Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор станд.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

2.Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттаудың негізгі принциптері.

Стандарттау принциптері:

  • Ынтымақтығы;

  • Ашықтылығы;

  • Еріктілігі;

  • Экономикалық тиімділігі;

  • Стандарттау саласындағы отандық және шет мемлекеттер өндірушілеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;

  • Өнімге өзара ауыстырымдылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ынталандыратын стандарттарды құрастыру;

  • Стандарттау ережелерінің жазылуы жеткілікті түсінікті болуы.

Стандартаудың мәні мен мазмұны:

  • Техникалық прогресі жеделдету;

  • Өндіріс пен еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру;

  • Инженерлік басқару;

  • Өнім сапасын жақсарту;

  • Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;

  • Еңбек және материялдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткішін жақсарту;

  • Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету;

  • Ғылым мен техниканың маңызды салаларында бірдей белгілеулер мен терминдер енгізу,

  • Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесін, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы стандарттар жүйесін бекіту,т.б.

3. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі стандарттары.(мсж)

ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі(МСЖ) енгізілген, ол стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжірибелік негіздерін анықтайды.

Негізгі мақсаттары:

  • Техникалық процестерді жеделдету, қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылату, еңбек өнімділігін жоғарылату.

  • Сапаны жақсартып оптималды дәрежеде қамтамасыз ету.

  • Өнім жобалау мен өндірудегі мамандандыруды жоғарылатып жағдай жасау;

  • Өнімге қойылытын талаптардың ел қауіпсіздігімен үйлесуін қамтамасыз ету;

  • Жоғары сапалы тауарды экспорттау аясын кеңейтуді қамтамасыз ету;

  • Өндіріс қорын рационалды қолданып, ресурстарды үнемдеу;

  • Халықаралық бірлестікті дамыту;

  • Денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету.

Бұл мақсатқа жету үшін стандарттауға келесі міндеттер қойылылады.

  • Материалдарды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, т.б. кешенді стандарттау арқылы дайын өнімнің сапа көрсеткіштеріне талаптар бекіту.

  • Жобалау, өндіру, қолдану сатысында қазіргі уақытқа сай сапалы өнім алу үшін стандарттар жүйесін енгізу.

  • Өнім сапа көрсеткішінің, бақылау мен сынаудың ортақ жүйесін анықтау және қолдануына сәйкес бұйымдардың сенімділік деңгейін қамтамасыз ету.

  • Өнімнің жобалау мен өндіру сатысында оның сапасын оптималдау үшін және көптүрлі болмау үшін нормалар мен талаптарды орнату.

  • Унификациялауды дамыту.

  • Өлшеу сенімділігі мен ортақтығын қамтамасыз ету.

  • Ортақ құжаттама жүйесін орнату.

  • Ең негізгі ғылым мен техниканың салаларында ортақ терминдер мен белгілеулер енгізу.

  • Еңбек қауіпсіздік жүйесін орнату.

  • Табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды қолдануды жақсартатын стандарттау жүйесін енгізу.

Стандарттау жүйесі әрдайым ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық іс-шаралар нәтижесіне жетіліп отырады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің максималды деңгейі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, бәсекеге қабілеттілікті дамытуға үлес тигізіп, ел азаматтарының қызығушылығын қорғап, саудаға сапасыз шетелдік тауарлардың енуіне жол бермеуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]