынша фирма санынан Жапония бірінші орында (1000 компаниядан астам). АҚШ НССР (Hazard and Critical Control Points) жүйесі құрастырылған жəне кеңінен таралаған. Бұл жүйенің негізгі идеясы – пайдалану қауіпсіздігі қатынасында экологиялық менеджментте қауіпті нүктелерді анықтау жəне қатерлерді сараптау.Қазақстанда ИСО 14000 сериясы мемлекеттік мұқаба əдісі ретінде қабылданған. Қазақстандық ҚРСТ/ИСО 14000 экологиялық менджмент бойынша халықаралық стандарттың аутентивті мəтіні, бірақ шамалы өзгерістер енгізілген.

55.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру тәртібі

Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды қаржыландыру ҚР Техникалық реттеу туралы Заңымен іске асырылады. Бұл заңда стандарттау бойынша іс әрекеттердің қай бағыттары мемлекет жағынан қаржыландырылады және олардың қаржыландыру көздері келтірілген. Мемлекет бюджетінен келесілер қаржыландырылады:

  • Стандарттау, метрология және сертификаттау мен аккредиттеу саласындағы бағдарламалар;

  • өнімнің сынау үлгілері мен сынамаларын таңдау және оларды сынау;

  • ҚР мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық стандарттау бойынша ұжымдарына қатысу мүшелік жарнамасы;

Стандарттау бойынша жұмыстардың басқа түрлері келісім бойынша іске асырылады. Стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлары мемлекеттік органдар, стандарттау бойынша техникалық комитеттер, ҚР жеке жəне заңды тұлғалардың ұсынысы негізінде белгіленген тəртіпте уəкілетті органмен бекітіледі.

56.Стандарттаудың бағыттары

Қазір стандарттау келесі негізгі бағыт бойынша дамып отыр: дəстүрлік; білімдік, медициналық, əлеуметтік.

Стандарттау және метрология жұмыстарының бағыттары:

  • Стандарттау және метрологиялық ережелердің орындалуын мемлекеттік қадағалаудың жоспарларын орындауды бақылау және жобалау;

  • Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігі мен сапаны жақсартудағы мемлекеттік бақылауды жүргізу саясатын жобалау;

  • Мемлекеттік бақылау бойынша аймақтық қызметін жасау;

  • Мемлекеттік қадағалау бойынша нормативтік және құқықтық құжаттарды дайындау;

  • Ішкі саудаға сапасыз тауарлардың түсуін болдырмау үшін сынақ зертханалары мен сертификаттау органының жұмысын мемлекеттік бақылауды қатаңдату.

Стандарттау

  • Ішкі және сыртқы саудаға отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық актілер мен нормативті құжаттарды, халықаралық нормалармен және талаплармен үйлестіру және жасап шығару;

  • Стандарттау саласында ортақ ғылыми техникалық саясат жүргізу;

  • Стандарттау бойынша мемлекеттік саясатты жобалау мен жүзеге асыру;

  • Мемлекеттік стандарттау жүйесіне дайындықтың негізгі бағыттарын анықтау;

  • Халықаралық талаптарға сәйкес етіп үйлестіріп ҚР нормативті қорын құру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]